Министрліктің атын пайдаланған орталықт...

2017-01-20 09:25:49

    Бүгіндері білім саласын биз­нес көзіне теңейтіндер көп. Әсте олай болмауы керек. Себебі білім әу...

100-ДЕН АСА МАМАНДЫҚ ҚЫСҚАРДЫ кәсіптік с...

2018-08-23 12:45:07

       "Жастарды техникалық біліммен қамту төмен деңгейде. Жұмысшы мамандығына баратын жастард...

13 мың шетелдік білім алып жүр...

2018-01-11 03:46:07

   Қазақ жастары құрлық асып, шетел көріп жатса, отандық білімге бет бұрған шетелдік студенттер де а...

123
Желт 05, 2018 583

ІТ НАРЫҚ, ТЫҢ ИДЕЯҒА АСЫҚ

ІТ нарық жаңа сұранысты қажет етеді. Бұл идеясы бар, алабөтен ойлайтын жастарға үлкен…
Желт 05, 2018 462

Болашаққа нық қадам

Елбасының соңғы жарияланған "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы осыған дейінгі…
Желт 05, 2018 245

МИФ – МӘРЕДЕ БІРІНШІ

Жарнама - тауарды сатудың төте жо­лы. Бағасы мен дизайны көз арбайды. Сауда…
Қар 28, 2018 1002

БАТЫСТАН КЕЛДІ, ҚАЗАҚҚА ЕНДІ бизнес-тренингтердің берері бар ма?

Ақша табудың сан тарап жолы бар. Бірақ нарық дегелі ақыл-ой, дәулетті адамдардың өмі­рін…

Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Қоғам

Қоғам (159)

       Қара жер бусанып, төңірекке көк шығып, жер бетін жылылық жайлайтын Әз-Наурыз да төрімізді аттады. Жер-ананың тас емшегі жібіп, Самарқанның көк тасы ери­тін бұл күнді иісі мұсылман қауым ерекше әспеттеп, Наурызды жақ­сы­лық айына балап, игі тілектер тілейді. Жаңару мен жақсылық айында қазыналы қариялар тө­ңі­рекке амандық, ақ жаулықты әже­лер ша­ңыраққа шаттық, қыз-ке­ліншектер мен бозбалалар береке мен ырысты көктен тілейді. Міне, қыстан аман шығып, арқаны кеңге салып, игі қадамдар жасауға асыға­тын жұрт жылда Наурызды дүбірле­тіп, ән мен жырдан шашу шашып жылы қарсы алады.

   Әдетте, Наурызда күн қаһары­на мініп, өкпек жел маза қашыра­тын. Биыл әз-Наурыз қызылорда­лық­тарға күлімсірей қарағандай. Күннің көзі жылынып, жер-әлем нұрланып тұр­ғандай шуақ шашты. Ұлыс күнін әс­петтеуге жиылған ха­лық таң сәріден тілек тілеп, ор­талық алаңға жиналды. Ал, ұлттық мей­рам­ның ажарын аша­тын қаз-қатар тігілген ақшаңқан киіз үйлер мен ұлт­тық ойындар думанды дү­бірлетті. Жалпы өткен жылдағы­дай емес, биыл киіз үйлер тақырыптық мәнге ие болды. Айталық, "Ақ­ме­шіт", "Білім шаңырағы", "Ғылым ша­ңырағы", "Ақылды технология­лар", "Са­лауатты ел", "Чемпиондар ме­кені", "Жаңа мүмкіндіктер меке­ні", "Ерлік рухы", "Қазына", "Сыр кү­ріші - ел ырысы" тақырыптық мазмұ­нында экспозиция-көрмелері ұйым­дастырылды.

        Көктемнің ең көрікті мерекесі - әз Наурыз биыл Сыр елінде ерекше тойланды. Еш үзіліссіз, күн артына күн салмай өтіп жатқан мерекелік шаралар - соның айқын дәлелі.  Бәйшешек бүр жарып, қызғалдақ қа­уызын ашқан шақта шығармашыл жандардың да ша­быты шыңға өрлеп, шарықтай түсетіні рас. Оның үстіне, кез келген мерекелік думанның көрігін қызды­ратын өнер адамдары емес пе? Бұл орайда сабақты ине сәтімен келді. Құлақ құрышы қанбай, өнерге су­сап жүрген сырбойылықтар үшін 21 наурыз күні "Домбыра-думан" атты дарынды жастардың көктемге арналған өнер кеші болып өтті.

   Аққуды билететін, гәккулі ән үйрететін, күй ішінде күй кешетін, тек қазаққа үйлесетін домбыраның орны қашанда төрде екені даусыз. Ұлттық аспапты қай ме­рекеде болмасын, қалай әспеттесек те қазаққа жа­ра­сатыны белгілі. Сондықтан болар, орталық алаң жа­нындағы жастардың құрған "Шығыс жұлдызы" атты киіз үй маңайына жиналған жұртшылық санында есеп бол­мады. Бәрі де күмбірлеген күйге, әуелеген әнге шөліркеп қалған. Оны халықтың тоқтаусыз ұрған шапалағынан, бір орында тапжылмай тыңдаған ықыластарынан анық аңғару қиын емес. Домбыра сөзі көне шумер тілінен ау­дарғанда "кішкене садақ" деген мағына береді екен. Сол себепті де, "Жастар" оркестрі орындаған күйлер ха­лықтың жүрек пер­не­ле­ріне жебедей дөп тиіп жатты.

Сәрсенбі, 28 Наурыз 2018 04:56

ЖАҢАРУ АЙЫНДАҒЫ ЖАСТАР КЕШІ

| Автор: 

       Биыл қаламызда Наурыз мерекесі жа­ңашылдықпен тойланды. Тоғыз күнге тақырыптық атау беріліп, сол бо­йынша түрлі іс-шаралар жүзеге асырыл­ды. Қауышу күнінен бастау алған мереке жастар күнімен өз жалғасын тапты. Ұлыс­тың ұлы күнін асыға күткен жалын­ды жастардың ұйымдастыруымен орта­лық алаңда "Қош келдің, әз-Наурыз" атты мерекелік концерті өтті. Сыр өнер­паздары мен "Жайдарман" ойыншыла­ры­ның қатысуымен өткен шара қала тұр­ғындарына арналды. Мерекелік ша­ра аясында облыстық жастар саясаты мә­селелері басқармасының басшысы Ерке­бұлан Меңлібаев қызылордалықтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, ыстық лебізін жеткізді.

      Қызылорда қаласы әкімді­гінің Наурыз мерекесіне арнал­ған шаралары дүйсенбіде жалға­сын тапты. Осы күн Наурыз тар­ту деп аталды. Бұл күні қызылор­да­лықтар мереке ду­манын ба­зар­лардан тамаша­лады. Көпші­лік жиналатын "Сыбаға", "Жай­на" "Талғат" ба­зары кәсіпкерле­рінің тұр­ғын­дарға арналған сый тартуы ұйым­дастырылды. Дәс­түр­лі түрде өткізіліп келе жатқан мерекелік шара биыл өзгерек болды. Бір алаңға жинақталған сауда орын­дары бірнеше киіз үй құ­рып, кон­церт­тік бағдарламала­рын қала тұр­ғындары мен қо­нақ­тарына ұсын­ды. Шараға кел­ген қала әкі­мінің орынбасары Нұрлан Мақ­сұ­тов пен қалалық кәсіпкер­лік, өнер­­кәсіп және ту­ризм бө­лімі­нің бас­шысы Жан­мұрат Сейі­лов барша тұрғындар­ды Наурыз ме­ре­кесі­мен құттық­тап, сөз сөйледі.

     Наурыз мерекесінде үлкен-кіші бір-біріне сәлем беріп, ел ақсақалдарынан бата сұрап, жақсылыққа ұмтылады. Қазан толы ас дайындап, наурыз көже­ден дәм татқызады. Бұл - көпші­л­ік­тің, береке-бірліктің нышаны. "Талғат" базарының ұжымы бұл дәстүрді жыл сайын жүзеге асы­рады. Ұжымның наурыз тартуын ұйымдастырып, жастарға үлгі болып жүрген Жамилә Сүлейме­но­ва: "Ұлыстың ұлы күнінде қараша үй тігіп, салт-дәстүрімізді дәріп­теп, ұлттық ойындарды ұйымдас­тырамыз. Мұның барлы­ғы қала тұрғын­дарына деген ықы­ла­сы­мыз, сый тартуымыз" деп әңгіме­леді.

    Ал, "Жайна" базарындағы наурыз-думанды ұйым­дастыру­шы Рая Сәдуақас­қызы наурыз мерекені тойлауға келген ардагер­лер­ге құрмет көрсе­тіп, сый-сия­паттар табыста­ды. Ал, "Сыбаға" базарында бауыр­сақ пісіріліп, базарға келушілер ыстық дәмнен ауыз тиіп, тігілген киіз үйде  жасы үлкен қариялар қонақ болды. Сонымен қатар сауда орындағы барлық қызмет­кер­лерге наурыз көже ұсы­нылды. Ұлттық салт-дәстүр­ді жаңғыр­тып, ұлттық ойындар ойнаты­лып, көп­ші­ліктің көңіл-күйін көтерді. Ша­ра барысында әсем ән ай­тылып, күмбірлеген күй тар­тылды. Мереке қарса­ңын­да қала тұрғын­дары кәсіп­кер­лерге алғыс­тарын білдірді.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

      Өткен жылы елімізде 66853 мемлекеттік қызметші аттестация тапсырған. Сынақтан өткен 4851 азаматтың лауазымы жоғарыласа, 747 адамның қызметі төмендеген. Ал, 146 қызметкер мемлекеттік қызметтен босатылған. Бұл туралы Қызылордаға іссапармен келген ҚР Мемле­кеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин баяндады.

    Департамент директорының айтуына қарағанда, мемлекеттік аттестация тапсырған азаматтардың қыз­ме­тіне сай еместері бар екені көрініп қалыпты. Ал, білімі мен тәжірибесі мол 1405 қызметкер мансаптық жолмен жоғары лауазымдарға тағайындалған. Бердалин­нің сөзіне сенсек, бүгінде мемлекеттік қызметте бірден жылы орын­ға жайғасуға мүмкіндік жоқ. Себебі Заңға сәйкес, мемле­кеттік қызметші сатылап қызметтік дәре­желерді алғаннан кейін жоғары лауазымға көтеріле алады.

    Соңғы жылдары қоғам арасында мемлекеттік қызметке тамыр-таныс жағалап, ортаға ағаларды салып, жұмыс істейтін азаматтардың бар екені жиі айтылып келді. Тіпті белгілі саясаттанушы Расул Жұмалы білімді азаматтардың қасында жүріп, "арқаға мінген" қызметкерлердің жоғары жалақы алатынын жасырмай былай деп айтқан-ды:

     - Айталық бір бөлімде 10 адам болса, соның 5-уі нағыз жұмыскер, қалған 5-уі құр босқа орын алып отырған тамыр-таныстар, вакантты орынды, жалақыны, премия алып, билік баспалдағымен көтеріліп отырғандар.

Сейсенбі, 20 Наурыз 2018 06:20

ТУБЕРКУЛЕЗ АУРУЫ ТӨМЕНДЕП КЕЛЕДІ

| Автор: 

        Дүниежүзілік денсаулық сақтау мамандарының айтуы бойынша, әр адам аурудың 50 пайызын өз ортасынан табатын көрінеді. Арамызда көп ұшырасатын әрі жұқпалы аурудың түрі - туберкулез. Бұл ағзаға туберкулез микробтарының түсуінен болатын жұқпалы, созылмалы ауру. Мұнда аурудың алдын алып, қарсы шаралар да жасалынып келеді. Бір қуанарлығы, жыл сайын туберкулезден емделушілердің саны Қызыл­ордада азайған. Бұл турасында Қызылорда облыстық туберкулезге қарсы диспансерінде болған баспасөз отырысында сөз етілді. 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында жүргізіліп жатқан "Өзіңді туберкулезден қорға" атты айлықтың қорытындысы мамандардың бұлай айтуына себеп болса керек. Баспасөз отырысында Қызыл­орда облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері Әбдіғабит Әбіләзімұлы мен облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті директорының орынбасары Әлия Абдукаймова аурудың алдын алу мен қалай сақтану керектігі турасында хабардар етті.

   Қазақстанда және облысымызда туберкулезді біріккен (интеграцияланған) бақылау жүзеге асырылуда. Арал, Жалағаш, Шиелі, Жалағаш аудандық туберкулезге қарсы ауруханалар жабылған, барлық аудандардағы туберкулезге қарсы диспансерлері жергілікті аудандық ауруханамен біріктірілген. Ауруға шалдығушылардың азаюына байланысты облыста төсек орын саны да 400-ге дейін кеміген.

        Қазақтың ұлттық мерекесі Наурыз жыл сайын тойланады. Оны әр жерде әр қалай қарсы алады. Отбасындағы мерекелеу өз алдына, мекемелер, оқу орындары, тіпті бүлдіршіндер арасында ерекше тойланып жатады. Балабақшаларда мейрамды ерекшеленіп өткізудегі мақсат бұғанасы енді қатайып келе жатқан баланың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімізді қастерлеп, ұлттық ойындарды дәріптеуде көмегін тигізбек. Қазақы болмысы бойында сақталған Сыр өңірі ұлттық мерекені балабақшадан бастауды үрдіске айналдырған.

   Қызылорда қаласындағы "Ер Тарғын" балабақшасында "Наурыз - Ұлыстың ұлы күні" атты тақырыбындағы өткен ертеңгілігінде топ тәрбиешілері мен балаларды балабақша меңгерушісі Қарлығаш Қарақұлова Нау­рыз мерекесімен құттықтады. Бүлдіршіндер Наурыз ме­рекесі жайлы ән айтып, көнеден келе жатқан дәс­түр­лерімізден көріністер қойды. Әжелер шашу шашып, тұсау кесу, бесік салу рәсімдері көрсетілді. Ұлттық салт-дәстүрлер туралы түсініктерін ортаға салған балалар ән, тақпақ, өлеңдер айтып, ұлттық биді мың бұрала билеп шықты.

  Осы күні "Алтын кілт" балабақшасында тәрбиеленіп жатқан 12 топтың барлығы да Наурыз мерекесін тойлады. Соның ішінде айта кететіні, "Ақбота" мен  "Радуга" тобының бүлдіршіндерінің қойылымдары мен аналарына гүлді жасаудағы талаптары зор болды. Балалар жиналып, өз өнерлерін ортаға салып, бірігіп "Наурыз" әнін шырқады. Балабақша меңгерушісі Сарқыт Тұрбаева ұлттық мерекені балалар арасында насихаттау шараларының наурыздың 21-іне дейін жалғасатынын айтты.

Сейсенбі, 20 Наурыз 2018 05:23

НАУРЫЗДА СЫЙ-ТАРТУ КӨП

| Автор: 

         Наурыз - мерекенің айы. Көктем ке­ліп, күн жылып, адамдар арасында жылулық сезімі пайда болатын бұл айда береке мен мереке көп. Алғыс айту күнінен басталған мереке Наурыз дума­нымен сабақтасады. Жыл сайын жер­гілікті билік Наурыз мерекесіне ерекше назар аударып, халықтың көңілінен шығатындай етуге барын салады. Биыл­ғы жылдың басымдығы қызылордалықтар Көрісу күнін жылы қабылдап, ұмыт болған дәстүрдің тамырына қан жүгіртті. Ізгі амалдарға толы амал мерекесін сән-салтанатымен қарсы алып, жер-жерде ұлттық мерекенің лебі есті. Көрісуден кейін халық Наурыз тойын мерекелеуді бастап кетті.

   Биыл қала тұрғындарын қуантатын қандай шаралар ұйымдастырылмақ? Әдеттегідей, мерекелік шаралар тізбегін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов журналистермен басқосуда Наурыз мерекесіне арналған шаралардың мән-маңызын әңгімеледі.

   Әз-наурыз думаны Қызылордада 14-22 наурыз аралығын қамтиды. Түрлі шаралар мен спорттық сайыстар, ән-думандары мен форматы бөлек кон­церт­тер шаһар тұрғындарына тоқшылық мерекесін тойлауға мүмкіндік береді. Шахмардан Асқарұлының айтуына қарағанда, жаңару күнінде халыққа қолжетімді бағадағы ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі тек қаланың ғана емес, Шиелі, Жаңақорған аудандарының көрмелері де ұйымдастырылады. Ал, ертеңіне қала тұрғындары арасында ұлттық ойын түрлерінен са­йыстар, спорт алаңдарында заманауи воркаут, стритбол, скейтбол спорт түр­ле­рінен біріншіліктер өткізіледі. Өзге шаралар тізбегін әкім­нің орынбасары салмақтай кетті.

   

     Жер жаһанның жауына айналған жем­қорлық дертімен әлем халқы әлі келгенше күресуде. Қазақстандықтардың қарыштауына кесе көлденең тұрған бұл кеселдің түп тамырымен жо­йы­луы­на күш салынуда. Жақында ғана қолға алынған "Қоғамдық бақылау картасы" соның басты дәлелі деуге болады.

    Жобаның негізгі тұжырымдамасы қарапайым әрі қалың қауымға түсі­нік­ті. Жол құрылысы, әлеуметтік нысандардың құрылысы, көгалдандыру жә­не өзге салаларда да қоғамдық бақылауды орнату - жобаның басты мақсаттары. Айта кеткен жөн, биылдан бастап ауылдық елді мекендердің өз бюджеттері құрылатын болады. Қазіргі таңда 65 ауылдың өз қаржылық қорлары бар. Тек соның бармақ басты, көз қыстыға салынып кетпесі үшін ауыл тұрғындары да белсенділік танытулары керек. Қаржының қайда жаратылып жатқаны қадағалауда болғаны ләзім. Сол се­бепті, осы жағдайда "Қоғамдық бақылау кар­тасының" рөлі зор, өзек­тілігі де орасан.

Сәрсенбі, 14 Наурыз 2018 05:25

КІМНЕН ҮЛГІ АЛЫП ӨСЕМІЗ?

| Автор: 

   "Жүз рет естігенше, бір рет көрген артық",- дейді атам қазақ. Естігеннің қайсысы шын, өтірік екенін саралап болмайсың. Адам санасын жаулап, күре тамырына байланған әлеуметтік желі мен теледидар болды. Қызық пен шы­жыққа, ашық-шашыққа ұм­тыл­ған жасы бар, жасамысы бар ұялы телефоннан айырылмайды. Ол аз болғандай, саны бар да сапасы жоқ бағдарламалар қаптап, адамдар дүбәра күйге түсті. Қазір қоғамда, менің түсінгенім, түй­месіз телефондар, тұтқасыз есік­тер, мисыз адамдар, сезімсіз махаббат көп...

    Мисыз адамдар дейміз-ау, Иә, рас. Мисыз болғанда азын-аулақ ақылы бар-ау, бірақ оны қайда жұмсарын білмей, оңай ол­жаға кенелгісі келеді әйтеуір бәрі.

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C