Министрліктің атын пайдаланған орталықт...

2017-01-20 09:25:49

    Бүгіндері білім саласын биз­нес көзіне теңейтіндер көп. Әсте олай болмауы керек. Себебі білім әу...

100-ДЕН АСА МАМАНДЫҚ ҚЫСҚАРДЫ кәсіптік с...

2018-08-23 12:45:07

       "Жастарды техникалық біліммен қамту төмен деңгейде. Жұмысшы мамандығына баратын жастард...

13 мың шетелдік білім алып жүр...

2018-01-11 03:46:07

   Қазақ жастары құрлық асып, шетел көріп жатса, отандық білімге бет бұрған шетелдік студенттер де а...

123
Желт 05, 2018 583

ІТ НАРЫҚ, ТЫҢ ИДЕЯҒА АСЫҚ

ІТ нарық жаңа сұранысты қажет етеді. Бұл идеясы бар, алабөтен ойлайтын жастарға үлкен…
Желт 05, 2018 461

Болашаққа нық қадам

Елбасының соңғы жарияланған "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы осыған дейінгі…
Желт 05, 2018 244

МИФ – МӘРЕДЕ БІРІНШІ

Жарнама - тауарды сатудың төте жо­лы. Бағасы мен дизайны көз арбайды. Сауда…
Қар 28, 2018 1002

БАТЫСТАН КЕЛДІ, ҚАЗАҚҚА ЕНДІ бизнес-тренингтердің берері бар ма?

Ақша табудың сан тарап жолы бар. Бірақ нарық дегелі ақыл-ой, дәулетті адамдардың өмі­рін…

Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Қоғам

Қоғам (159)

       Мүмкіндігі шектеулі балалардың да EXPO-2017 көр­­­­месі аясындағы өткізіліп жатқан шараларға үлес қо­суына мүмкіндігі бар. Өткен аптада Қы­зыл­орда қалалық ішкі саясат бөлімінің қол­дауымен "Көк­жиек" қоғамдық қоры ұйымдастырған ша­­ра сөзі­міз­ге дәлел бола алады. Қоғамдық қор Тас­бө­гет кентігі әкім­­шілігінің ғимара­тында өткен ша­рада "Мүмкіндігі шек­­теулі балаларды қолөнер үй­ре­ту жұмыстарын ұйым­­­дастыру" жобасы ая­сында өт­кіз­ген оқыту курсын қо­­рытындылап, қолөнер үйір­месінің шағын көрмесін қойды.

  Мұндағы қолөнер үйірмесін ұйымдастырудағы не­­гізгі мақсат - оқу тәрбие процесінің әлеуметтік жағ­­­­дайын қамтамасыз етуге ықпал жасау. Білім про­це­­сіндегі барлық қатысушылардың денсаулығын сақ­тауға арналған психологиялық қолдауды дамы­тып, өнерге бейімдей отырып тәрбиелеу.

   Әрбір баланың тұлғалық қабілетін қалыптас­ты­руға бағытталған жоба ағымдағы жылдың сәуір айын­да жұмысын бастаған. Мұнан соң, 2 ай кө­­ле­мінде кент­тегі мүмкіндігі шектеулі балаларға қол­­өнер үйір­ме­сінен оқыту курсын жүргізген. Ал, оқы­тудың кес­тесі арнайы мамандармен келісіліп бе­кі­тілген және ап­таның сейсенбі мен жұма күндерінде өт­­кізіліп отыр­ған екен. "Көкжиек" қоғамдық қоры­ның төра­йы­мы Аймен Сексенбайқызының айтуын­ша, қол­өнер үйірмесіне қатысуға ниет білдірген мүм­кін­­дігі шектеулі 40 бала екі ауысымға бөлініп оқы­тылған.

 

   Осы апта әлем назары Қа­зақс­танға ауады. Тарих сахнасында қалатын "EXPO-2017" халық­ара­лық мамандандырылған көр­ме­сі өтеді. Үш айға созылатын алып жобаны жұртшылық жақсы біледі. Әлемдік аренаға апаратын халық­аралық көрмені көруге алыс-жақын шетелдіктердің ат басын бұратыны белгілі. Осы уақытқа дейін "EXPO-2017"-ге қатысты түрлі пі­кірлер мен көзқарастар баспасөз бе­тінде жиі талқыланып келді.

   Бүгінде көрмеге ниет танытып отыр­ған шетелдіктер көп деседі. Еуропа мен Азиядан 115 мемле­кет­тің басын қосқалы отырмыз. Әрине, елдегі маңызды шараға қа­зақстандықтардың да қосар үлесі мол. Бүгінде республиканың әрбір аймағынан Астанаға апарар базарлық аз емес. Сыр халқы да әлемдік көрмеге бір кісідей атсалысып, қолдау көрсетуге ат терлетпек. Қы­зылордалықтардың "EXPO-2017"-ге дайындығы қандай? Сыр елінен аттанатын азаматтардың саны қан­­ша? Халықаралық көрме жұмысына дайындық барысын таразылаған жергілікті билік журналис­тер­дің сұрақтарына жауап қайырды. Бейсенбіде болған брифингке Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшы­сы­­ның орынбасары Азамат Дос­жа­­нов, облыстық ауыл шаруа­шы­лы­ғы басқармасының басшысы Бақыт Жаханов, облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Жанат Құрамысова, "EXPO-2017" ресурстық орталы­ғы­ның директоры Жандос Тұсмағамбетов көрме аясында жұмыстарды тізбеледі.

     Соғыс  - үлкен тауқымет. Оның азабын тартқан жерлес­те­ріміз елімізде жетіп артылады. Ұлы Отан соғысы ардагерлері ел мақтаныштары екені даусыз. Осы қатарға те­ңестірілген Чернобыль ардагерлерінің ерлігі көп айтылмай қал­ды. Бірі білсе бірі тани бермейтін тұлғалар Сыр топы­рағында өмір сүруде. Өмір бойына жан дертімен соғысып ке­ле жатқан Чернобыль сарбаздарының дені айықпас дерттен көз жұмған. Шындықтың айтылар кезі келгенде осы та­қы­рыпта сәті түскен сұхбат жасап халыққа ұсынғанды жөн көр­дік. Ерлік нағыз азаматтың ісі. Радиация улаған халық әлі күнге ащы дерттің дәмінен құтылмаған. Осы мәселе жө­нінде облыстық "Чернобыль Ардагерлер қоғамының" төрағасы Сансызбай Сәндібеков бізге бар шындықты еш бүкпесіз айтып берді.

   - Ширек ғасырға кері шегініп, Черно­быль апаты туралы және өзіңіз ол жаққа қа­лай, қашан барғаныңыз жайлы айтып берсеңіз?

   - Чернобыль - мұңды қала. Ол кезде шерлі шерменделерге шыңғырып шың­дық айтқандардың жан айқайы жете қойған жоқ. Айтпақ түгілі не болып жат­қанын түсіндіріп бере алатын жағдайда емес еді ешкім. Естеліктерден байқаға­ны­ңыздай адамдардың көшелерде құлау себебі кешегі күнгі дүмпуден болды деп ой­лауға да болмайтын заман. Жан бала­сы жанекпін күйде қалғандай тұнжырап, мығым адамдар әлсіреген күйде өз-өз­деріне аң-таң. Әскерилер бір күннің ішін­де көбейіп кеткен. Жұрт жұт келгендей не істерін білмей, шарасыз күйде тере­зелерін қымтай бастады. Не дегенмен улы ауа қала ішін шарпып барады деген сыбыс таралып кеткен. Қайсібірінде ра­диация деңгейін анықтап, өлшеп оты­ратын Гейгер механикалық есептегіш құ­ралы болды дейсіз. Ол заман өзі тех­ни­ка енді-енді қарқын алып дамып келе жат­қан кез. Шындығына келген­де де күдік, күмәннің барлығы да рас­талды...

   Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы "Мәдениет - ұлттың бет-бейнесі, ру­ха­ни болмысы, ақыл-ойы, парасаты. Өр­ке­ниетті ұлт ең алдымен тарихымен, мә­дениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұл­ғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үле­сімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзі­нің төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады", - деп айтқан болатын.

   Расында, қазақтың өзге елдер ал­дында мақтана алатындай рухани байлығы мол. Соның ішінде өзінің төл тарихында бірнеше мемлекеттің ор­талығы болған Сыр өңірінің мәдениеті мен өнері, тарихи жәдігерлері айыр­бас­тауға келмейтін рухани қазынасы болса, тарихи тұлғалары - ұлттың мақ­таныштары. "Сыр - Алаштың анасы" атанған Қызылорда өңірі - ғасырлар бо­йы қалыптасып келген қазақ мәде­ние­тінің көне ошақтарының бірі. Бү­гінгі таңда қала мәдениетін дамыту, оның бүгінгі тәуелсіз еліміздің жаңа буын өкілдерінің сұраныс деңгейіне кө­теру, насихаттау - біздің басты мақ­сатымыз»,- деп әңгімесін бастады біз­бен сұхбатында "Қалалық мәдениет үйі, клубтары және халықтық ұжымдар" МКҚК директоры Эльмира Қожас­қызы Қанатбаева.

  Алдағы жылы 200 жылдық мерей­тойы тойланғалы отырған Қызылорда қаласының жайнап-құлпыруына, өсіп-өркендеуіне, тәуелсіздік жылдарында оң өзгерістерді бастан кешуіне тікелей үлесін қосып келе жатқан "Қалалық мәдениет үйі, клубтары және халықтық ұжымдар" МКҚК-ның алар орны ерекше екендігі даусыз. Кәсіпорынға қарасты қызмет көрсетіп отырған мекемелермен қатар 2017 жылдан бас­тап қала әкімінің қолдауымен "Мәде­ни және бос уақытты өткізу жөніндегі қызметті ұйымдастыру" бөлімі құрыл­са, 28 жылдық тарихы бар "Мереке-думан" әзіл-сықақ отауы 2016 жылдың қазан айында Мәдениет министрлі­гінің жарлығымен "халық­тық" атаққа ие болған.

 

    Тіл үйіретін қазақтың ұлттық тағам­да­ры нарықтың арынды қарқынына осы күнге дейін ілесіп келді. Жесең ті­сіңе, жемесең түсіңе кіретін "бес бармақтың" ас төресі болып қала берері хақ. Қазақ "ақ іш, артынан тағы іш" деп ағар­ған­ның да денсаулық үшін тигізер пайдасы орасан зор екенін әуелден білген. Адам не жесе тұрпаты соған ұқсас келеді деген болжам дәлелденген бүгінде. Мысалға, шұбат шымыр денеңе түйедей күш беріп, шұбат ішкен адам шыж­ғыр­ған ыстыққа да шыдас берген. Күш атасын танымайтын түйе балуандардың алып­тығы осы түліктің етінен дарыған күшпен келген деп болжаса керек қазекең. Қасқыр мі­незді қазақ жылқының етін өзіне жақын көрген. "Жылқыдай жүй­рік", "тұлпар тек­тес" деп теңеу айт­қаны тектен тек емес. Қымыран мен қымыздың, қазы мен қартаның қазақ үшін ең сүйікті ас екені айтпаса да белгілі.

   Ұлттық тағамдарымызға еліміздің ма­­манданғаны сонша, етті жілік-жі­лікке бөліп, табақ тарту мәдениетін қа­лып­тастырып қойған. Қой мінезді қа­зақтар қой етіне де қасқырдай тиетін. Дү­ние төңкеріліп жатса да, сабырлы қалпынан таймайтын қоймінезділерге қарап қойдың еті шынымен де денеңе даритыны рас екен-ау деп қаласың.

   Осынша тамақтану мәдениетінде талғампаздықтың төресін көрсеткен бабаларымыздың ұлы дала данагөйлері екенін мойындамай көріңіз осыдан ке­йін. Көнекөз қариялар ашаршылық кезеңде көз жұмған мұсылмандардың көп болғанын тілге тиек етеді. Аш кезде же­ген құйқаның дәмін тоқтықта ұмытпауыңыз үшін және тойып секіретіндер тәуелсіздіктің қадіріне тәу етпей жүрген болар деген оймен өткенді есіңізге салайық.

Бейсенбі, 11 Мамыр 2017 10:01

Еңбегі еленген ерен ерлер

| Автор: 

   

   Биыл Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің құрылғанына - 25 жыл. Өткенге көз тастайтын болсақ, көп істің жасалғанын айқын аңғаруға болады. Әсіресе, қорғаныс күшін жасақтау кез келген мемлекеттің айбарын асқақ етеді. Әрине, қуатты әскер армиясын құру тыңғылықты дайындық пен толымды тәжірибені қажет етеді. Бұл тұрғыда Қазақстанның тә­жірибесі де, кадрлық әлеуеті де то­лық қалыптаспаған еді. Десе де, ауыртпалық жүкті арқалаған жауаптылар қуатты әскер құрудың жолын бастады. Тоқсаныншы жылдардағы қиыншылық материалдық базаның жоқтығы жоқтан бар жасауға итермеледі. Осылайша, 1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Президенті, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы" Жарлыққа қой қойып, төл армия №745 Жарлық бойынша жасақталды. Міне, содан бері ширек ғасыр өтті. Елдің еңсесі тіктелген тұста қазақ армиясының қуатына қан жү­гіріп, армияның айбыны артып, кә­сіби біліктілігі жоғары әскерилердің қатары толды.

   Жыл сайын Елбасы, жергілікті атқамінерлер қа­зақ армиясының туын жоғары ұс­тай­тын құқық қор­ғау органдарының қызметкерлерін құттықтап, салтанатты қабылдау жасайды. Биылғы марапат ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдық айтулы мерекемен тұспа тұс келді. Әр аймақта еңбегі еленіп, құрмет төрінен көрінген шенділер марапатталды. Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мерейлі сәтте Қорғаныс саласында қызмет ететін бірқатар азаматтарды қабылдап, мерекемен құттықтады.

 Салтанатты қабылдау жиынына Р.Боханова, С.Дүйсенбаев, Ш.Әбді­рах­манов, Д.Сүлейменов, С.Әбішев және қаладағы құқық қорғау органдарының басшылары қатысты. Қабылдауда шаһар басшысы Нұрлыбек Машбекұлы өткенге шегініс жасап, Қазақстан армиясының өткені мен бүгінін айтып, жиналғандарды төл мерекемен құттықтады.

       Ондаған миллион ха­лықтың өмірін қиып, қан­ша қалаларды күй­реткен фашизмге қарсы соғыстың жеңіспен аяқ­талғанына - 72 жыл. Ел ба­сына күн туған сұра­пыл соғыс жылдары елін жаудан қорғаған ерлер­дің ерлік істері жыл са­йын Ұлы Жеңіс күнінде сана­да жаңғырады. Жау­ға қасқая қарсы тұрған май­дан­герлерге құрмет көр­сетіп, ерлікті еске алу бей­­біт күннің бүгінгі ұрпақтарына артылар міндет. Жау ұясына жа­лау тіккен Ұлы Отан со­ғысының ардагерлерінің ерлігі ұлтқа мақтан, ұрпаққа үлгі болып қала бермек.

   Көзсіз майданда қаза тауып, сұм соғыста ер­лікпен көз жұмған, жеңіс туын жоғары ұстаған майдангерлерге тағзым етуде ұрпақтары жыл са­йын Тағзым алаңына барып, батыр бабаларды еске алып, гүл шоқтарын қойып, тағзым етеді. Қызылордалықтар Ұлы Жеңістің 72 жылдығын салтанатты түрде атап өтіп, майдангер қария­лар­дың жанқиярлық ер­лі­гіне бас иіп, құрмет көрсетті.

Бейсенбі, 11 Мамыр 2017 09:54

Ардагерлермен арнайы кездесу

| Автор: 

   1941-1945 жылдары аралығындағы Ұлы Отан соғысы жылдарында ұрыс даласында ерлік көрсетіп, елін қорғаған бүгінгі ардагерлерге қандай құрмет көр­сетілсе де лайықты. Биыл жеңістің 72 жылдығына орай облыс әкімі және орынбасарлары, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері, "Нұр Отан" облыс­тық партиясының филиалы, мәслихат депутаттары, облыстық басқармалардың, құқық қорғау органдарының, мұнай компаниялары мен кәсіпорын және мекеме басшылары мерекелік игі шаралар ұйымдас­тырды. Жеңіс күні қарсаңында ардагерлердің үйлеріне барып, материалдық көмек көрсетіп, арнайы сый-сияпаттар әзірленіп, гүл шоқтарымен бірге облыс әкімінің құттықтау хаттары табысталды.

  Мұндай шаралардың бірі - 6 мамыр күні қала әкімі аппаратының ұйымдастыруымен "Астана" мейрамханасында өткен ардагерлерді қабылдау шарасы. Бұл күні жиналған ардагерлерді ұлттық аспаптарды сүйемелдеген арнайы оркестр күймен күмбірлете күтіп алып, төрге шығарды. Сонымен қа­тар, Ү.Медеуова, Ш.Бейімбетова, З.Баймырза, С.Байсейітова сынды жергілікті өнерпаздар сызылта ән салып, терме орындады. Ардагерлерді қабылдау шарасында алғысөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақов отты жылдарда ерлік көрсеткен ардагерлерге алғысын жеткізді.

   - Ел басына қауіп төнген шақта, 70 мыңнан астам облыс азаматтары фашизмге қарсы шығып Отан қорғауға аттанып, көпшілігі майдан даласында шейіт болды. Елге оралған соғыс куәгерлерінің қатары айтарлықтай сиреп қалды. Бүгінгі көзі тірі 50-ге жуық майдангер ардагеріміз ел амандығы мен бірлігін, ынтымағын ойлап, тәуелсіз еліміздің көркейіп, гүлде­ніп, салтанат құруына тілекші болып жүр. Біз олардың өшпес ерлігін бағалап қарттардың өмірін жеңіл­детіп, денсаулығын сақтау бағытында қолдан келгенді жасауға тиіспіз әрі міндеттіміз. Себебі, жеңіс күнін жақындатқан әрбір жауынгерге, тылда еңбек ет­кен ардагерге қарыздармыз,- деді ол өз сөзінде.

   Ұлы Отан соғысының ардагері Танеш Оразов елге бейбітшілік пен тыныш заман тілеп, ақ батасын бер­ді. Мұнан кейін сөз алған тыл ардагері Лидия Ким соғыс жылдары кезіндегі елдегі болған қиын кезеңдерді еске алды. Сол жылдары қазақ даласындағы халықтың ерекше ауызбіршілігін, ынтымағына әлі күнге тамсанатындығын жасырмады. Мерекелік қабылдау кешінде ардагерлер тарихқа айналған естеліктерімен бөлісіп, концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

М.ӘДІЛБЕКҚЫЗЫ

 

   Туған елі мен жері үшін кеудесін оққа тө­сеп, ерен ерліктің үлгісін көрсеткен аралдық айбынды жерлесіміз, Кеңес Одағының батыры Мақаш Балмағамбетов еді.

    Әртүрлі дереккөздерден батырдың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы мәліметтерді жинақтап, зерделей отырып, оның қандай дәрежеде екеніне көз жеткіздік. Әр жылдардағы "Кеңес Одағының батырлары" сериясымен шығарылған жинақтарда М.Балмағамбетовтың қысқаша өмір жолдарын жариялаумен ғана шектеліп отырған. Интернет дереккөздері де қысқа мазмұнда беріліп келген. Батыр ерлігін зерттеп-зерделеген арнайы ғылыми не әдеби еңбектерді кездестіре алмадық. 1964 жылы шыққан Т.Д.Журавлевтың "Верные сыни России" деген кітабында да жалпылама суреттеліп, жаңсақ пікірлер орын алған. Ең бастысы батырдың шыққан тегі, туған-өлген жылдары, өмірінің әртүрлі кезеңдері жайлы нақты, шынайы мәліметтер жарияланбай келген. Айталық, "Ортаймаған қазаны, қазыналы Қазалы" деген еңбекте  батырды Қазалыда ту­ғы­зып және 1944 жылы қаза тапқан деген жаң­сақ пікірлер жазылғанын көруге болады. Оның үстіне Қазалы және Арал аудандық мұражайларында батыр жерлесіміз жайлы мәліметтердің жұтаң, бір фотосуреті мен ресми өмірбаяндық деректері берілгендігіне куә болдық. Кейбір басылым беттерінде батырдың тегі туралы жаңсақ пікірлер жа­рияланған. Айталық, оның Арал топырағында туып-өскендігі назарға алынбауының бас­ты себебі - батырдың туған жері ретінде сонау патшалық Ресей тұ­сын­дағы ескі басқару бөлінісіне сәйкес, Қазалы уезінің №17 ауы­лы көрсетілген. Мұрағаттық деректерге сүйенсек, 1927 жы­лы құрылған Арал ауданы әуелгі кезде Қызылорда округінің, ал ок­руг­тердің қайта құрылуына байланысты 1930-1938 жылдары Ақтөбе облысының құрамында болғаны мәлім. Сол тұстағы Арал ауданы көлемінде 32 мың халықтың тұрғандығы, №10 Бөген, №11 Қаратерең, №18 Қамбаш-Аман (Аманөткел), №18 Қамыстыбас сияқты ауылдық кеңестерінің халқы жайлы мағлұматтар бар. Осы сипаттағы деректердің арқасында бұған дейін М.Балмағамбетовтың ата-бабасы туып-өскен жер Арал өңірі екен­дігі белгісіз болып келген еді. Енді бірде Қазалы ауданының, бірде Қарақалпақ елінің ба­ты­рлары тізімінде аталып келген жерлесіміз жайлы "ақтаңдақтары" ашылған тарихи шындық аралдықтар жүрегінен мәңгілік орын алуы тиіс.

       Айтып келмейтін апаттың бірі осыдан 31 жыл бұрын көрініс тапқан болатын. Ол оқыстан орын алған Чернобыль атом электрстан­ция­сындағы апат. Бүгінде тарихқа еніп кеткен осы күн  адамзат баласына келтірген залалы мол ХХ ғасырдағы ең ірі техногендік радиациялық апат қатарында. 1986 жылдың 26 сәуірінде апаттың салдарынан келген шығын­дарды жойып, көмек қолын созуға 600 мыңға жуық адам жұмыл­дырылған. Мұның ішіндегі химия­лық қорғау полкі құрамында 32 мыңын қазақстандық құрады.

  Сәрсенбі күні қалалық ішкі саясат бөлімі және қалалық "Чернобыль" қоғамдық бірлестігі Чернобыль атом стан­циясының жарылғанына 31 жыл толуына орай "Тағзым" алаңындағы Ауған, Невада-Семей, Чернобыль құрбандарына арналған ескерткіш маңында тағылымды шара ұйым­дастырды. Шарада ел үшін ауыр қасіретті басынан өткеріп, қаза тапқан азаматтардың ерлігін бір минуттық үнсіздікпен еске алған соң, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қуаныш Жанұзақов сөз сөйледі.

   Мұнан соң Чернобыль атом электрстанциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан қызылор­далықтарды облыс әкімі Қ.Көшер­баев­тың және қала әкімі Н.Нәлібаев­тың алғыс хатымен марапаттады. Сонымен қатар, облыстық "Ерлік" үйлестіру кеңесінің төрағасы Қ.Бай­маханов, облыстық "Невада-Семей" қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.Әбіш және қалалық "Чернобыль" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ж.Шахатов апатқа қатысты көзбен көргендері, көкейге түйгендерімен бөлісті. «Айтбай» мешітінің имамы Нұржан Керімбеков батырлар рухына құран бағыштап, шара соңында ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

М.ӘДІЛБЕКҚЫЗЫ

 

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C