Министрліктің атын пайдаланған орталықт...

2017-01-20 09:25:49

    Бүгіндері білім саласын биз­нес көзіне теңейтіндер көп. Әсте олай болмауы керек. Себебі білім әу...

100-ДЕН АСА МАМАНДЫҚ ҚЫСҚАРДЫ кәсіптік с...

2018-08-23 12:45:07

       "Жастарды техникалық біліммен қамту төмен деңгейде. Жұмысшы мамандығына баратын жастард...

13 мың шетелдік білім алып жүр...

2018-01-11 03:46:07

   Қазақ жастары құрлық асып, шетел көріп жатса, отандық білімге бет бұрған шетелдік студенттер де а...

123
Желт 05, 2018 583

ІТ НАРЫҚ, ТЫҢ ИДЕЯҒА АСЫҚ

ІТ нарық жаңа сұранысты қажет етеді. Бұл идеясы бар, алабөтен ойлайтын жастарға үлкен…
Желт 05, 2018 462

Болашаққа нық қадам

Елбасының соңғы жарияланған "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы осыған дейінгі…
Желт 05, 2018 245

МИФ – МӘРЕДЕ БІРІНШІ

Жарнама - тауарды сатудың төте жо­лы. Бағасы мен дизайны көз арбайды. Сауда…
Қар 28, 2018 1002

БАТЫСТАН КЕЛДІ, ҚАЗАҚҚА ЕНДІ бизнес-тренингтердің берері бар ма?

Ақша табудың сан тарап жолы бар. Бірақ нарық дегелі ақыл-ой, дәулетті адамдардың өмі­рін…

Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Қоғам

Қоғам (159)

      Сыр бойы - қазақылықты бо­йы­на сіңірген, салт-дәстүрі мен әдет-ғұр­пын сақтап, ұлттық болмысын ұлықтап, өнері мен өнегесін жас өреңге үлгі ретінде ұсынып келе жат­қан өңірдің бірі. Мұның сыры қа­сиетті қара қобыздың үнін тамсана тыңдап, Тұрмағанбет жыраудың жы­рын жаттап, нар тұлғалы Нартайдың әндерін естіп өскен халық жадының мықтылығында болса керек. Өнер десе ішкен асын жерге қоятын қазақ халқы өткеніне құрметпен, келе­ше­гі­не сеніммен қарайтыны рас. Осы тұста ел жанашырларының қол­да­уы­мен көптеген іс-шаралар ұйымдас­ты­рылып келе жатқаны белгілі. Со­ның бірі Қызылорда облысының үш жылда бір рет өткізілетін "Қорқыт және Ұлы дала сазы" атты халық­ара­лық фольклорлық музыкалық өнер фестивалі.

   "Қорқыт ата кітабы" әлемге мәш­һүр жазба ескерткіш болса, Қорқыт - түркі тектес халықтарға танымал тұлға. Бүгінде Қорқыт есімін әлем на­зарына ұсыну, таныту - біздің міндет. Биыл төртінші рет өткізіліп отырған фестивальде алыс-жақын шетел­дерден, яғни Әзірбайжан, Өзбекстан, Қыр­ғызстан, Англия, Ресей Феде­ра­ция­сы (Татарстан, Башқұртстан), Түр­кия Республикасы, Қытай Халық Республикасы және еліміздің көр­некті ғалымдары мен өнертану­шы­лары бас қосты. Ата-бабамыздан мұра болып қалған өнер мен мәде­ние­тімізді ұрпақтың санасына сіңіру, болашақ­тың бағыт-бағдарына айнал­ды­ру, түркі тілдес халықтардың музы­ка­лық өнерін дәріптеу, өзара мәдени қа­рым-қатынасты нығайту. - фес­тивальдің басты мақсаты. Екі күнге со­зылған шара барысында әуелі Қы­зылорда облыстық Н.Бекежанов атын­дағы қазақ музыкалық драма театрында өнер көрсеткен меймандар ертеңіне Қармақшы ауданындағы Қорқыт Ата мемориалды ескерткіш-ке­ше­ніне келіп, "Салт-дәстүрі сақ­талған Сыр елі" атты этноауыл көрі­нісінің куәсі болды. Қазақ халқының саф алтындай сақтап келе жатқан салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы қонақтарға таныстырылды. Шыр етіп дүние есігін ашқан сәттен бастап кемеліне келген нағыз азамат боламын дегенге дейін орындалар салтты салиқалы Сыр жұрт­шылығы сахналаса, сөзден мар­жан терген жан­дар жыраулық, ақын­дық өнерін көр­сете білді.

Сәрсенбі, 20 Қыркүйек 2017 05:47

«Қазпоштаның» қазіргі әлеуеті зор

| Автор: 

     Хат алмасудың қадірін білетіндер пошта қызметіне әлі күнге жүгінеді. Көбі ішкі әлеміне қанық болмай, сыртынан тон пішіп жү­ретін пошта қызметінің де қиыншылықтары өз алдына. Пошта қызметі іскерлерінің ел үшін ұсынып отырған тиімді жобалары да жетер­лік. Баспа өнімдері мен хаттарды ғана тасымалдау емес, қатпарланған қалың шаруалары бар "Қазпошта" АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының жұмыс барысын таныстыру мақсатында 15 қыр­күйек күні филиалдың жаңа директоры Аида Әбибуллаева жер­гілікті БАҚ өкілдерімен кездесу ұйымдастырды.

    Пошта - бұл Қазақстан халқына қолжетімді жалғыз ірі желілік құрылым. Соның ішінде шалғайда­ғы ауыл-аймақтарды пошталық жә­не қаржылық қызметтермен қамта­масыз етіп отырған бірден-бір оператор. Республиканың барлық ау­мағы бойынша қалаларда, облыс жә­не аудан орталықтарында, ауылдық жерлерде бөлімше желілері арқылы пошталық, қаржылық қызмет түрлерін қабылдау, өңдеу, тасымалдау, хаттар, бандерольдар, сәлемде­мелер жеткізуді жүйелі түрде жүзеге асырып келе жатқан іргелі қызмет саласы осы - "Қазпошта" ак­цио­­нерлік қоғамы.

   Ал, Қызылорда облыстық филиалының құрамында Арал, Қазалы, Қармақшы, Сырдария, Жалағаш, Шиелі және Жаңақорған аудандарындағы пошталық бөлімшелері тү­гелдей дерлік қамтылған. Облыс бойынша барлығы 188-ден астам өнді­рістік нысандар жұмыс жасауда. Нысандардың басым көпшілігі шалғай ауыл-аймақтарында орын тепкен. Сондықтан да алыстағы ағайынның пошта қызметіне алғысы шексіз. Сапалы жұмыс, жүйелі жүйе, өндірістік нысандардың автоматтандырылған түрі де елге оң септігін тигізуде.

   "Қазпошта" АҚ Қызылорда облыс­тық филиалы тұрғындарға жиырмадан астам тиімді қызметтер ұсынып отыр. Бүгінгі күні облыс бойынша 10 банкомат жұмыс жасауда, осы жылдың ІV тоқсанының өзінде жаңадан 14 банкомат орнату жұмыстары жасалынбақ. Бұл - жұмыс жоспарында тұрған басты мәселелердің бірі. Қаржылық қызметтердің ішінде зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақы мен еңбекақы төлемдері бойынша қызметтерді ауыл тұрғындары жиі пайдаланады. Сол себепті ауыл тұрғындарына ыңғайлы болу үшін облыстың барлық аумағына Post-терминал құрылғысы орнатылған. Қаржылық қызметті тұтынушыларға ең тиімдісі әрі жылдам жұмыс жүргізетін осы терминалдар.

   Қазіргі таңда жаңа жобалар да қолға алынып жатыр. Соның бірі "Қазпошта" АҚ-ның бастамасымен қолға алынған "Жалақы төлеу жобасы". Жоба артықшылығы - бюд­жеттік мекеме қызметкерлері "Қазпошта" АҚ-ның пошта бөлімшелері арқылы халықаралық төлем кар­точкаларын рәсімдеп, еңбекақыларын алуға үлкен мүмкіндіктер жасайды.

  Бұлардан бөлек, баспасөз басылымдарына жазылу науқаны жылына 2 рет өткізіліп, халық назарына ұсынылып отырады. Баспасөз басылымдарына жазылу қызметі, облыс төңірегінде орналасқан 171 пошта өндірістік объектілер, оның ішінде Қызылорда қаласы бойынша 26 қалалық пошта байланыс бөлімшесі мен 29 пошта байланыс пункті, 8 орталық операциялық учаскесі, 104 ауылдық пошта байланыс бөлімшесі арқылы жүргізіледі. Облыстық филиалдың барлық өндірістік объектілері арқылы мерзімді баспасөз басылымдары арнайы жарақтандырылған көліктермен жеке және заңды тұлғаларға тікелей жеткізіліп беріледі. Бұл пошта қызметінің дәстүрлі көрінісі.

   

   Қазіргі ақпараттардың 80-90 па­йызы - ағылшын тілінде. Демек, ақ­параттың қайнар көзі шет тіліне байлаулы. Ал, әлемдік ақпарларды өз тілімізге аударып отырып уақыт жоғалтатынымыз белгілі. Ақпараттық тасқын уақытында ғаламдық ашы­лулар мен өзгерістерді жете түсініп, қажеттісін ала алмай отырғанымыздың бір себебі тілдік білім­нің әлі де ақсап жатқанын білдіреді. Бұл әсіресе, ақпарат саласында қыз­мет ететін журналистер үшін екі есе маңызды. Қазір, жасыратыны жоқ, тіл білген маманға сұраныс бар. Сұраныс болғасын, өзгелерден артықшылық болады. Ақпараттық алмасу дәуірінде тұрған кезде тілді білудің талабы журналистерге де жетті. Себебі алдағы 2-3 жылда жур­налистерге шет тілінде ақпарат тарататын кезең келеді. Сондықтан болар, қазірде бірқатар тілшілер тіл білудің қамына кірісіп жатса, ендігі бірі тіл білудің талабын әлі де сезіне алмай жүр. Осы себепті "Руханиятты жаңғырту" қоғамдық қо­ры Қызылорда облысында бірінші болып журналистерге арналған арнайы жоба дайындап, алғашқы қа­дам жасады. Нақтырақ айтсақ, қо­ғамдық қор "Қазақ тілді журналистердің кәсіби тілдік сауатын арттыру" жобасы аясында аймақтағы жур­налистердің басын қосып, "Жур­налистердің шетел тілінде ақ­парат алу мүмкіндігі" тақырыбында оқыту курсын ұйымдастыруды қолға алды. Журналистерді оқыту курсына Қызылорда облыстық Ішкі саясат басқармасы мен "Қазақылықтың Атамекені" қоғамдық қоры қолдау білдірді.

   Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне бағытталған оқыту курсын тіл маманы, журналист Сағира Уәлиева жүргізді. Баса айта кетерлігі, оқыту курсы ағылшын тілін тек қана үйретіп қоюды мақсат етпейді, бұл курс журналистика саласында шет тілінде ақпарат алмасудың жолын үйреніп, еркін диалогтық алаңдар құ­ру­ды жоспарлауды, қысқасы, аталған оқыту журналистерді кәсіби бағытта дамытуға арналды. Білім алуға бұ­қаралық ақпарат құралдары өкіл­дері мен аудан журналистері, мен­шікті тілшілер мен журналистика ма­ман­дығында білім алатын студенттер қатысты.  

Токиода дүниеге келіп, бірнеше жыл қазақстанда тұрған зерттеуші Нацуко Ока өзінің "Другая Япония жизнь без чайной церемонии" атты кітабында Жапонияның әлеуметтік саясаты күрделі кезеңдерді бастан кешіп отырғанын жазады. Зерттеушінің зерттеуіне түрткі болған не нәрсе? Күншығыстағы халықты нендей мәселе толғандырады? Кітапта қамтылған ойларды оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік. Оқыңыз, ой таразылап көріңіз.

ЖАПОНДАР НЕГЕ АЗАЙЫП БАРАДЫ?

    Бүгінде жапон отбасы­ла­ры­ның басым көпшілігі тек бір баламен ғана шектелуде. Бұ­рындары қатал саясатқа көндіккен қытайлар секілді "бір бала" саясатын ұстан­бай­тын жапондықтар соңғы кез­де­рі көпбалалы болуды қала­май­тын көрінеді. Ресми ста­тис­тикалық ақпарға сүйенсек, әр бес жыл сайын жүргізі­летін санақ нәтижесінде күншығыс елінің тұрғындарының саны жылма-жыл кеміп барады. Қа­зірдің өзінде Жапония­да­ғы халық саны 127 миллион. Бі­рақ сарапшылар жапон­дық­тардың жылма-жыл қата­ры кеміп, туу көрсеткіші кө­ңіл көншітпейтінін айтуда. Зер­ттеушілер мұндай жағдай жалғаса беретін болса, 2048 жылы Жапонияның халық са­ны 100 миллионға кемиді. Ал, 2060 жылы бар болғаны 87 миллион ғана жапондар өмір сүрмек деген қорытындыға ке­ліп отыр. Ойлап қарасаңыз, қорқынышты. Сарапшылар бала туу көрсеткіші төменде­уі­­нің себебін елдегі эконо­ми­калық тұрақсыздыққа балап отыр. Бұрындары Жапонияда экономиканың жоғарғы өсімі тұрақты жұмыс орнын сақтап қа­луға мүмкіндік берген. Ал, қа­зірде жапондық отбасы­лар­­дың дені жан басын асы­рауға же­тетін айлықтың мар­дым­­сыз­дығынан көпбалалы отба­сы болуды аса қаламай­ды. Ал, от­басы бақытын бі­рін­ші орын­ға қоятын әйел­дердің 70 пайызы сәби бол­ған кезеңнен бастап жұмыс­тан шығуға арыз береді. Ең­бек нарығындағы ах­уал елдің табыс ресурсын тө­мендетеді. Осыны ескерген би­лік балалы әйелдердің жұ­мыс орнын сақтап қалу үшін жоғары курс студенттерін қыз­метке тар­тып, сағаттық жұмыс көзін реттеудің жолын ұсынуда. Алайда мұның қа­шан­ға дейін созылатыны бел­гісіз.

    Қиын балалармен жұмысты мемле­кет­тік мекемемен қатар 2015 жылдан бе­рі "Сыр Ұландары" қоғамдық бірлес­тігі де жүргізіп келеді. "Сыр Ұландары" ор­талығы тәуекел топтағы, есепте тұр­ған және девианттық мінез-құлқы бар ба­лалармен жұмыс істейді.

   "Сыр Ұландары" орталығы БҰҰ-ның Қы­­зылорда облысындағы бірлескен бағ­­дарламасы,  ЮНИСЕФ-тің Ба­ла­лар қоры мен Еуропалық Одақтың "Қа­зақстандағы балаларға және олардың құқықтарын қорғауға арналған әділ­­сот жүйесін нығайту" бағдарламасы аясында жұмыс жасауда. Аталмыш ор­­талық қоғамда заңға қайшы әрекет жа­саған балалар мен олардың отбасы­ла­­рымен жұмыс жасау үшін арнайы ашыл­ған. Негізгі мақсаты - заң бұзушы­лыққа барған балаларға арналған баламалы әділ сот жүйесінің қазақстандық үл­гісін әзірлеу және енгізу. Орталықтың ат­қаратын қызметімен танысу үшін біз "Сыр Ұландары" орталығының директо­ры Сәуле Маутанқызымен тілдесіп қайт­тық. Орталық директорынан бөлек мұнда, координатор, психолог және 3 әлеуметтік қызметкер балалармен жұ­мыс жасайды екен.

   Қызылорда облысының кәмелетке тол­­мағандардың істері жөніндегі маман­дан­­дырылған ауданаралық сотының шешімен "Сыр Ұландары" қоғамдық бір­­лестігіне биылғы жылдың 6 айында қылмыстық істер бойынша 3 сотталушы 6 ай мерзімге жіберілген. Бірі 2 жыл бас бостандығынан шеттетілсе, біріне 1 жыл пробациялық бақылау белгіленген. Бұл - нақты ресми ақпарат.

    Орталыққа сот шешімімен келген ба­ла бірлестіктің психолог мамандарымен ұйым­дастырылатын іс-шараларға қаты­су­­ға міндеттеледі. Ал, жоғарыда атап өт­кен бағдарламаға сот шешімімен жіберіл­ген немесе полиция есебінде тұрған, заң­ға қайшы әрекет жасаған 10-18 жас ара­лы­­ғындағы балалар мен олардың ата-ана­­лары қатысады. Алғашқы кезде, яғни 2015-2016 жылдары мұнда тек 14-18 жас ара­лығындағы алғаш рет жеңіл және орта дәрежедегі қылмыс жасаған балалар келсе, 2016-2017 жылы жас аралығына өз­ге­ріс енгізіліп, 10-18 жастағы балаларды қа­былдауды бастаған.

Сейсенбі, 08 Тамыз 2017 11:21

Темір торсыз түрме жазасын өтеу

| Автор: 

     Жаһандану Қазақстанды жарқын биіктерге жетелеу үстінде. Қазақ елі өркениетке өзгеше қар­қын­мен, жаңа леппен ілесіп келеді. Ата заңның бү­гінгі баптары да әлем елдерінің тәжірибелеріне сү­йене отырып өзгерістермен жаңаруда. Соның бірі - про­бация туралы заң. Енгізілгеніне көп уақыт бола қой­маса да, жасалынып жатқан жұмыстардың шет-жа­ғасы көпке мәлім.

    

      Тіршілік қыз-қыз қайнап жатыр. Қалайда өмір сүру керек. Нарықтық өмірдің қызған шағы адамдарды тіршілік үшін тыр­мысып тірлік етуге шақырып тұр. Жан бағу жолында әркім әр түрлі жолды таңдайды. Бірі базар жағалап, саудаға бет бұрады, бірі кеңсе жұмысын керек қылады, енді бірі құрылыстың қазанында қайнап жүр. Қарап тұрсаң, құ­мырсқаның тіршілігіндей қай­наған өмір. Алайда жер бетін мекендеген жұмыр басты пенде­нің басты уайымы сол, жан бағуға жетерлік жұмыс табу. "Жер ша­рын­да жұмыссыздық дендеп ба­рады" деген қауіп бүгінде көптің құлағынан кетер емес. Бұл - біздің де ортақ мәселеміз. Әлбетте, қара аспанды қапылтып, жұмыс жоқ деуден аулақпыз.

       Ислам діні - әлемдегі ең көп тараған үш діннің көшбасшысы. Өзінің игілікті насихаттайтын ақиқаттылығымен әлем халықтарының сенімді дініне айналды және бұл діндегілер ешқашан сол сенімдеріне селкеу тү­сірген емес. Алайда, ақ тілектері "теракт" емес, тыныштық пен бейбітші­лік болған мұсылмандардың тазалығына кір келтірушілер жетіп артылады. Қой терісін жамылған қасқыр сынды қара жамылғандар ислам діні­нің қадірін қашырып, шынайылығына нұқсан келтіріп бағуда. Оған әлемде болып жатқан жарылыстар мен азаматтық соғыстар дәлел. Бұл жайт­тан алып мемлекет Қытай да сескенсе керек. "Мешіт" десе төбе шашы тік тұратын аспан асты елінің астарлы саясаты шетте жүрген отандаста­ры­мызға оңайға соқпай жүрген көрінеді.

   Тіпті жақында ғана аяқталған қасиетті Рамазан айында ораза ұстай алмаған қандас бауырларымыз Қытайдың саясатына қарсы келе алмай отыр. Сол елде өмір сүріп жүр­ген­нен соң шарасыздан шарттарына көндігеді, заңдарына бас иеді. Ол ол ма, Қытайдағы  қазақ ауылдары мен аудандарындағы мешіттердің тұрақты жұмыс жасай алмай жүргенін естігенімізде шетелдегі қандастарымыздың жайына бір сәт назар аудардық.

   Қазақ «сөздің қаңқуы, аурудың шаншуы жаман» деген. Айтылған мәсе­ле төңірегінде ҚХР-ның тұрғыны, бүгінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің дайындық курсын тәмамдаған Таңжарық Нұрланның мына бір әңгімесіне құ­лақ түрдік:

   Оба ауруын білмейтін адам кемде кем шығар. Аты шулы дерт дендеген ай­мақ­тың осы күнге дейін оңғаны болған емес. Ін­деттің пайда бо­луын ескі кездегі жаппай қырылумен де байла­ныс­тырып жата­ды. Әйт­се де, жалғыз-жа­рым адам­дар­дың обамен ауруы бір ғана елге емес, бар әлемге алаң­дау­шы­лық туғы­зады.

   Оба сөзі латын ті­лінен аударғанда ке­нет­тен ба­сып кіру деген ма­ғына бе­реді екен. Расын­да күт­пеген қонақ болып келіп, тығыз ор­наласқан халық­тар бы­лай тұрсын, өмірі көш­пелі қалыптағы ха­лық­­тарды да сан ға­сыр­­лар бойы сорлатып келе жат­қан індет. Қына­дай қы­рылып кеткен ха­лық­тар да қаншама. Оба аса қауіпті зоо­ноз­ды әрі таби­ғи ошақты ка­ран­тиндік жұқпалы ауру ре­тін­де қаралады.

   Қазақстанның 10 қа­ласында обаға қарсы кү­ресу бекеттері болса, олар­дың 13 аудандық бө­лімшелері бар.

  Табиғатта обаны ұда­йы таситындар - түрлі ке­міргіштер. Бұлар оба­мен ауырып, одан өледі, ін­дет­ті біріне-бірі тікелей жанасқанда немесе өзде­рінің үстінде көп болатын бүргелердің шағуы ар­қылы жұқтырады. Оба көп жылдар бойы сары­шұ­нақтар мен құм­тыш­қандар арасында Ақтөбе облысында табы­лып, сон­да тіркелген бо­латын. Соңғы кезге дейін оба Шалқар, Ырғыз, Бай­ға­нин, Ойыл, Темір аудан­да­рының құмдары мен қырларында тіркел­ген. Әзірге ғылымда оба ін­детін толық жойып, құр­ту­дың ұтымды шара­сы  табыла қойған жоқ, сол себепті адам­ның оны­­мен зақымдану қау­пі бүгінге дейін сақ­талып келеді.

   Топырағына дейін тектілік тұн­ған Қармақшы өңірі туризмнің тө­ріне айналып келеді. Турист тарту турасында да "Қорқыт ата" мемо­риал­­дық кешені көш басында тұр. Де­малушылардың дені отандас­та­рымыз болғанымен соңғы кездері шет елден ағылып келіп жатқан ту­ристер тірі тарихқа таң қалуда. Ен­деше қазақылықтың қаймағын тарт­қыңыз келсе, ауылға жүріңіз. Жай ауыл емес, этноауылға. Осы ата­лып отырған мемориалдық ке­шенде ұйымдастырылған этноауыл бүгінде ел аузында. Сол себепті ауыл жайына толығырақ қанық­қы­сы келетіндер жетіп артылады. "ЭКСПО-2017" Халықаралық ма­мандандырылған көрмесі аясында Қызылорда облысының кәсіпкер­лік және туризм басқармасы мен "Самұрық инновациялық идеялар­ды дамыту орталығы" қоғамдық қо­рының жұмысы нәтижесінде этно­графиялық ауыл қонақтар үшін қызмет ететін болады.

   "Қорқыт ата" мемориалдық кешенінде ұйымдастырылған этно­ауылдың негізгі көздеген мақсаты - қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттау, келуші­лерге кешенді көрсетіп, таныс­тыру, Қызылорда облысының ту­ристік әлеуетін арттыру.

  Түтіні түзу ұшқан ауыл қонақ­тар­дың көңілінен шығу үшін ба­рын салып бағуда. Негізінен 2017 жылдың 20 маусымында салта­нат­ты түрде ашылған ауыл үстіміз­дегі жылдың 15 қазанына дейін жұмыс жасай беретін болады.

    Ауылдың көркін келтіретін әрине киіз үй. Ағаш үйлердің мұн­да түр-түрі тігілгендіктен қызы­ғу­шы­лық­ мол. Қараша үйлердің атау­лары да ерекше. Атап айтар бол­сақ, "киіз үй - бұйымдар үйі", "саз бұ­йымдар үйі", "кілем бұ­йымдар үйі", "хан киіз үйі", "был­ғары бұ­йым­дар үйі", "зергер­лік бұйымдар үйі", "иірілген жіптен жасалған бұ­йымдар үйі". Осы үйлерде облы­сы­мыздағы қолөнер шеберлері шеберлік сыныптарын көрсетіп, өз өнімдерін туристерге ұсынуда. Ең ерекше киіз үй - 16 қанатты хан киіз үйі. Келушілерді таң қал­ды­рып, ұлттық құнды­лықтың қа­сиетін сездіретін дүние осы үй болып отыр.

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C