Министрліктің атын пайдаланған орталықт...

2017-01-20 09:25:49

    Бүгіндері білім саласын биз­нес көзіне теңейтіндер көп. Әсте олай болмауы керек. Себебі білім әу...

100-ДЕН АСА МАМАНДЫҚ ҚЫСҚАРДЫ кәсіптік с...

2018-08-23 12:45:07

       "Жастарды техникалық біліммен қамту төмен деңгейде. Жұмысшы мамандығына баратын жастард...

13 мың шетелдік білім алып жүр...

2018-01-11 03:46:07

   Қазақ жастары құрлық асып, шетел көріп жатса, отандық білімге бет бұрған шетелдік студенттер де а...

123
Желт 05, 2018 583

ІТ НАРЫҚ, ТЫҢ ИДЕЯҒА АСЫҚ

ІТ нарық жаңа сұранысты қажет етеді. Бұл идеясы бар, алабөтен ойлайтын жастарға үлкен…
Желт 05, 2018 462

Болашаққа нық қадам

Елбасының соңғы жарияланған "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы осыған дейінгі…
Желт 05, 2018 245

МИФ – МӘРЕДЕ БІРІНШІ

Жарнама - тауарды сатудың төте жо­лы. Бағасы мен дизайны көз арбайды. Сауда…
Қар 28, 2018 1002

БАТЫСТАН КЕЛДІ, ҚАЗАҚҚА ЕНДІ бизнес-тренингтердің берері бар ма?

Ақша табудың сан тарап жолы бар. Бірақ нарық дегелі ақыл-ой, дәулетті адамдардың өмі­рін…

Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Қоғам

Қоғам (159)

   

   Тамыз тойдың айы деген рас екен. Әулетімізге келін түсіп, ойда-жоқта жеңгелі болдым. Жең­гелі болу оңай ма, тойда жарқырап жүруің керек. Оның үстіне киімге ұсынақты қарай­тыным тағы бар, әйтеуір елден ерекшелену үшін тойға арналған киімді ағамнан бұрын өзім із­дедім. Жағалай орналасқан дү­кендерге мойын бұрмай, тура ба­зарға тарттым. Іздегенім алдым­нан шығып, өзіме ұнаған кос­тюмді алған бетім сол еді, ке­ре­мет былғары туфли көзіме түсіп, саудаласа жөнелдім. Көңілге қонымды болған заттың бағасына да қарамайтынымыз бар емес пе? Сөз жоқ, маған арналып тігіл­гендей алыстан менмұндалап тұрған туфлиді меншіктеп алып кеттім.

   Жарқырап, шырттай болып киінген мен той думанның "гүлі" болмасам да, елден ерекше еке­німді растағандар көп болды. Құд­ды бір өзім үйленіп жат­қандай әсерде жүрдім. Сонымен, үш айға созылған дайындық үш күнде өте шықты. Өмір деген қызық қой. Тойдың ертесіне тәтті шайға қайырылмай, жолдас­тар­мен жеңгелі болғанымды атап өт­пек болып асығыс шыққан бетте туфлиім орта жолға жетпей опы­рылып, тігісі сөгіліп қалды. Кеше ғана алған аяқ киімнің бұлай тез жыртылғанына іштей қынжыл­дым. Амал жоқ, жаңасын алуға ақша қимай, тіктіруді дұрыс деп таптым.

    Базар маңына жағалай жай­ғасқан етікшілердің біріне табан тіредім. Жөн сұраса келе, аяқ-киімді ұстатып, жанына отыр­дым. Үнсіз отыра алмайтын әде­тім ұстап, етікшіні сөзге тарттым. Тойдағы қызықты тәтпіштеп түсіндіре бергенім сол еді, етікші әзілдеп "барлық жағдайыңды ай­тып, арзанға істетіп алайын деп тұрсың ба?" деп миығынан күлді. Қарап отырғанша, ағамның бұл кәсіпке қалай келіп, етік тігуге не түрткі болғанын білгім келді. Сөйтсем, ағам да әңгіменің ма­йын тамызады екен. Етікшінің есімі Сақыт­жан.

Бейсенбі, 23 Тамыз 2018 12:17

Ата тегін өзгерту «зұлымдық»

| Автор: 

   

   Дін төңірегінде шимайланып жатқан сұрақтар көп. Соның бірі жас жұбайлардың ата-тегін ауыстырып, өзгертіп тастауы. Одан да бөлек тағдыр тауқыметін тартып, жастайынан жетім қалып, бәзбіреудің өгей баласы болғанда жетімдер тегін ауыстырып жатады. Ел аузында жүрген әңгіме мен аңыз толассыз. Бірақ бұл үрдістің бастауы ислам дінінде жатыр. Соған сай бұл сауалдың жауабын да діннің ақидасынан іздеп көрдік.

    Жалпы, ата тегі - адамның кім екенін көрсететін, адамның түп-тамырының негізгі нышаны. Ол адамның әкесі, ата-бабасы, руы, керек десеңіз, ұлтының кім екенін баяндайтын жеке тұлғаның өз бренді. "Себепсізден себепсіз фамилиясын өзгерту дұрыс емес. Себебі, Алла Тағала Құран Кәрімде: (Оларды әкелерімен шақырыңдар), - деген. Алайда, фамилияңызда әкеңіздің аты болса, оны атаңыз­дың, арғы атаңыздың немесе әкеңіздің әуелгі аты ұмы­тылып, танымал болып кеткен кейінгі аттарына ауыстыр­саңыз болады. Себебі пенде әкесіне де, әкесінің әкесіне де, арғы аталарына да бірдей ұрпақ болып саналады. Бірақ, бір әулеттің жемісін өзгеге бұрып жіберу зұлымдық болады. Сондықтан тегін өзгертпеген дұрыс", - дейді muslim.kz сайтының діни сарапшысы Айбек Әбдіқадыр.

Бейсенбі, 23 Тамыз 2018 12:03

МАХАББАТ СЫЙЛАҒАН ШАПАҒАТ

| Автор: 

   

   Махаббат - адам баласының жан дүниесіндегі ең ұлы сезім. Оны суреттеу де сөзбен айтып жеткізу де мүмкін емес. "Махаббатсыз өмір бос" деп Абай ақын айтқандай, махаббатқа мас болып, соның жолында барлығына дайын тұратындар бар. Өйт­кені ол табиғаттың заңдылығы. Ал, оған қарсы жүру үлкен қате­лік. Осы жолда "мен өлмеймін" дегендер құрбан болып, "мен сүймеймін" дегендер өздерінің қалай құлай сүйіп қалғанын түсінбей де қалуы мүмкін. Бұл махаббаттың құдыреттілігі емес пе!? Айтпағымыз махаббат үшін құрбан бол­­ғандар немесе зардап шеккендер жөнінде емес, керісінше махаббат жолында өзінің өмірлік бақытын кездестіріп, ерекше отбасына айналған кейіпкерлер жайында болмақ.

   Қазір тұрмыс құрып жатқан жастардың қатары көп, соның ішінде ерекшеленіп, мектепте бір сыныпта оқып, бір партада отырған жастардың, үй арасында үй жоқ көршілердің, жұмыста бірге істейтін әріптестердің өз теңдерін жақын жерден кездестіріп, шаңырақ көтергені бөлек әңгіме. Мұндай айрықша отбасылар саны Қазақстанда өте көп, соның ішінде біздің Қызылордада еке­нін көпшілік біле бермейді және біз оларды кездестіріп те үлгер­дік. Өздерінің ішкі сезімдерін бір-біріне жеткізіп, түсінісе білген бұл отбасылардың бірін-бірі қалай кездестіргені жайында бастан өткізген оқиғалары сізге де, бізге де қызық. Сон­дық­тан олардың сезім әлеміндегі сырлы естеліктерін білмекке ұмтылдық.

   

    Біз, әсіресе, қыз-келіншектер қауымы үй ішінің жып-жинақы, сәнді әрі әдемі болғанын қалай­мыз. Сұлулыққа құмар әрбір әйел өзінше бір әлем емес пе? Сон­дықтан да өзіндік талғамы мен тү­сінігі бар нәзік жандылар отба­сының жайлылығы үшін бәрін жасауға даяр тұрады. Ол міндетті түрде соңғы үлгідегі жиһазды жинап, көздің жауын алатын дү­ниемен қуантуды мақсат етпейді. Керісінше, жаныңды жайлан­дыратын, жүзіне күлкі ұялатып, жайдары ететін тірі табиғаттың бір бөлшегін бөлмеге орналас­тырғанды құп көреді. Ал, сіз бөл­ме гүлдерін ұнатасыз ба? Жай­қа­лып өсуі үшін гүлге қандай күтім көрсетіп жүрсіз? Ең қызығы, бөл­ме гүлдерінің де құпиясы болады екен. Олай болса, сіздер үшін сұлу гүлдердің сырын ашып, нақты тоқталғанды жөн көрдік.

   Әдетте, бөлме гүлдерін отыр­ғы­зып, оны баптау жай ғана хоббидің бір түрі. Десе де, үйдегі гүлдің ерекшелігіне мән беріп, тарихына үңілетін сәттердің сирек болатыны өтірік емес. Бар білетініміз, "әйел бақыты", "от­ба­сы бақыты", кактус және көп арасында "ақша шақыратын гүл" деген жалпылама атауға ие болғандарын ғана. Ал, сіз бен біз білмейтін гүл атауы қаншама десеңші!?

   Хлорофитум. Бұл - ең пай­далы бөлме гүлдерінің бірі. Бұл гүлдің 215-ке жуық түрі бар. Бір қызығы, жапырақтары қияр тә­різдес, гүлдері ұсақ, төрт күлтелі және ақ түсті болады. Жапы­рақтары уытты заттарды жұтып, ауаны тазартады. Өз қалауыңыз бо­йынша кез келген жерге қо­йып, үй ішін әдемі қылуыңызға бола­ды. Алайда, мамандар гүлдің ас үй мен жатын бөлмеге қойыл­ғанын жөн санайды. Десе де ерік өзіңізде. Ең бастысы, гүлге қарап көңіл-күйіңіз көтерілсе болғаны.

   

    Ал, сіз піл құлағын білесіз бе? Білсеңіз, піл құлағының әдемі­лі­гіне зер салып көрген де болар­сыздар. Байқадыңыз ба? Піл құ­ла­ғының әдемілігі жалпақ жапырақ­тарында екендігін. Жапырағының көлемді болуына байланысты "піл құлағы" деп аталады. Сондай ақ, бұл гүлдің ерекшелігі жаңбыр жа­уар алдында гүлдің жапырағынан тамшы тамады екен. Осы қасие­тіне орай көпшілік бұл гүлді "жы­лауық" деп атайды, керек десеңіз "ауа райын болжағыш" деген атауы бар. Ғалымдардың зерттеуіне зер салсақ, гүлдің жөтел, мастопатия, ревматизм, денедегі түрлі жараға, сондай-ақ аллергия, қабыну мен ісікке, асқазан ауруларына қарсы ем екендігін дәлелдеген. Сон­дық­тан да емдік қасиеті бар гүлді үй жағдайында отырғызуға кеңес береміз.

    Ақша шақыратын гүл барлық үйде бар шығар. Ырымшыл халық болғаннан соң міндетті түрде гүл­дің терезе алдында жайқалып тұ­руы заңдылық емес пе? Оның не­гізгі атауы - жасаңшөп екен. Ақша оңайлықпен келмейтіндігіне гүл­дің өзі дәлел сияқты. Неге десеңіз, жапырақтары ерекше күтімді қажет етеді. Жапырақ мейлінше үлкен болса "мол қаржы алып ке­леді" деген сөз. Ал, керісінше бол­са ұсақталып жан-жақтан қаржыға кенелуіңізде мүмкін. Әрі қарай қалай күтім көрсету өз қала­уы­ңызда. Ақша гүлінің күтімінде өзін­дік құпия бар. Оған күнде тиын салып тұру керек. Содан соң "балықты қалай су қызықтырса, ақша менің гүлімді де солай қы­зықтырады" деп айтқаныңыз жөн. Жасаңшөп жай талғамайды, сон­дықтан да кез келген бөлмеге орна­ластырып, үйдің сәнін келтіруге ыңғайлауға болады. Ең бастысы, отбасыңыз берекелі болсын.

    Өсімдіктің өз қожайынын қыз­ғанғанын естідіңіз бе? Шыны ке­рек, қызғаншақ гүлдердің барын естігенде өз басым таңғалдым. Солардың бірі - фикус гүлі. Бөлме гүлінің сұлулығына тамсанып жүрген біздер, әдетте фикусты "отбасы бақыты" деген атаумен ғана білетін едік. Енді фикустың біз білмейтін қасиетін ағылшын ғалымдары анықтаған екен. Ағыл­шын физиологы С.Мейсон­ның бөл­месінде көп жылдар бойы фи­кус өсіп тұрған екен. Ғалым үй­лен­геннен кейін оның әйелі күннен күнге әлсіреп, сырқаттанып қа­ла­ды. Ал, жерік болған кезде бере­кесі қашып, тіпті, дәрігерлердің қандай ем қолданғанына қара­мас­тан түсік тастаған көрінеді. Кенет ғалым бөлмесіндегі фикус гүлін баққа апарып қояды. Көп ұзамай әйелі құлан таза айығып, қайтадан бала көтеріп, дені сау ұрпақты дүниеге әкелді. Олай болуының себебі, фикус өз қожайынын әйе­лінен қызғанып, химиялық қоспа заттар бөле бастаған. Міне, бұл оқиға арқылы гүлдің сырын ашып, жаңа ақпаратпен толықты. Сон­дық­тан да фикус гүліне жатын бөлмеден басқа ыңғайлы орынды таңдағанымыз абзал.

    Барлық гүлді қызғаншақ және кері әсерін тигізеді деп ойлаудан аулақ болуымыз керек. Фикус - қожайынын қызғанса, фиалка - өз егесін жақсы көреді екен. Тіпті, бас­қа жаққа сапарға кетсе, сағы­натын көрінеді. Ал, қазтамақ гүлі бірінші суармаса, кәдімгідей рен­жіп қалатын көрінеді. Ал, ренішін көпке дейін гүл ашпай тұруынан байқауға болады. Қыз-келіншек­тер үшін қазтамақ ең жағымды гүл ретінде есептеледі. Мүмкін, гүл­дің көз тартар сұлулығы, әдемі иісі адам баласын өзіне тартып тұра­тындығында болар. Бәлкім, қыз­дар қауымы мен қазтамақ гүлінің бір-біріне ұқсайтын "ренжігіш" қасиеттерінің байланысуында шығар. Сондықтан да гүлге де, қызға да көңіл бөлуді ұмытпаға­ны­мыз дұрыс-ақ.

   Жалтылдақ эхмея - адам бо­йындағы мақтаншақтық пен жа­ғым­паздық қасиетке төзе бер­мейді. Жүйке жүйесін тыныш­тан­дырады, десе де жатын бөлмеге қой­мағыныңыз жөн. Себебі, жал­тылдақ эхмея ұйқысыздыққа се­бепші болады. Сондықтан да гүлді кеңсеге немесе қонақ бөлме­ген орналастырмағаныңыз тиімді сияқты.

    Гүлдер де ақылды, үй иесіне жанашыр әрі қамқор. Олар да жағымсыз жаңалықты жек көреді. Бұлай деуіме себеп бар, мәселен жалтыр сүттіген гүлі өз иесінің кө­ңілді жүргенін қалайды. Сон­дай-ақ нәзік жандылардың ең сүйікті өсімдігі. Қожайынға деген жана­шырлығы сонша, жағымсыз жаңа­лық­пен келген қонақты бірден се­зіп, бойындағы кері энергияны өзіне тартып алады. Осылайша өсім­дік өз иесін қуантатын көрінеді.

     Гүлді баптау, оны өсіріп, оған күтім жасау кез келген жанның қолынан келе бермейді. Ол үшін гүлмен сырласып, айрықша күтім көрсетіліп отырылуы керек екенін ескертеміз.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

   

   Қазіргі таңда табиғи таза өнім сұ­раныстан түспей тұр. Адамдардың барлығы ауылда ғұмыр кешпегендіктен ет өнімдері мен дән­ді-дақылдарды сатып алып тұтынуға мәжбүр. Оның үстіне, әрбір алған тағамының татымды, құнарлы болғанын халық қалап тұрады. Бұнан бөлек, тауардың қолже­тімділігі мен сапалы болуы да маңызды. Сол себепті де Қызылорда облысының ауыл шаруашылық саласындағы мамандар осы бағытта бел шеше жұмысқа кіріскен.

   Ресми мәліметтер бойынша, агроөнеркәсіп кешенінің негізгі капиталына 11 млрд. теңге инвес­тиция тартылған. Бұл туралы облыс әкімі Қ.Көшербаев халыққа есеп беру кездесуінде айтқан болатын.

   - Осы уақытқа дейін ресми мәліметтер бойынша, агроөнер­кәсіп кешенінің негізгі капиталына 11 млрд. теңге инвестиция тар­тылған. Яғни, соңғы 5 жылда осы салаға құйылған инвестиция көлемі 23 есеге артты. Бұл біздің ауылшаруашылығы өнімін өнді­ру­­шілеріміздің қаржылық мүм­кін­діктерін, олардың дамыған­ды­ғын көрсетеді. Нәтижесінде бір­­неше жыл қатарынан ауыл шаруашылығы өндірісінің өсіміне қол жеткізіп отырмыз. 2017 жыл­ға қарағанда бұл 4,1 пайызға ар­тық көрсеткіш,- деді аймақ әкімі.


     Сөз жоқ, кино десе алып ұшып, дос­тармен жинала қалып, кино­театрға  асығатын жастардың қатары көп. Мұндайда қызыққа толы кино ұсы­нып, жарнама арқылы жастарды өзіне тартып тұратын кинотеатр­лардың қызметі жан­данады. Кино­ленталарды алдын ала біліп, трейлерге көз салып келетін жастардың дені әсіресе, жасөспірімдер киноға ата-анасымен немесе достарымен барған­ды жаны қаласа, енді біреулері жұп­тасып барғанды дұрыс көреді.

    Кино көргенді көп жұрт ұната берге­німен, оның тарихына келгенде орта жолда ойланып қалады. Біреу білер, біреу білмес, кино дегенді гректер "жылжытамын", "жылжимын" деп аударыпты. Яғни, "алға қарай жылжу", "прогресске ұмтылу" деген ма­ғына үстейді. Кинодраматург, ре­жис­сер, актер, оператор, суретші, композитор, продюсер, каскадер, менеджердің топта­суымен жарыққа шығатын кинотуын­дылар оқырман­ның жан сарайын кеңей­тіп, идея ұсы­нады. Әлбетте, жанрмен жіліктесек, күлдіре отырып, жылата білетін кино­лар да көптің сұранысынан түскен емес. Дегенмен, жанр жайында сәл кейінірек тоқталамыз.

Бейсенбі, 16 Тамыз 2018 06:23

ҚҰРБАН АЙТ - ҚАСИЕТТІ МЕРЕКЕ

| Автор: 

     

     Мәртебесі мәрт, бәсі биік діни мереке болып саналатын Құрбан айт - барша мұсылманның ұлық мейрамы. Құрбан айт мерекесі тамыз айының 21-і күніне сәйкес келіп отыр. Сонымен қатар, Арапа күні 20 тамызға сәйкес келеді. Арапа - қажылар Арафа жотасында тәңірге сыйынатын күн. Қажылыққа бармаған жамағат үшін арапа күні ауыз бекіту - мұстахаб (жағымды) амал болып са­на­лады. "Арапа күнінің оразасы өткен және келер жылдардың күнәларына кәфәрат, яғни кешірім болады" делінген. Бұл күні жағдайы бар, әрі жолаушы емес мұсыл­манға құрбандық шалу - уәжіп, мұсыл­ман­дық міндет. Құрбан араб тілінен аударғанда "жақындау" дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаһқа жақындай түсу. Біле жүрейік, Құрбан айттың алғашқы үш күнінде шалынатын мал "ұдһия" деп ата­лады. Жалпы құрбандық шалудың мәні­сінің кеңдігін ұғыну үшін дінді жетік түсініп, құлшылықтың не үшін жаса­латынын жақсы білген дұрыс.

    "Құрбандыққа қандай мал шалуға болады?" деген сауал осы күні жиі айты­ла­ды. Кез келген мал құрбандыққа жарай қоймайды. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр, түйе секілді түліктер жарамды. Аталған құрбандыққа шалуға болатын малдардың ұрғашылары да құрбандыққа жарамды. Құрбандыққа шалатын қой мен ешкі ең кемі бір жастағы болуы қажет. Алайда, ал­ты айлық қозы, бір жасар қой секілді ірі қоңды болса, құрбандыққа жарай береді. Ал, ешкі міндетті түрде бір жасқа толған бо­луы қажет. Содан соң, сиыр екі жасқа, тү­йе бес жасқа толғанда ғана құрбан­дық­қа шалуға болатынын имамдар тілге тиек етеді.

   

    Дін дегенде дүйім елдің есіне бірден соғыспен таң атырған ислам елдері, жат ағымның же­те­гіндегі жастар түсетіні рас. Әуелден адалдық пен татулықты ту еткен, береке мен бірлікті насихаттайтын діндердің атын бүркеншік етіп, қой терісін жамылған қасқырлар ел арасына іріткі салуды мақсат еткен. Тәуелсіздікке қол жеткізген тұстан бері ислам дінінің көрмегені жоқ шығар. Кеңестік кезеңнен құтылып, еркіндікте "ешкімнен сескенбей намаз оқимыз" деп үміттенген халық арамза адамдар мен дүмше молдалар­ға еріп, сан соғып қалғаны жасырын емес. Жол көрсетіп, жөн сілтейтін діни сауаты жоғары адамдардың болмауы салдарынан қазақ жастарының шетел асып кеткені де көпті бір алаңдатып тастап еді. Одан қалды халық арасында да жат ағымның мұз үстіндегі қызыл судай тез жайылып кетуі билікті бей-жай қалдырмады. Бұл нақты әрі тез саяси шешімдер қабылдауға ықпал етті. Қазақстан зайырлы мемлекет болғанымен барлық діндердің құқық таразысын тең ұстап, ұлт­аралық татулық діңгегін нық бекітіп қалуға күш жұмсады. Өте кірпияз, қылдан жіңішке дін сала­сы қылыштың жүзінде тұрған қысылтаяң кезде жа­рыққа қарай жол бастайтын тың ойлар қа­жеттілігі айқын сезілді. Содан бастап Қазақстанда дін орталықта­ры құрылып, аталған саладағы кикілжіңдерді, ол­қылықтар мен түйткілді мәселелерді ретке келтіретін арнайы мамандар даярлана бас­тады.

  Кез келген сұраққа нақты жауап беру жан-жақ­ты зерттеуді қажет етеді. Бұл ретте дін мәселелерін зерттеу орталықтарының алар орны ерекше. Соның ішінде "Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу ор­талығы" КММ-нің негізгі мақсатына үңіліп көрдік. Сол арқылы қазіргі таңдағы өзекті деген дін мәселесінде тиісті сауалдарға жауап іздедік. Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Бақытжан Камалов сөзімізге тұздық ретінде пікір білдірді.

 

Сәрсенбі, 20 Маусым 2018 10:54

САЯСАТ САХНАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК

| Автор: 

   

    Аузын айға білеген, атағы жер жарған әлем елдерімен терезе түйістіру сыртқы саясаттағы ең маңызды қадам. Қазақстан бұл ретте жаһанның жуан елдерімен байланыстың барысын бекемдеп, түрлі салаларда ынтамақтастық орнатып келеді. Әлемдік геосаяси тұрақсыздық пен дүниежүзілік дүрбелеңдерде салмақты саясат ұстану, ғаламдық мәселелерге үн қату, экономикалық шешімдерді қабылдауда дұрыс саясат ұстану Президенттің саясат сахнасындағы беделі мен тәжірибесіне аса байланысты. Бұл ретте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ширек ғасыр ішінде азуы алты қарыс мемлекеттермен иық теңестіріп, екеуара алыс-беріс, барыс-келісте орнықты ынтымақтастықтың жолын жалғауда. Ал, биылғы сырт елге жасалған мемлекеттік сапарлардың орны бөлек, салмағы ерен. Осы себепті жыл басынан басталған сапарлар мен Елбасының сыртқы саясаттағы табыстарын тізбелеп көрдік.

   Алдымен, мына мәселенің мә­нін ашып алайық. Сыртқы сая­сат­­тағы сапарлардың бірнеше түрлері бар. Мемлекеттік, ресми, жұ­мыс сапар, бейресми. Мемлекеттік сапар әдетте үлкен бағдарламаға негізделеді, оған тек Мемлекет басшысы қатысады. Ал, рес­­ми сапар арнайы мәселелерге не­гізделген екіжақты  сапар. Соң­ғысы бейресми сапар - еркін диа­лог­тық алаңға негізделген екі­жақ­ты тараптың сапарлары. Демек, мемлекеттік сапар ең ірі әрі ел үшін маңызды сапар саналады.

   Қызылорда қалалық аппаратында апта сайын жиналыс. Себебі атқарылатын, айтылатын, жасалынатын шаруалар жетерлік. Оның бәріне қадағалау жасап отыру да бір жұмыс. Әр аптада істелінген іс пен тындырылған шаруа да үнсіз жабылып қалмай, есебі тыңдалады. Мәселелер де көтеріледі.

   Қала әкімі Н.Нәлібаевтың төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте екі мәселе қозғалды. Біріншісі Қарауылтөбе ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылған шаралар, екінші қаузалған мәселе жаз маусымында тұрғындардың суға шомылу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен олардың алдын алу.

Қарауылтөбеде қарқынды істер бар

    Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі Е.Рахматуллаев өз баяндамасын оқу барысында биікке қарай, өсу жолына, даму бағытына түскен ауылы жайлы жағымды жаңалықтарымен қуанта білді. Қала әкі­мі­нен алғыс та естіп, өзге ауыл­дарға қарағанда ілгерілік бар екенін сөзбен емес, іспен көрсетті.

   Ауылдың жалпы ахуалы жақ­сы. Статистикалық есеп­тік көрсеткіш бойынша ауылда 2141 адам тұрады. Өткен жылдармен салыстырғанда ха­лық санында 2 пайыздық өсім тіркелген екен. Жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жыл басынан бері 29 нәресте дүниеге келген.

    Ауылдың білімінде де бір­ша­ма өсу бар. Ауылдық округте орналасқан №179 орта мектепте 385 оқушы білім алуда. Биылғы оқу жылында мектеп бітіретін 13 түлектің 9-ы ұлт­тық бірыңғай тестке қатысады, 1 оқушы "Алтын белгіге" үміт­кер. Ал, мектеп жанындағы шағын орталықта 40 бүлдіршін тәрбиеленуде. Бі­лім­ге құштар жастардың бос уа­қытын тиімді ұйымдастыру, оларды өнерге баулу мақсатында ауылдық клуб жанынан құрылған, құрамында 62 өнерпазы бар 5 үйірме тұрақты жұ­мыс жасайды.

   Бірлігі мен тірлігі жарас­қан ауылда қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Ауылдық округ орталығында 200 орындық типтік жобада салынған ме­шіт орналасқан. Мешіт жама­ға­тының ұйымдастыруымен. 2018 жылдың сәуір айында ді­ни экстремисттік, террористік және кері ағымдар мен секталардың алдын алу мақсатында округ жастарының қатысуымен орталық мешіт имамдарымен кездесулер өткізіліп тұ­рады. Шара барысында Қазақстандағы дін саясаты, дәстүрлі дін туралы түсініктеме беріп, өзге де діни секталар туралы, олардың ықпалына түспеу және олардың қо­ғам­ның дамуына келтіретін зияны туралы түсіндірме шаралары ауылда тұрақты өткі­зі­летін көрінеді. Бұл діни сауаттылығы жоғары балалар тәр­биелеуде өзінің оң әсерін тигізері сөзсіз.

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C