Министрліктің атын пайдаланған орталықт...

2017-01-20 09:25:49

    Бүгіндері білім саласын биз­нес көзіне теңейтіндер көп. Әсте олай болмауы керек. Себебі білім әу...

13 мың шетелдік білім алып жүр...

2018-01-11 03:46:07

   Қазақ жастары құрлық асып, шетел көріп жатса, отандық білімге бет бұрған шетелдік студенттер де а...

2017 білімдегі реформалар жылы...

2018-01-09 09:44:19

           2018 жылға да аяқ бастық. Алдағы күндерге бажайлап, жаңа жылдан жақсылық күтетініміз ра...

123
Қаң 19, 2018 51

Білімнің жаңа сатысы: Бәсекелестік пен нәтижелілік

Қай кезде де білім құндылық. Солай болып та қала бермек. Дәуір өзгеріп, ғасыр толса да,…
Қаң 19, 2018 39

ЖАРЫС ЖОЛЫНДАҒЫ ЖЕҢІМПАЗДАР

Мектеп оқушылары үшін әрбір байқаудың берері мол. Күнделікті сабақты оқи жүріп, ал-ған…
Қаң 19, 2018 314

ЕҢБЕГІНЕ ҚАРАЙ ЕҢБЕКАҚЫ Ұстаздар айлығы қалай көтерілді?

Жаңа Жолдау ұстаздардың еңсесін көтеріп тастады. Себебі күні кешеге дейін қоғамда…
Қаң 19, 2018 52

«ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЗЕРТХАНА АРҚЫЛЫ ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРҒА БАРЫП, БІР МАМАНДЫҚТЫҢ ЖОЛЫН АШҚЫМ КЕЛЕДІ»

Күнгейі мен көлеңкесі қатар жүретін шетелде білім алу тек қалтасында қаржысы барларға…

Айтарым бар

 

НҰРМҰХАМЕД БАЙҒАРАЕВ, саясаттанушы: 

 

         "Мойындауымыз керек, Батыс елдерінде адамның өмір сүру сапасы жоғары. Оның ішіне жалақы, еркіндік, таңдау құқығы, этика, көшедегі тазалық – бәрі кіреді. Әрине, әр адам өзіне жайлы жер іздейді. Ол қалыпты нәрсе. Норма. Егер сенің еліңде сен қалаған жоғарыдағы факторлар болмаса, онда адам оны өзге жақтан іздейді. Білімді жастарды елде алып қалудың бір ғана жолы бар. Ол – өз елімізде де азаматтарға Батыстағыдай жағдай жасау. Және бұл әлемнің болмаса да, аймақтың таланттарын тартуға мүмкіндік берер еді."

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Көзқарас

Көзқарас (6)

Бейсенбі, 05 Қазан 2017 10:03

ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА ТҰРПАТЫ

| Автор: 

   Ұлт байлығын сақтаудың ай­қын жолы - рухани мұраларымызды түгендеу, түгендеп қана қоймай, сол асыл мұраларды ұрпақ жа­дында қайта жаңғырту. Дәл осы ұлт мұраты алдындағы міндетті Елбасы "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында халыққа ой-тамызық болар ойлар жазды. Көптің көкейіндегісін дөп басқан мақалаға қатысты тарихшы ретінде өз көзқарасымды біл­діргенді жөн санадым.

  Қазір жер-әлем біздің көз алдымызда өзгеруде. Күн санап өз­геріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Мұны алыс-жақын елдердің тәжі­рибесінен анық көруге болады. Өзгеру үшін ең әуелі өзімізден бас­тап, уақыт ағымына сай иық те­ңес­тіріп, дүрмекке ілесу қажет. Елбасы жаңғырған қоғамның тамыры рухани коды арқылы қа­лып­тасатынын қаперге салады.

   - Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық. Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәс­түрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды,-деп атап өтеді Н.Назарбаев.

     Мұғалім - өсіп келе жаткан ұр­­­­­­пақ, қоғам мен мемлекет ал­дын­да үлкен жауапкершілік жүк­­телген әрекет иесі. Бола­шақ­тың қандай болатындығы - бүгінгі мұ­ғалім әре­кетінің нәти­жесі. Қа­зіргі көзқарас бойынша мұ­ғалім тек өз пәнінің  төңіре­гін­­де қалып қоймай, қо­ғамда бо­лып жатқан өзгерістерге құ­ла­ғы тү­рік, көзі ашық, жан-жақ­ты талдау жасай білетін маман бо­луы шарт. Егер мұғалім өз пә­ні­нің төңірегінде қалып  қойса, ба­­­лаға білім мен  тәрбие беруде биік максаттарға  жете  алмай­ды.

    Қазіргі білім беру саласын­дағы өзгерістер бойынша оқыту мен оқудың негізгі мақсаты мектепке қалай көмектесу керек және  шәкірттерді неге оқыту керек, ал оқу үр­дісінде не істеу керектігін анық­тау - әрбір құзіретті мұғалім­нің  ең басты  мәселесіне айналу  керек.

    Құзырлылық - бұл күнде­лікті өмірдің нақты жағдайла­рын­да пайда болатын пробле­ма­­лар мен міндеттерді тиімді түр­де шешуге мүмкіндік беретін қабілеттілік. Жалпы алғанда, "құзырлылық" дегеніміз жеке тұл­ғаның белгілі бір мәселені ше­шудегі өзара бай­ланысты білім, білік дағдылары­ның жиын­тығы және адамның жеке өзінің іс-әрекет, қызмет саласы­на сай құзіреттерді мең­геруі.

   

Сәрсенбі, 08 Ақпан 2017 10:14

БАЛА ТӘРБИЕСІ - ЖАУАПТЫ ІС

| Автор: 

    Қазіргі таңда жас­өс­пірімдер арасында құқық бұзу­шылық пен қыл­мыс­тың алдын алу бо­йынша тәрбиеге қатыс­ты барлық орындарда, мейлі ол бала­бақша, мек­теп, техникалық жә­не кәсіптік білім беру ұйымы, ЖОО, ҮЕҰ болсын, түрлі жұ­мыс­тар ат­қа­рылуда. Келе­шек ұрпақтың өнегелі, тәр­биелі бо­лып өсуі үшін мемлекет тарапынан қадағалау кү­­ше­йіп, заңдар кү­шіне еніп, бала тәрбиесіне қа­тыс­ты жо­ға­ры ұйымдар мен мекемелер бақылауды қатаң қолға алу­да. Бар­лы­ғында да алға қойған мақсат бір - ба­ла­ның бола­ша­ғы­на балта шабатын әрекеттерден қорғау.

    Осы тұста бала өмірінің қауіпсіздігіне қоғам мү­ше­сінің барлығы жауапты екендігін баса айтқым келеді. Жол көлігінде кондуктор, жол жиегіндегі МАИ қызметкері, дүкендегі сатушы, дәріханадағы про­визор, қала берді аула сыпырушы да қазақ жерінде өмір сүріп жатқан әр балаға жауапты. Олай деуге се­беп, өмірдің кейбір көлеңкелі тұстарын көріп, кө­ңі­ліміз жасып қалатыны бар.

   

    Қазір қоғамда ойын ашық біл­діріп, ойлы-қырлы салаларға оймақтай ой тастап жүрген азаматтар жетерлік. Басылым биыл­­дан бастап білім саласында орны бар ұстаздарға арнайы айдар ашты. "Мұғалім мінбері" деп аталатын айдарда республиканың әр қиырында қызмет ететін мұғалімдер салаға қатысты салмақты ойларымен бөліс­пек. Алғашқы санның қонағы, ұлағатты ұстаз Өмір Шыныбекұлы.

    Кешегі алған білім бүгін ескіріп жатқан әлемдегі қарқынды өзгерістер еліміздегі білім беру жүйе­сін қайта қарау қажет екендігін талап етіп отыр.

  Кеңес өкіметі орнаған алғашқы жылдарда білім берудегі басты мақсат сауат ашу болса, ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап Кеңестік білім беру жүйесі диалектикалық материализммен "қарулан­ған" "Коммунизм құрылысшысын" дайындауға ден қойды.

    КСРО ыдыраған соң біз біраз жыл бағдарды жоғалтып алдық.

  Тәуелсіздік алғалы бері еліміздің білім саласына бірнеше рет реформа жасауға әрекеттер жасалды. Бірақ ол әрекеттердің бәрі сөз жүзінде қалды.

   Жасыратыны жоқ, дайын білім беруге негізделген дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады. Бірақ мән-мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту аяқталған соң немесе емтихан біткен соң керексіз болып қалатын және оқушы оны өмірде тиімді пайдалана алмайтын.

   Ал, ХХІ ғасырдағы білім берудің мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін мектептен тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету, өмірімізге дендеп енген сандық технологияларды терең меңгерту.

    Дегенмен, "Ештен кеш жақсы" дегендей, бүгінгі күні "ХХІ ғасырда нені оқыту керек?", "Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?" - деген мәселелер бойынша жұмыс жасау керек екенін түсіндік.

    Осы екі мәселені шешетін мұғалім қандай болуы керек?

   

   Жаңа заман, жаңа ғасыр ор­нағалы ширек кезеңде өт­кен жоқ. Десек те, осы уақыт аралығында индустриалды-инновация, жаңа технология үстін-үстін дамып, қарқыны көз ілестірер емес. Бұл ретте, аяғын тәй-тәй басқан жас мемлекет аузын аңдыған "қас­қыр" елдерден қалыс қал­мауы керек. Алпауыт мем­лекеттермен тең дәре­жеде, иық теңестіру үшін алдымен тіл білудің маңызы зор. Етене жақсы таныс елімізде үш тұғырлы тіл сая­сатын қолға алғанымызға да көп уақыт бола қоймады. Бұдан қағанағымыз қарық, сағанағымыз сарық болып қалмасақ та, тіл білу біздің пайдамызға шешілері анық. Қай кезеңді алсақ та, көп тілді меңгерген халықтар мен ұлттар дамыған елдердің қа­тарынын бой көрсетіп, өзінің коммуникациялық және интергациялық қабілетін кеңейтіп отырғаны тарихтан белгілі. Бір ғана мысал, ежелгі Мысырдың өзінде бірнеше тіл білетін мамандар иерар­хия­лық сатымен жоғарылап, көбінесе салық төлеуден босатылған көрінеді.

    Тіл білу біздің қалауымыз­дағы дүние емес, ол - заман та­лабы. Әлем елдері бір-бірімен бәсекелесе отырып, халықаралық тілдерді білу маңызды деп санайды. Ал, біз дамушы мемлекетпіз. Сон­дық­тан, бірнеше тілде сөйлей де, жаза да білетін ұрпақ тәрбиелеуіміз дамуға бірден-бір көпір екені даусыз. Осы ретте, Президент Н.Ә.Назар­ба­ев­тың: "Қазір біз балала­рымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қа­былдап жатырмыз. Үштіл­ділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек", - деген болатын.

       Хош. Үш тұғырлы тіл сая­сатын дұрыс түсінбей, тек қа­на қазақ тілін қолдану керек деп даурығудың әсте пай­да­сы жоқ. Сынамалап еніп келе жатқан шет елдің қаңсығы бұл жолы бізге таңсық емес. Одан да біз мемлекеттік тілді да­мытып, орыс тілі мен ағыл­шын тілін қажетіне қарай үй­ренуіміз керек. Бүгінде ағыл­шын тілі бастауыш сынып­тар­дан бастап оқытыла бас­та­ды. Бұл өте сәтті шыққан ұсы­ныс. Себебі, бала жастайынан тілді базалық деңгейде білсе, болашақта кәсіби деңгейде үйреніп алуына мүмкіндік туады. Қазақ мектебінде оқы­ған жас қалада тұрғаннан ке­йін орыс тілін де білетіні ай­дан анық. Сонымен қатар, ағыл­шын тілі тереңдетіліп оқытылғаны құптарлық дүние.

    Әңгімені әріге созбай, турасын айтайық. Бүгінде Елбасымыздың тапсырма­сы­мен үштілділік орта білім беру мектептеріне енгізілу үстінде. Мақсат - дамыған 30 елдің қа­тарына кіру. Бұл - Израиль мен Эстонияның деңгейі. Яғ­ни, біз жоғары технологиялы, жоғары білімді, халықаралық қызмет көрсету туралы айтып отырмыз.

     Еліміз тәуелсіздік алғалы 25 жыл толып отыр, бұл де­геніңіз ширек ғасырды артқа қалдырдық деген сөз. Бүгінде қазақтай ел бар екенін әлем мойындап, төрткүл дүниеге танылып жатқан тұста тұра­лап қалуымызға болмайды. Қолымыздан келгенше қар­ма­нып қалуымыз қажет. Өз­генің қоқысын құйып, сана­мызды улағанша, тіл үйреніп, тірлік еткеніміз пайдалырақ болар еді.

     Адамның миы өте күрделі жаратылыс. Оны зерттеу мен тексерудің маңыздылығы жоғары. Дәрігерлер екі және үш тілде оқитын балалардың 7 жылдан соң миындағы ней­рондық байланыстар саны­ның бір тілділерге қарағанда әлденеше артық болатынын дәлелдеген. Бұл қандай да бір қосымша оқытусыз болады. Бала туа сала жүктемесі көп ортаға тап болады да, жеті жылдан соң оның потенциа­лы бір тілді қатарластарына қарағанда арта түседі. Бала оны өзі байқамауы да мүмкін. Ми да соған сай автоматты түрде жаттығып отырады. Ағылшындар 20 жыл бұрын екінші тілді міндетті оқытудан бас тартты. Олар әлемнің онсыз да ағылшын тілінде сөйлейтінін білді. Бірақ, осы зерттеулердің нәтижесі жа­рия­ланған соң, олар міндетті түрде екінші тілді оқыту жүйесін енгізді. Осы ретте көп тілде оқытуға мате­матиканың қолайлы екені де дәлелденіп отыр. Жалпы айтқанда, көп тілді балалар табысты болады. Біздің балалар да әлем бо­йынша көп тілде оқытуға не­ғұр­лым дайын балалар бо­лады.

   

Жұма, 30 Желтоқсан 2016 10:08

Тәуелсіздік - тәңірдің тәбәрігі

| Автор: 

Пай, пай, пай!

Батырлар дүбірлеп өткен жер,

Тұлпарлар дүбірлеп 

төккен тер

.......................................

Бас иіп, иіскеп топырағын

Тағзым жасамай өтпеңдер!

  

     Мұзбалақ Мұқағалидың осы бір шумақ өлеңі дар­хан даланың дариға жүрегін, қонақжай құшағын, кие­лі қасиетін таразылап бергендей. Қазақ елі сынап кел­генге де, сыйлап келгенге де ықыласын жайып са­ла­тын, көңілінде күзінен көктемі басым етіп жа­ратқан киелі құндылық деп білемін. Тәуелсіздік - сол құндылықтың маңдайына таққан бой­тұ­мары. Ғасырлар бойы бабаларымыз аңсап кеткен тә­уелсіздіктің құба таңының атқанына биыл - ширек ғасыр. Батырларымыз жылқының жалында, түйенің қо­мында жүріп, ел іргесін жау баспасын деп, береке-бір­лік қашпасын деп, сайын даланың сары төсін ешкім теппесін деп, қара қазан, сары бала қамын ойлап өтті емес пе? Өскелең ұрпаққа өмір өрнегін салып берді.

     Тәуелсіздік - миллиондаған жүректердің тілегі, ба­балардың асыл мұраты, сарыла күткен уақыттың тоғысында пайда болған киелі ұғым, ұлы құбылыс. Ұлы мұрат, ұлы арман - ұлы жеңіске жетеледі. Ең бастысы, қазақ деген халыққа тән ұлылықты жоғалтып алған жоқпыз. Еліміз еңсе кө­теріп, ертеңіне еркін қарайтын татулық алаңына айналды. Төбедегі төртеуін түгелдеп, алтауын ауыз­бір­шілікке шақырған мейірім мекені. Ал, тәуелсіздік жо­лындағы қадамдар тарих беттерінде қаттала жа­зылып қалды. Еңкейген қарттан, еңбектеген сәбидің таңдайынан кетпейтін тәтті сөзге айналды. Бүгінде әлем сахнасынан көрініп, бірлік пен жасам­паздықты паш еткен елдердің көшін түзеп, болашаққа бастап келеді. Әлемде болып жатқан саяси үдерістерге үрке қа­рамай, қазақы қалпымен қабылдап жатырмыз. Көр­шілес елдерде көк туымыз көк сеңгірде желбіреп, байра­ғымыз биікте, әнұра­нымыз әуелей шырқалып жатыр. Қазақ елі - татулық пен тұтас­тықтың тамырын тереңге жайған ғажап ел!

    Мүмкін, тәуелсіздік - қазақтың ақ адал пейіліне берген тәңірдің тәтті сыйы осы болар. Лайым, осы тәтті сыйдың дәмін кетіріп алмайық.

Салтанат Ешпанова,

№ 278 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Бүгінгі күні жұмысқа тұру мүмкін бе?

Ізденсен табуға болады - 27.3%
Таныс-тамыр арқылы орналасуға болады - 33.3%
Пара беріп кіруге болады - 12.1%
Уақытша жұмыстарға тұруға болады - 27.3%

Total votes: 33
The voting for this poll has ended on: 13 Қаң 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C