Министрліктің атын пайдаланған орталықт...

2017-01-20 09:25:49

    Бүгіндері білім саласын биз­нес көзіне теңейтіндер көп. Әсте олай болмауы керек. Себебі білім әу...

100-ДЕН АСА МАМАНДЫҚ ҚЫСҚАРДЫ кәсіптік с...

2018-08-23 12:45:07

       "Жастарды техникалық біліммен қамту төмен деңгейде. Жұмысшы мамандығына баратын жастард...

13 мың шетелдік білім алып жүр...

2018-01-11 03:46:07

   Қазақ жастары құрлық асып, шетел көріп жатса, отандық білімге бет бұрған шетелдік студенттер де а...

123
Желт 05, 2018 583

ІТ НАРЫҚ, ТЫҢ ИДЕЯҒА АСЫҚ

ІТ нарық жаңа сұранысты қажет етеді. Бұл идеясы бар, алабөтен ойлайтын жастарға үлкен…
Желт 05, 2018 461

Болашаққа нық қадам

Елбасының соңғы жарияланған "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы осыған дейінгі…
Желт 05, 2018 244

МИФ – МӘРЕДЕ БІРІНШІ

Жарнама - тауарды сатудың төте жо­лы. Бағасы мен дизайны көз арбайды. Сауда…
Қар 28, 2018 1002

БАТЫСТАН КЕЛДІ, ҚАЗАҚҚА ЕНДІ бизнес-тренингтердің берері бар ма?

Ақша табудың сан тарап жолы бар. Бірақ нарық дегелі ақыл-ой, дәулетті адамдардың өмі­рін…

Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Қоғам

Қоғам (159)

        Қай кезде де халық тұрмысына қажетті салаларда екеуара келісім орын алған жерде бармақ басты, көз қысты әрекеттерге жол беріліп жатады. Бұл істі оңай шешудің жолы. Әйткенмен, мұндай қадамдар заңға томпақ келеді. Содан барып, сыбайлас жемқорлыққа жол беретін жағдайлар тіркеледі. Әрине, жемқорлықтан таза емеспіз. Жыл басынан бері түрлі сипаттағы жемқорлық көріністеріне халық куә болып келеді. Ал, аймақтардағы жағдай қандай? Мәселен, Қызылорда облысында өткен жылмен салыстырғанда жемқорлық тыйылған. Әрине, бұл жақсы нәтиже болар, дегенмен халық үшін маңызды салаларда жемқорлық тыйылмай тұр.

    Өткен аптада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Абзал Мұхимов журналистерге жылдық қорытынды есебін берді. Айтуынша, елі­мізде соңғы 3 жыл ішінде жоғары лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік компа­ния­лардың басшыларын қоса алғанда, жемқорлық қылмыстар үшін 2,5 мыңнан астам адам сотты болған. Ал, 2017 жылдың 12 айында аймақта сыбайлас жемқорлық сипатындағы 121 қылмыс тіркелген. Жемқорлыққа жол берген қылмыстардың көпшілігі Қызылорда қаласы, Шиелі, Қазалы аудандарында орын алған. Тиісінше, істі болған 72 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартыл­ған. Салдарынан мемлекетке 658991,75 мың теңге залал келген. Бұл - ресми мәлімет.

Бейсенбі, 11 Қаңтар 2018 03:19

РУХЫ КҮШТІ, АДАЛ АЗАМАТ ЕДІ...

| Автор: 

    "Өмір деген қамшының сабындай ғана, өтеді де кетеді" деген сөздің мәнін жанында жүрген қадірлі адам дүниеден озғанда біледі екенсің. Бәрімізбен сыйлас, өз ісінің білгірі, арлы азамат Бердіхан Лесханұлы Исматуллаевтан - аяулы да ардақты азаматымыздан қапияда айырылып қалғанда ұжым болып қайғырдық, қазасы қабырғамызды қайыстырып, жан-дүниемізді ойсыратып жіберген еді... Ол "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпо­рациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы - "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаменті Қызылорда қаласының №1 бөлім басшысы болып жүріп, жанымыздан жыраққа кетті. Адал әріптес, ақкөңіл дос сұм ажалдың құрығына ілініп, келместің кемесіне мінгеніне бір жыл толыпты.

   Мәңгі сапар­ға аттан­ған азаматтың орны ойсырап, жоқтығы күні бүгінге дейін білініп тұрады. Ол айт­қан әзіл әңгімелер, жадыңды жаңғыртар естеліктер, тындырымды да тынымсыз жұмыстары көз алдымызда. Бірі­мізге аға, бірімізге бауыр әріп­тесімізді ажалға қимай, қабырғамыз қайысып отыр.

   Толысқан шағында, ойламаған тұста қол үзіп қалған арда азаматты сағынышпен еске аламыз. Оның кішілігі мен кісілігі, ептілігі мен елгезектігі, жанының рухани байлығы, жүрегінің тазалығы бізге бірден білініп тұратын. Сол үшін де онымен бәрі дос болуға асығатын. Жұмыс кезінде де өзге жандарға қол ұшын созуға даяр­лығы, ілтипаттылығы, кіші­пейілдігі көпшілікке ұнап, халықтың алғысын да жиі алатын осы Бердіхан болатын.

       Латын әліпбиін қазірден бас­тап қолдану әлі де ерте. Себебі Елбасы жарлығымен бекітілген латын әліпбиі нұсқасының ем­ле-ережесі әлі жазылған жоқ. Мұ­ны тіл мамандары айтудан жалықпайды. Жақында бір топ ғалымдар "Жас алаш" газетіне Елбасына арнайы ашық хат жазып, латын әліп­биін қолдануға кедергі келтіре­тін бірнеше факторларды ашып айтқан-ды. Әйтсе де, билік тіл мамандарының пікі­рін ескеруден қалған секілді. Атқарушы билік жақында білім саласының басшыларына, нақтысын айтқанда жоғары, техникалық және кәсіп­тік оқу орын­дарының студенттеріне латын әліпбиінде  диктант жазуға тапсырма берген. Мұны редакцияға қоңырау шал­ған оқырман арқылы біл­дік. Газет оқырманы Қызылорда қа­ла­сындағы бір оқу орнында сабақ беретін ұстаз екен. Айтуынша, жоғары жақтан арнайы ресми хат келіп, қазақ тілі мен әдебиеті сабағында студенттерден диктант алуға тапсырма берген. (Хаттың көшір­ме­сімен танысуға мүмкіндік туды).

Сейсенбі, 26 Желтоқсан 2017 10:44

ЖАҢА ЖЫЛ – ЖАҢА ЖЫР

| Автор: 

...Көбелек қар, көбелек,

Жеткізбейтін армандай,

Қар жауып тұр не керек,

Көктен жауған  маржандай.

 

Айнала аппақ...

                        аппақ қар,

Ақ шымылдық құрғандай.

Табанымен таптап тал

Аппақ қарды тұрғандай.

 

Үкілеумен үмітті,

Тағы бір жыл барады.

Шау тартқызып жігітті,

Ержеткізіп баланы.

 

Саған жаңа жарқын жыл,

Арман қанша жетпеген.

Қара ормандай халқымның,

Несібесін етпе кем.

 

Азат күнгі Алаштың,

Ақ тілегін асыл ет.

Бір белестен тағы астым.

Бір белесті басып ек.

 

Төл көбейіп көгенде,

Әр үйге құт қонғайсың.

Қойдай жайлы боп елге,

Тайдай жүйрік болғайсың!

 

...Аш бөрідей аулақта,

Боран ұлып соғады.

...Жапалақтап қар-мақта,

Жағамызға қонады.

 

Кел, жаңа жыл!

Үстіңде,

Бүгін сенің бар тілек.

Ісімізді үстем ет,

Жүзімізді жарқын ет!

 

Бейсенбі, 21 Желтоқсан 2017 12:21

Қаланы кезген қателік

| Автор: 

      Басқасы басқа, барлық кие­­-нің басы бастан басталады. Осы орайда Нұртөре Жү­сіп­тің "Ең арзан бас қайда?" атты мақаласы есіме оралды. Шы­­­нымен бас­­тың қадірі кеткен заманда басқасына мойын бұрудың да керегі болмай бара жатыр. Шетте қалған шейітте­рі­­міз­дің жұ­мыр басы жер аңсаған еді. Әрі­ден сыр тартсақ, Кенесары мен Кейкі батырлардың сүйегі отанының топырағын қан­ша жыл күтті десе­ңізші. Бұл бастардың жөні бір басқа. Енді осы басқа қатысты барлық әң­гі­менің басын қа­йырған Нұртөре "Ең арзан бас - Қазақстанда" деп дүр­се қоя бер­гені қызылордалық бас әріп­терге де қатысы бар се­кілді. Расында да балық басынан шіриді, ал әріп ше?!

   Әріп төңірегіндегі әңгімені бастамас бұрын бас әріптің анық­та­масына баса назар аударсақ. Бас әріп - сөйлемнің басында, гео­­­графиялық атауларда, адам есімдерінде, мекеме аттарында, астрономия атауларында, тарихи дәуір немесе оқиға атауларында, көне ескерткіштерде, әдеби шығарма атауларында орфография және пунктуация ережелеріне сәй­­кес қолданылатын дыбыстың жазудағы таңбасы. Ереженің қыс­қаша үлгісі осы. Солайы со­лай ғой, бірақ, біз осы заңдылықты сақтап жазып жүрміз бе? Қы­зыл­орда қаласындағы көше тақтайшаларына жазылған қате жазулардан көз сүрі­не­тіні белгілі. Де­ген­мен де өрескел қателіктерге жол бермеу үшін жүйелі жұ­мыс жасалынып жатқан жоқ. Тіп­ті көшеге есімі берілген тұлға атауларына дейін қате жазылып тұр­-ғ­анда өзге өңірлер тұтас бір қа­лаға жағымды пікір білдіруі мүм­кін бе? Онсыз да көш соңында ке­ле жатқан қызылордалық мә­де­­ниет "түймедей дүниеден түйедей бәлеге" тап болуда.

    Көше атауларындағы шала орысшалардан, көзге түрпідей тие­тін қателіктерден қашан құ­ты­лар екенбіз?! Қызылорда қаласының бас көшесі саналатын Қорқыт ата көшесі сәулеті жағынан өң алып келе жатқанымен, сауаттылық жа­ғынан көше атау­лары көк қате жазыл­ған. Бетке қой­ғаның етке жары­ма­ды дегенің осы шығар. Нақтырақ айтсақ, көше есімін "Қорқыт Ата" деп жазып, бас әріптің қадірін қашырған. Және де қазір бірың­ғай бас әріппен жазу сәнге айна­лып бара жатыр ғой. Бұлай жа­зу үлгісі де құптарлық емес (ҚОРҚЫТ АТА). Емле ережесіне бағыну керек емес болса, сан кі­тап­тың бетін тоздырып, қа­зақ тілі пәнін оқытудың не керегі бол­­ды?! Сиырқұйымшақтанып бара жатқан жазу үлгісі бір жү­йе­ленбейінше, "Аққу, шортан һәм шаянның" күйін кеше бермек.

   

     












    Әдемі өлеңдерге өң беріп, айрықша әуез сыйлайтын әз өнердің иегерлері - сазгерлер қауымы. Олар жеті нотадан жіп өргендей етіп, түрлі музыкаларды дү­ниеге әкеледі.

   Қазақ "Құлақ құ­рышын қандырарлық әуен екен" деген сөз тіркестерін жиі қолданады. Ән әле­мін­де өз қолтаңбаларын қалдырған, талай әуезді әндердің авторлары Талғат Нағашыбаев пен Сәкен Шынымов - талантты сазгерлер. Олар өз жандарынан жан шуағына бөлейтін жағымды әуездерді шығарып, халқына ұсынып жүр. Балалар шырқайтын әуендер өте нә­зіктік пен мұқияттылықты қажет етеді. Сазгерлер бұл тұрғыдан да ән шеберлері атанған. Өз істерінің маманы болған композиторлар өнерлерінің арқасында елдің алғысына бөленіп жүр. Жақында Қызылорда қаласындағы №144 орта мектепте Ха­лықаралық композиторлар конкурсының лауреаты Т.Нағашыбаев пен ұстаз-композитор С.Шынымовтың балаларға арнап жазылған әндерінен авторлық ән кеші болып өтті. Шығармашылық кеш­тің төрінде отырған қос талант бүлдір­шіндердің орындауында өз әндерін тыңдап, көрерменнің ықыласына бөленді.

Сәрсенбі, 13 Желтоқсан 2017 04:23

Өнерімізді өгейсітпейік

| Автор: 

         Талант - тәңірден, өнер - халықтан. Осы сөзіме ешқандай шүбәңіз болмас. Өйткені табаныңнан бастап төбеңе дейін толған талант иесі болсаң да, оны халық бағаламаса  құ­ны көк тиын. Заманында хандар мен бектердің қара басын, қора то-лы дәулетін, қа­тын-қалашын жер-көкке сиғызбай дәріптеген қаншама сарай ақындары, жылымық сөзді жыршы-жыраулар аз болмаған. Солардың қайсысының есі­мі ел есін­де қалды? Осы күнге ат­тары аман-сау жеткен, ғасырлар шаңдағына көмілмей ғажайып терме-толғаулары елдің мұңын мұңдаған, халықтың жырын толғаған Бұ­қар, Ақтамберді, Шалкиіз, Доспамбет, Сыр бойындағы өзіміздің Тұр­ма­ғамбет, Ешнияз сал, Дүр Оңғар, Нұр­туған және басқалары ұрпақ жа­дынан лайықты орын алып келеді.

   Жақында өткен Парламент Мәжілісінің отырысында депутат Қуаныш Сұлтанов мінберде тұр­ған Қазақстан Республикасы Мә­дениет және спорт министрі Арыс­танбек Мұхамедиұлына Мәдениет пен өнер қызметкерлерінің жа­лақысы турасында депутаттық сауал жолдаған еді. Сонда мәртебелі министр мырза не деді дейсіз ғой! Ол өзінің ішкі ойын Парламент депутаттарының алдында былайша жеткізді: "Заманында Моцарт та, Бетховен де кедейшілікте өмір сүрді, сонда да сан ғасыр­лар бойы салтанат құрған музыка жазды".

    Масқара, миллиондаған кө­рер­мендері бар телеарналардың алдында қазақ өнері мен мәде­ние­тінің қамқор басшысы тап осылай дегенде басқаларға не жо­рық?! Сонда қазақ ұлтының руханиятына лайықты үлес қосқан, қосып жүрген Қазақстандағы мә­дениет қызметкерлері сонау Моцарт заманындай күн кешуі керек пе?! Әйтпесе, осы сөз қазақ мәдениеті жанашырының аузынан шы­ғатын сөз бе еді? "Ораза, намаз - тоқтықта" деген оймақтай ой­лы сөз бар екенін қаперіңізден шы­ғармаңыз, министр мырза!

Сейсенбі, 05 Желтоқсан 2017 09:45

ДАРЫНДЫ ЖАСТАРДЫҢ ЖАЛЫНДЫ ШАҒЫ

| Автор: 

       Жаһандану дәуірінің тегеурініне төтеп беруші, әрі қоғамның басты қозғаушы күші ол - жастар екені белгілі. Жігерлі жастардың жалынды жүректеріне ұлтжандылық рухын сіңіру үшін әр өңірлерде оқтын-оқтын іс-шаралар ұйымдастырылуда. Солардың бірі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтті. "Жандану әлемі" қорының қолдауымен және "Жас Отан" жастар қанаты, ҚР Жазушылар Одағы, Алматы қаласы әкімдігі ұйымдастырған "Мен жастарға сенемін!" атты студент жастардың бесінші патриоттық гала-форумы өз мәресіне жеткен болатын. Форум Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған. Ақпараттық серіктес ретінде "Қазақ радиосы", "Нұрмедиа" холдингі басты қолдау көрсетті. Студент жастардың Қазақстан болашағына деген азаматтық жауапкершілігін көтеру және патриоттық сезімін арттыру - форумның басты мақсаты.

   Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы: "Қазақстан - 2050 стратегиясында "Мен Сіздерге - жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер" - деп жастардың қоғамдағы орнын айқындап берген еді. Сол тұстан бергі уақытта аталмыш университет ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанұлы Елбасының жастарға деген сеніміне шамшырақ болып, "Мен жастарға сенемін!" студенттік форумын үзбей өткізіп келеді. Бұл қазіргі таңда дәстүрге айналған.

Сейсенбі, 28 Қараша 2017 10:29

Мамандығым - мақтанышым

| Автор: 

   WorldSkills халықаралық қозғалысы техникалық мамандықтарды насихаттау, дүниежүзі бойынша кәсіби жас мамандарды даярлау, сапасын сынау, біліктілік мәртебесін арттыруды мақсат тұтады. "Әлемдік бағыт" деген мағынаны білдіретін осынау жарыс - әлемнің 75 мемлекетіне таралған халықаралық қозғалыс. Қазіргі таңда қауымдастық құрамына 75 мемлекет кірсе, Қазақстан соның 70-ші қатысушы мемлекеті.

     Қазақстан WorldSkills қозғалысына 2014 жылы еніп, 2015 жыл елімізде алғаш рет ұлттық чемпионатын өткізді. Ұлттық жарыстың негізгі мақсаты - жұмысшы маман­дықтардың беделін көтеріп, техникалық кәсіби тәжі­рибенің қызығушылығын арттыру. WorldSkills байқауы еліміздің жас мамандарын ынталандырып, әлемдік чемпионатта бақ сынауына жол ашады.

    Қазалы аграрлы-техникалық колледжінде "WorldSkills Kazakhstan" Ұлттық чемпионатының аймақ­тық кезеңі ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты - Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, білім беру ұйымдарында немесе білім беру ұйымдарын бітірген түлектер арасында ерекше дарынды және интеллек­туалды қабілетті жоғары білім алушыларды және өз ісінің шеберін анықтау, оқытумен қатар кәсіби шеберлігі бағытында практикалық жұмыстарының жүргізілуін жетілдіру, білім алушының кәсіби біліктілігін арттыру және теория мен тәжірибені ұштастыра білу, жаңа технологияларды пайдалану арқылы көрсетіп, практикалық жұмыстарды жинақтап, іріктеп және өз ісінің шеберін байқаудың облыстық кезеңіне жіберу.

          "Лондон мен Глазго қалалары арасында жиі қатынаймын. Студент үшін ғана емес, көп адамға ең қолжетімді көлік құ­ралы - автобус. Бірде мынадай кө­ріністің куәсі болдым. Билет алып үлгермеген бір жолаушы жүргізушімен сол жерде келісіп, қолма-қол есеп айы­рысқы­сы келді. Бірақ келісе алмады. Жүргізуші ақшасын қабылдамады. Кассаға бар немесе онлайн билет ал деп, кері қайтарды. Сөйтіп, автобус жүргізушісі бос орындар бола тұра сондай әрекетке барды. Артық тиын-тебен қалтасын те­сіп бара ма, пара емес жай рахметін біл­діріп жатқаны ғой деп ойлар еді біз­дікілер".

    Бұл Ұлыбританияда білімін жетілдіріп жүрген азаматтың жазбасы. Көзбен көріп, көкейге түйген ойы. Мұны нелік­тен мақалаға өзек етіп алды дерсіздер. Ойға салып қарасақ, бәрі де ұсақ-түйектен басталады. Алайда, біз сол ұсақ-түйекке кейде мән бере бермейміз, атүсті қараған дүние ұлағая келе үлкен мәселеге айналады, тіпті елдік деңгейдегі проб­лемаға ұласады. Мұның жарқын мысалы - жемқорлық. Алыс-беріс, барыс-келіс, қызметтік мансаптағы заңнан тыс әрекеттер, арам ақшаға араны ашылып, мемлекет мүлкіне қол салу бү­гінде адамдарды нәсіліне, жасына, ұлтына бөліп тұрған жоқ. Бәрінің де себепшісі - сол құны қымбат көк қағаздар. Қыр­уар қаржыға тәбеті ашылып, кез келген мә­селеге көз қыса қараудың арты сы­бай­лас жемқорлыққа алып келді. Бү­гінде сыбайлас жемқорлықтың емін тапқа­н ел жоқ. Әйтсе де, әр елдің өз заңы түрлі шешімдер қабылдауды қажет етеді.

   Бізде қалай? Қазақстан ширек ғасыр ішінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізудің басқы алғышарттарын жасады. Уақыт өте келе, жемқорлыққа қалқан болар шаралардың механизмін өз­герту көзделді. Соңғы екі жыл ішінде Қазақстан кәрі құрлық елдері секілді жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуді емес, оны алдын алуды бірінші сатыға көтерді. Дәл осы алдын алудың тиімді тетігінің бірі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті күшейту, әсілі адамдардың жемқорлыққа деген қарсы ұстанымын қалыптастыру, "жемқорлыққа - жол жоқ" деуге жеткізу. Мұндай қадамдардың нәтижелілігі бір-екі жылда емес, 10, тіпті 20 жыл ішінде өзінің тиімділігін танытса, қолға алынған жұмыстың текке кетпегені. Мұны мамандар да мойындап отыр. Себебі сыбайлас атанған адамдардың атын әшкерелеп, оның қылмысын ашық түрде халыққа жеткізу арқылы адам санасына ой салу, сол арқылы жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру уақыт қуып, жылдар санап отырғанды қажет етпейді.

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C