Министрліктің атын пайдаланған орталықт...

2017-01-20 09:25:49

    Бүгіндері білім саласын биз­нес көзіне теңейтіндер көп. Әсте олай болмауы керек. Себебі білім әу...

100-ДЕН АСА МАМАНДЫҚ ҚЫСҚАРДЫ кәсіптік с...

2018-08-23 12:45:07

       "Жастарды техникалық біліммен қамту төмен деңгейде. Жұмысшы мамандығына баратын жастард...

13 мың шетелдік білім алып жүр...

2018-01-11 03:46:07

   Қазақ жастары құрлық асып, шетел көріп жатса, отандық білімге бет бұрған шетелдік студенттер де а...

123
Желт 05, 2018 583

ІТ НАРЫҚ, ТЫҢ ИДЕЯҒА АСЫҚ

ІТ нарық жаңа сұранысты қажет етеді. Бұл идеясы бар, алабөтен ойлайтын жастарға үлкен…
Желт 05, 2018 461

Болашаққа нық қадам

Елбасының соңғы жарияланған "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы осыған дейінгі…
Желт 05, 2018 244

МИФ – МӘРЕДЕ БІРІНШІ

Жарнама - тауарды сатудың төте жо­лы. Бағасы мен дизайны көз арбайды. Сауда…
Қар 28, 2018 1002

БАТЫСТАН КЕЛДІ, ҚАЗАҚҚА ЕНДІ бизнес-тренингтердің берері бар ма?

Ақша табудың сан тарап жолы бар. Бірақ нарық дегелі ақыл-ой, дәулетті адамдардың өмі­рін…

Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Қоғам

Қоғам (159)

Бейсенбі, 10 Мамыр 2018 04:00

Жанданған парк – жайдары халық

| Автор: 

   

    Өндірісі өркендеп, экономикасы дамып, сәулеті мен архитектурасы алыстан менмұндалап тұрған Қызылорда шаһары соңғы кездері көптің көз тартар мекеніне айналды. Ал, кешкілік се­р­уен құратын жастарға жанына жайлылық сыйлайтын мәдени демалыс орындары да қайта түр­леніп, халыққа қызмет етуде. Мамырдың мамыражай күнінде қала халқы қайта жанданған демалыс паркінде бірлік тойын кеңінен атап өтті. Ынтымақ күнінде күн көзінің ашық болуы, халықтың жайдары жүзі мерекеге жылулық берді. Мерекеде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тұтас ұлттардың мекеніне ай­нал­ған Қазақстан халқының бірлігі мерекесі кү­німен құттықтап, түрлі ұлт өкілдерінің басын қосатын айтулы күннің маңыздылығын сөз етті. Ал, мейрамға ат тіреген тұрғын­дар­ға мерекелік тарту сыйлаған жергілікті өнерпаздар қайта жасалған жаңа сахнада Астана қаласының 20 жылдығы мен Қызылорда қаласының 200 жылдығына арнап ән-шашу сыйлады.

     Жыл сайын мамырда есігін айқара ашатын қалалық демалыс паркі жаз бойы қала тұрғындары мен сырттан келген қонақтардың көңілін көтеріп, еркін тынығуына мүмкіндік береді. Соңғы жылдары демалыс бұ­рыштары мен түрлі ат­тракциондардың көптігі қызық қуып келген балақайлар мен серуен құруға жиылған жастарды бір алаңға жинайды. Мұнан басқа салқын сусын, балдай балмұздақ, түрлі тәттілер мен кешкі кафе қызметі демалысты кө­ңілді өткізуге айрықша жағдай жасайды.

Құрметті қызылордалықтар!

     Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

   Бұл күн халқымыздың бауырмашылдығын, достық сезімге ынтық, ыстық ықыласын дәлелдейтін, ынтымағы ырысқа, бірлігі берекеге ұласқан еліміздің ұлы мерекелерінің бірі.

    Ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырдан астам уақыт ішінде біздің мемлекетіміз - достық пен ынтымақтың шаңырағын биік көтеріп, сан түрлі ұлттар мен ұлыстардың бауырмашылдығына арқау болып, бейбітшіліктің мекені атанды.

   Биылғы жылы, Елордамыздың 20 жылдық, Сыр өңірінің бас шаһары - Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойын атап өтеміз.

     Еліміз үшін, біздің өңіріміз үшін тарихи тағылымы мен мағынасы терең қос мерейтойды атап өтудің маңызы зор.

    Себебі бұл мерейтойлар халқымыздың асқақ рухының, ұлтымыздың ұлылығының және еліміздегі бейбітшілік пен татулығы жарасқан ел бірлігінің арқасында қол жеткен жетістігіміз.

   Расында, біздің бүгінгі жеткен жетістігіміздің барлығы еліміздегі тыныштық пен татулықтың, бірлік пен берекенің арқасында екені айқын.

    Байтақ елде жалпақ жұрттың бірлігі бұзылмай, татулығы тарқамай өмір сүріп жатқандығы үлкен мақтаныш.

   Мұның барлығы, бір шаңырақ астындағы барша ұлттың ұйытқысына себеп болып отырған Елбасының сарабдал саясаты мен Ата заңымыздың аясында атқарылып жатқан шаралардың нәтижесі екендігі белгілі.

  Біз - әлемде ұлтаралық бірлігімен және татулығымен ерекшеленетін ұлт екенімізді ескерсек, тұрақтылық пен бейбітшілік ерекше үйлесім тапқан елміз.

    Қазақ даласын мекен еткен барша ұлт өкілдері үшін, татулық пен тыныштық бәрінен де қымбат.

    Осынау шуақты мерекеде, әрбіріңіздің шаңырақтарыңызға шаттық, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға бақ-береке тілеймін!

   Қазақстан халқының берекелі бірлігі жарасып, әрқашан бейбітшілік пен келісім, достық пен сенім орнасын.

   Ынтымақ мерекесі құтты болсын!

   Елдігіміз еңселі, достығымыз мәңгі болсын!

Ізгі тілекпен,

қала әкімі Н.Нәлібаев

     Көптің талқылауын қа­жет етіп, сан сауалдардың туындауына себепші бол­ған латын әліпбиіне көшу туралы түрлі пікір айтылып келеді. Бірі бұл бастаманы қолдап жатса, екінші бірі жаңашылдықтан жатыр­қауда. Ал, "Мұрагер" мекте­бі­нің мұғалімдері латын әліпбиін қолдайды. Алдың­ғы аптада үш тілде оқыта­тын дарынды балаларға арналған мамандан­дырыл­ған сыныптары бар "Мұра­гер" мектебінде "Әлемдік өр­кениетке жол ашатын әліпби" атты аймақтық семи­нар өткізілді. Аталған семинарға 54 мектептің директорлары мен орынба­сар­лары, сондай-ақ мұға­лім­дер қатысты. Негізгі мақсаты - латын әліпбиінің қабылдануына байла­ныс­ты пікір білдіру, маңыз­ды­лығы туралы ақпарат алма­су. Жалпы адамзаттық жә­не ұлттық құндылық­тар­мен тәрбиеленген, көшбас­шылық қасиеттері бар, қа­білетті тұлғаны қалып­тас­тыру бағытындағы жұмыс­та­рымен таныстыру. Ша­ра­ны қалалық білім бөлі­мінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Орынша Әлім­бе­това ашып, барша ұла­ғат­ты ұстаздардың бастама­сына сәттілік тілеп, еліміз­дегі білім саласындағы ат­қарылып жатқан игі істерге тоқталып өтті. Келешек ұр­пақты тәрбиелеуші, бағыт-бағдар беруші тұлға ұстаз болғандықтан, маңызы бар мемлекет бастамасына бел­сенділік танытуды сұрады.

Сәрсенбі, 25 Сәуір 2018 11:24

ҚАЙРАТКЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ

| Автор: 

       Қабырғалы қазақ үшін жанын беріп, саналы ғұмырында келер ұрпақтың келешегі үшін барын тосқан ұлт зиялылары барда қазақтың өткені өшпейді. Небір қиын-қыстау кезде ұлт алдындағы абырой мен намысты сақтап қалып, саналы ұрпақтың зердесін ашатын, ер руханиятының жандануына үлес қосқан тұлғалар тағылымын ұлықтау - бүгінгі ұрпақтың міндеті. Келешекке тура қарай алатын жаңа ұрпақ қабырғалы қайраткерлердің қадамдары арқылы тұрмысын түзеп, ұлт ретінде ұйысып отыр. Демек, өткенді білу - бүгіннен басталады. Дәл осы тарих қойнауына есімдері сақталған ұрпақтың ұлтқа еткен еңбегін ескеруде 18 сәуір - тарихи ескерткіш­тер мен тарихи орындарды қорғау күні болып бекітілген.

    1983 жылдан бастау алған бұл айтулы күн жыл артына жыл қосып, жалпыұлттық мәдени шаралармен кеңінен аталып өтілуде.

    Ескерткіштерді қорғау күнінде қала билігі әдеттегідей рухани шаралар мен мәдени кештерді көп­теп ұйымдастырды. Қала әкімдігі мен қалалық мәдениет және тіл­дерді дамыту бөлімі қала тұрғындарын, оның ішінде жастардың басын біріктіріп, шаһардағы 20-дан аса ескерткіш маңында ұлтқа ең­бегі сіңген қайраткерлерге құр­мет көрсетті. Барлық мәдени шара­лар­ға қала әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлі­мінің басшысы Мира Қазбекова, "Қалалық мәдениет үйі, клуб­тар және халықтық ұжымдар" МКҚК директоры Эльмира Қанатбаева қатысып, жастарға рухани шаралардың маңыздылығын айта кетті.

    Рухани шаралар тізбегі Асқар Тоқмағамбетов ескерткішінен бас­тау алды. Көпшіліктің орта толтырып, бір уақытта мәдени кеште бас­қосуы жергілікті өнерпаздардың ән тартуымен ашылды.

 
    Қызылорда - тарих қойнауында қатпарлы ізі қалған талай оқиғаның құрбанына айналған жан­дар­ға пана болған, сан ұлт пен ұлысты жатсынбай ба­уырына басқан алты Алаштың анасы, Сыр өңі­рінің бас қаласы. Қаймағы бұзылмаған қазақ халқы­ның қасиетті мекеніне айналған, тамыры түркілер­ден бастау алған, ұлтымыздың ұлылығы мен азамат­тығына куә болған Сырдария жағалауындағы шы­рай­лы шаһардың өткені мен бүгіні тарихта алтын әріптермен жазылмақ.

   Биыл Алаштың Ақмешіті атанып, қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойын атап өту жоспарланып отыр. Соған орай бұған дейін шаралар легі бірінен соң бірі өтіп жатыр. Ал, өткен аптада А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет Үйінде болған Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған "Қызылорда: кеше, бүгін, ертең" атты тарихи-танымдық кештің орны бөлек.

   Тарихи-танымдық кеште Сыр елінің тарихы түгенделіп, бүгіні мен болашағы зерделенді. Тарихта толарсақ­тан саз, өмірден баз кешкен көшпелі қазақ жұртына Сыр елі бүкіл Алашқа пана болғаны белгілі. Сол себепті де Алаштың анасы атанса керек. Қаймағы бұзылмаған қаймана қазақ халқының қасиетті мекеніне айналған, тамыры түркілерден бастау алған, ұлтымыздың ұлылығы мен азаматтығына куә болған Сырдария жағалауындағы шырайлы шаһар­дың өткені мен бүгіні тарихта алтын әріптермен жазылып келеді.

   Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өту қала халқы үшін басты қуаныш. "Қызылорда: кеше, бүгін, ертең" атты тарихи-танымдық кеште саясаттанушылар, тарих­шылар мен әдебиетшілер, қоғам қайраткер­лері Қызылорда қаласының қалыптасу тарихының әр кезеңіне тоқталып, жеке-жеке баяндап зерделеу мақсатында жиналды. Сонымен қатар, азат елі­міздің байрағына, салтанат тұғырына айналған, өзгеріс ісімен өрнектелген толағай табысқа толы Тәуелсіздік жылдарындағы Сыр өңірінің қарқынды дамуына шолу жасалынды.

         Жергілікті билік өкілдері шеші­мін таппаған мәселелерді шешуде бел шеше кіріскені байқалады. Қала төңірегіндегі түрлі түйткілдер мен тын­дырылмаған істерді орындау үшін Қызылорда қаласының әкімді­гінде жиналып, Н.Нәлібаевтың тө­ра­ғалығымен өткен аппараттық мә­жіліс отырысында қала бойынша қандай жұмыстар жасалынып жат­қаны талқыланды.

   Жиында "Қызылорда қаласының және оған қарасты елді мекендердің бекітілген қала құрылысы құжаттарында белгіленген талаптардың сақталуы туралы" қалалық сәулет және қа­ла құрылысы бөлімінің басшысы Ж.Ержанов баяндамасын жасады. Себебі күн санап қарқын алып келе жатқан шаһардың көркейіп, кемелденуі тікелей осы бөлімнің бақылауында.

    Бүгінде өркениет жолына түскен мем­лекеттер идеология саласының тамыры са­налатын діни ағымдардың жолын то­сып, олардың қоғам өміріне тигізер зияны мен түрлі бағыттағы жат ағымдармен күресіп келеді. Жаһанданудың екпініне ілесіп, дамуға бет алған шақта қоғам сана­сын өзгертіп, сананы көлеңкелейтін жат ағым өкілдері интернет игілігін өз мақ­сатына пайдаланып, қоғамның оң бағытта дамуына ірікті салып, өз мақсаттарын жү­зеге асыруға талпынуда. Алайда, мемле­кет тарапынан қарсы қолданылған күш пен атқарылған іс жастарды жат ағымның жетегіне жібермей, тұрақты ақпараттық саясатты ұстап тұруға мүмкіндік беруде. Бұл ретте де Қызылорда халқы қоғам да­муына тұсау салатын жат ағымдармен кү­рес жүргізуде табанды еңбек етіп, нәти­желі көрсеткіштерге қол жеткізуде.

    Кез келген қатерлі діни ағымдар елдің тыныштығына, ұлттың қауіпсіздігіне сал­қынын тигізеді. Сондықтан қауіптің ал­дын алу, елдегі діни саланы реттеу - Қа­зақстанның мемлекеттік саясатының бас­ты бағыттарының бірі. Сондықтан қазіргі таңда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп жатқан сарабдал саясаты арқылы мемлекеттік органдар мен қоғамдық инс­ти­туттардың бірлесе атқарған жүйелі жұ­мыстарының нәтижесінде елдегі діни ахуалдың тұрақтылығы сақталып келеді. Аймақта діни ахуалды тұрақты түрде ұс­тап, теріс пиғылды көздейтін діни ағ­ым­дар­дың жолын тосуда қоғам белсенділігі жыл сайын арту үстінде.

   Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі күн тәртібіне қойылғаны белгілі. Осыған орай қазақ тілін жаңғыртудың басты көрсеткіші - латын жазуына көшуге бетбұрыс басталып кетті.

  Латын әліпбиіне көшу мәселесіне байланысты айтылып жүрген пікірлер әр түрлі. Әлбетте, көпшілігі жанашырлықпен айтады. Бәрінің тоқайласар ой-пікірі еліміздің әрбір азаматының латын жазуына көшуі әлемдік өркениетке жетудің басты жолы екенін мойындайды. 

    Біз де төменде латын әліпбиіне көшу мәселесі жөнінде қоғамды орны бар азаматтардың ой-пікірлерін  жария етіп отырмыз.

 

          Оңай олжа, қыруар қаржы, үлде мен бүлде кімді болсын, еліктіріп әкетпей қоймайды. Мұндайда қа­зақ елі "ашыққаннан құныққан жа­­­ман" дейді. Бүгінде бұл сөзді тың­дайтын есті құлақ болмай, есерге ай­налғалы қашан?! Қоғамда басында жұмысы болмаса да, ба­қыр тиынын букмекерлік ор­­талыққа құртып, тақыр жерге отырып жатқандардың саны күн өткен сайын арта түсуде. Жа­лақысын бәске жаратып, от­­басын жерге қаратып жүрген жастар - рухани дерттің ас­қынған көрінісі. Мұны тек заңмен ғана емдеу керек. Немесе мүл­дем құмар ойын атаулыны елден шек­­тетіп, тез баюдың жо­лына түскендерді  тазартқан ләзім.

   Қай нәрсеге болсын, тереңнен қарап, бұрынғыға бір көз жүгір­тетініміз бар. Құмарлық сөзі қазақтың ұлттық ойындары тізімінде де сап түзегені жасырын емес. Демек, бұл кеселдің тамыры тарихта бір рет кесілсе де, кесірт­кедей қайта көбейген көрінеді. Бірі білсе, екіншісі түсіне қоймайтын ойын "құ­мар" деп аталады. Бұған кемінде 2 не 4 адам қа­тысатын болған. Кезінде, мұны ере­сек адамдар да ойнапты. Ойын шар­ты мен тәртібі былай: ойынға қатысқандар, мыса­лы, 4 адам алдымен жүлде тігеді. Жүлдеге қозы, лақ не­ме­се жеп-жеңіл зат, мүлік, аздап ақша да ойна­ты­ла­ды. Ойынға қатысушылардың 4 асығы болады. Олар асықты кезектесіп иіреді немесе барлық 4 асық­ты қоса шашады. Иірген асықтар 4 тәйке, 4 ал­шы, 4 бүк, 4 шік түссе белгіленген жүлденің жарты­сын ала­ды. Егер 4 асық төрт түрлі түссе, жүлдені тү­гел алып кетеді. Одан кейін жүлде қайта тігіледі де, ойын одан әрі жалғастырылады. Осылай тез мал жи­ғандар тағы ойнап, ойлаған пайдасына қол жет­кіз­гісі келеді. Бары таусылса үйін тонап, барым­та­лыққа баратын болған екен. Сондықтан ауыл үл­кен­дері "құмар" ойынын жиі ойнауға тыйым салған. Кейін ұмытыла баста­ға­сын, ойын құмға сіңген судай тарих бетінен ысырылып қалған.

       Үкімет бума-бума қағаз толтыратын дәрігерлердің жұ­мысын жеңілдетуді цифрландыру арқылы шешуді көздеп отыр. Себебі соңғы жылдары қоғамдық ортада дәрігерлердің жұмысына қатысты сыни пікірлер қаулап барады. Сол себепті тиісті министрлік қарекеттің қамына көшті. Бұдан былай мүгедектікті тағайындаудың тәртібі өзгермек. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова бірқатар БАҚ-қа берген сұхбатында мүгедектікті алатын азаматтар ендігіде дәрігердің есігін жағалап, табан тоздырмайтынын айтып отыр.

   Вице-министр "жаңа тәртіп азаматтарға көрсетілетін қызметтің сапасын әрі бюрократияның тамырын жоюды көздейді" дейді. Осы кезге дейін мүгедектік алуда тұрғын­дар емханаға тексеріліп, қажетті құжаттар әзірлейтін. Қаншама уақытты әрі жүйкені құртатын қағаз жұмыста­рынан кейін азаматтар дәрігер-сарапшылардың комис­сия­сының алдында тағы да өтеді. Ендігіде мұндай про­цестердің қажеті болмайды. Себебі адамның денсаулық жағдайы электронды сақтау жүйесіне автоматты түрде түседі. Соның негізінде дәрігерлер мүгедектікті таға­йын­далады. Бастысы, құжатта науқастың аты-жөні көрсетіл­ме­гендіктен сарапшылар науқастың аты-жөніне емес, денсаулығына қарап қорытынды жасайды.

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C