Министрліктің атын пайдаланған орталықт...

2017-01-20 09:25:49

    Бүгіндері білім саласын биз­нес көзіне теңейтіндер көп. Әсте олай болмауы керек. Себебі білім әу...

13 мың шетелдік білім алып жүр...

2018-01-11 03:46:07

   Қазақ жастары құрлық асып, шетел көріп жатса, отандық білімге бет бұрған шетелдік студенттер де а...

18 МИИЛЛИОН – 18 МИЛЛИАРД...

2018-03-20 06:34:02

         Қазақтың саны 18 миллионнан 18 миллиардқа же­тетін күнді де көрерміз.  Әйткенмен, біз айтат...

123
Там 16, 2018 61

АҚША ТАБУ ҮШІН АМЕРИКАҒА АТТАНАДЫ қабілетті қазақ баласы Құрама Штатқа керек пе, Қазақстанға ма?

"Салам, Нью-Йорк" деген киноны көріп пе едіңіз? Көрмесеңіз уақыт бөліп, қарай салыңыз.…
Там 16, 2018 125

ИТПЕН ОЙНАСАҢ – ҮРЕРСІҢ, БАЛАМЕН ОЙНАСАҢ – КҮЛЕРСІҢ

Ойыншық мәселесін көтергенде ауылға ат басын бұрмай кету әбестік болар. Қазіргі балалар…
Там 16, 2018 48

МЕКТЕП ФОРМАСЫН АТА-АНАЛАР ӨЗДЕРІ ТАҢДАЙДЫ

Газеттің өткен санында бір баланы оқуға дайындау үшін қанша қаражат керек екенін айттық.…
Там 16, 2018 37

ЖАСТАР МӘСЕЛЕСІНЕ КӨҢІЛ БӨЛІНЕ БАСТАДЫ

Өңірде жастар мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Жастар саясаты және жастарды жұмыспен…

Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Спорт

Спорт (9)

Бейсенбі, 02 Тамыз 2018 12:43

Елбасы жүлдесін еншіледі

| Автор: 

   

   Бұқаралық спортқа бетбұрыстың керек екенін Елбасы нақты айтқан болатын. Соған сай, жер жерлерде ауқымды спорттық сайыстар, дүбірлі додалар ұйымдастырылып келеді. Соның ішінде Елбасының жүлдесі үшін сарапқа салынатын сайыстардың орны ерек. Қызылорда облысының спортшылары бұл бәсекеде де өзгелерден оқ бойы озық шығып жүр.

   Шілде айының 26-29 жұлдызы аралығында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін VI Халық спорты ойындары Байқоңыр қаласында өткізілді. 27 шілде күні осы аталған жарыстың ашылу салтанаты ұйымдастырылып, 1500-ға жуық спортшы қамтылды.

  Қызылорда қаласынан 200-ге жуық спортшысы арнайы парадқа қатысты. Қызыққа толы тартысты өткен жарыста Қызылорда қаласы, Байқоңыр қаласы, Жаңақорған, Шиелі, Сырдария, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш аудандары өзара бақтарын сынады.

  Жарыс 13 спорт түрінен өткізіліп, жалпы командалық есепте Қызылорда қаласы 221 ұпай жинап, І орынды жеңіп алды. 171 ұпаймен Жаңақорған ауданы ІІ орын, 167 ұпаймен Байқоңыр қаласы ІІІ орын, 153 ұпаймен Шиелі ауданы ІV орын, 142 ұпаймен Сырдария ауданы V орын, 100 ұпаймен Арал ауданы VI орын, 97 ұпаймен Қазалы ауданы VII орын, 84 ұпаймен Қармақшы ауданы VIII орын, 70 ұпаймен Жалағаш ауданы ІХ орынды иемденді.

 

А.Жолтерек

Бейсенбі, 26 Шілде 2018 07:17

Бұқаралық спортқа бетбұрыс бар

| Автор: 

 

  Адамның тән сұлулығы мен жан саулығын сезіну және белсенді болып ұзақ өмір сүруіне өз септігін тигізетін бірінші байлық - денсаулық. Расында, денің сау болса, онда оны сақтау ке­рек. Уақытылы тамақ ішіп, сала­уатты өмір салтын ұстанып, зиянды нәрсе­лерден бойыңды аулақ ұстап, спорт­пен шұғылдану адамды шынықтыра, шымырландыра түседі. Сымбатты болып өсу үшін әрбір адам ұйқыға жеңілмей, сергек оянып, күн тәртібін таңғы жаттығудан бастаса, күні бойы сергек жүре алады.

   Әр адамның денсаулығы әуелі өзіне керек. Отбасында спортқа әуес болып, дене шынықтырып жүргендер - елдің салауатты болашағы. Дені сау ұрпақ - мемлекеттің тірегі. Бұл ұста­ным еліміздің де айнымас кредосына айналған. Елбасының 2020 жылға дейін елімізде бұқаралық спортпен шұғылданушыларды 30 пайызға жеткізуді тапсырғаны сондықтан. Қазіргі күннің өзінде Қызылорда қа­ласының бұқаралық спортпен шұғыл­дану көрсеткіші 27,7 пайызды құрап отыр. Бұл облысымызда "тәні саудың жаны сау" қағидасын ұстанатын­дардың, яки спортпен айналысатын адамдардың саны күннен күнге өсіп келе жатқанын білдіреді.

 

 

   Шынықсаң, шымыр бо­ларсың. Спорт - адам өмі­рінің құштарлығын арт­тырып, бойыңды сергек­тік билейді. Қазіргі таңда спорт­­пен шұғылданушылар қатары көбейді. Жұртшы­лық білетін танымал спорт түрлерінен бөлек, жер ша­рында денсаулыққа пайда­сын тигізетін қызықты ойын түрі жеткілікті. Негізі адам­дар жаңалыққа немесе бір нәрсе ойлап табуға құмар болады. Соның себебінен де жаһанда біршама ойын түр­лері көбейіп келеді. Әлемдегі спорт жаңалықтарына көз жүгіртіп қарайтын болсаңыз, сіз білмейтін керемет әрі қызықты ойын түрлерін көре аласыз. Соларға кеңінен тоқталайық.

    Бөрене лақтыру. Бұл әлемде кең тараған шот­ландиялық спорт түрі. Спортшылар ойынның негізгі шарты бойынша бө­ренені алысқа лақтырудан сайысқа түседі. Бар болға­ны кім алысқа лақтырса, сол жеңімпаз.

    Соқыр футбол. Шын мә­ні­­­сінде ойлап тапқан адамдар ешқандайда кем­тар адамдар емес. Кері­сінше мүгедек адамдар ара­сында аз ойна­ла­тын кө­рінеді. Ойын шар­ты бо­йынша қа­тысушылар ал­дын ала арнайы дайын­далған көзіл­дірік тағып, жанарларын жасырады. Түк көрместей болған соң "соқыр футбол" ойнауға кіріседі. Соқыр футболдан алғашқы әлем чемпионаты 1986 жылы Испанияда өтті. Бұл спорт түрі 2004 жылы Паралим­пиадалық ойын­дардың бағ­дарла­масына енген.

   Октопуш. Бұл спорт түрін су асты хоккейі десек те қателеспейтін шығар­мыз. Ережесі де тым оңай көрінеді. Екі жаққа коман­да болып бөлініп алып, судың астымен сүңги жүре бір-бірінің қақпасына шайба соғуы керек.

 

   Жұмыр басты пен­дені теледидарға тел­міртіп, тартысқа та­лас­­қандардың үздігі анық­талатын доп до­дасы өз мәресіне жетіп отыр. 32 белді коман­да, жеңімпаз біреу.

   Қаншама мықты құ­рамаларды және үздік ойыншыларды елі­не қайтарып, фи­налдық ойынды Ре­сейде емес, өз еліне ба­рып көруге мәжбүр­леген, ақтық мә­реде бақ сынасқан қос құ­рама жайлы айта ке­тейік.

  Модрич бастаған Хорватия жігіттері ой­ламаған жерден фи­нал­ға шығып жұрт­шы­лықты таң қалдырғаны рас, алайда француз шебер­ле­рінен асып түсе алма­ды. Араға 20 жыл салып қайта қол­дарына кубок­ты қон­дырған Зиданның жер­­лестері елін үлкен қуанышқа бөледі.

   Тартысқа толы фи­налды асыға күткен фут­болсүйер қауым үшін бұл күн естен кет­пес сәттермен айшық­талды. Сөз жоқ, Хорва­тия құра­масы 90 ми­нут бойы Франциядан мықты бол­ды, қан­шама мүм­кін­дікті өз­дері жіберіп алды, десе де, Хорватияның орта­лық жартылай қор­ғау­шысы Иван Ракитич «француздар бізге не­бә­­­рі 3 соққы жасап 4 гол салды» деп езуіне күлкі үйіріліп қоя бер­ді.  Матч жайлы Хорва­тия бапкері ойын бары­сы­нан кейін: "Алғашқы жиыр­­ма ми­нутта біз жақ­­­сы ойнадық, артын­ша күтпеген жерден өз қақпамызға өзіміз гол соғып алдық, сонда да біз ойынды әрі қарай та­маша жалғастыра оты­рып, есепті теңестіріп, ойынға  қайта оралған бо­латын­быз, бірақ күт­пеген жерден бізге пе­нальти берді.

 

     Астана күні қарсаңында Илья Ильин атындағы саябақта Қызылорда қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі және Қайнар спорт клубы мен Орда әскери-патриоттық спорт клубтарының ұйымдастыруымен шағын футболдан доп додасы өтті. Бұл жолғы ойын бұрынғысынан өзгерек. Бір айдан аса уақытқа созылған додада аула клубтары арасында 8 аймақтың кіл мықты­лары іріктелген болатын. Осы ойын сол жеңімпаздар ара­сын­дағы сайыстың соңғы кезеңі.

   Елорданың 20 жылдығы мен Қызылорда қаласының 200 жылдық мерекелеріне орай және бұқаралық спортты дамыту мақсатында өткізілген кең ауқымдағы іс-шарада Ақмешіт аймағынан "Жас өркен", орталық аймақтан "Жібек жолы", Шұғыла аймағынан "Тарлан", Шанхай ай­мағынан "Коммунизм", Гагарин аймағынан "Қызыл­жарма", Сәулет аймағынан "Сәулет", Тасбөгет аймағынан "Сырдария", ауылдар арасынан "Ақсуат" командалары озық шыққан болатын. Енді осы топтар өз аймағының на­мысын қорғап, өзара бәсекеге түсті.

   

Бейсенбі, 05 Шілде 2018 10:06

СЫР СПОРТЫНДАҒЫ СОНЫ СЕРПІНДЕР

| Автор: 

   
     Жан мен тәннің салауатты, сергек әрі ширақ болуы үшін спортты өміріңіздің мәніне айналдырғаныңыз жөн. Ауру-сырқау, шаршап-шалдығу сынды мәселелер өміріңізде жиілеп кетсе оның емі еңбек. Тарқатып айтқанда, дененің көп қозғалыста болғаны сан түрлі сырқаттан сізді құтқара алады. Ой еңбегінен бөлек, маңдай терді шығарып, бір мезет қолға күрек ұстағанның өзінде орасан пайда жатыр. Ал, тұрақты түрде спортпен шұғылданар болсаңыз нұр үстіне нұр. Белгілі бір спорт түрі адамды семіздік, стресс, қан аздық т.б толып жатқан аурулардан айықтырады. Бұл спорт мамандарының кеңесі.

    Жақында Қызылорда қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Асылжан Жаманқұловпен тілдесудің сәті түсті. Ол бөлімнің 2018 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар туралы түгелдей айтып берді. Қала халқының саны көп болғанына қарамастан қызылордалықтардың спортпен қамтылуы аудандардан әлдеқайда жоғары екен. Бұқаралық спорт облыс орталығында жүйелі жолға қойылған. Соның нәтижесі ме екен, бөлім басшысының айтуы бойынша, қалалықтардың спортқа деген көзқарастары ерекше. Сонымен қатар, спортты жанына серік еткен қызылордалықтар жеңіс тұғырына жиі шығып тұрады.

   

    

         

     Әлем назары футболға ауды. Ресей Федерациясында осы ойын төңірегінде тарихтың жаңа парақтары жа­зылу­да. Халық күтпеген сәттер мен ел ойламаған голдар орын алуда. Бұл ФИФА-ның футболдан ХХІ әлем чемпионаты. Доп додасындағы ойындарға көз жүгіртсек, ұтылу ық­ти­мал­дығы жоғары командалар, яғни аутсайдерлер, фаво­рит­терге күтпеген жерден тосынсый жасауда. Мұның өзі футбол жанкүйерлерін бір серпілтіп тастап, көп кө­ңілдерге күдік сыйлаған еді. Естеріңізде болса, осыдан 4 жыл бұрын Бразилияда өткен додада "неміс көлігі" ақтық мәреде Марадонаның жерлестерімен иық тіресіп, же­ңіске жеткен еді. Қазіргі кезде немістердің жағдайы мәз емес. Германияның топтық кезеңнен шыға алмай, әрі қа­рай ойынды жалғастыра алмайтындығы неміс көлі­гінің майы таусылғандай әсер қалдырды. Сенген қойым сен болсаңның керін келтірді.

 

    Үздіктер қатарына еніп, үлкен сеніммен келгендер қа­тарында немістер ғана емес, Криштиану Роналду  бас­таған 2016 жылғы Еуропа чемпиондары Португалия және 2010 жылғы Әлем чемпионы Испания құрамасы да бар, алайда олар да жеңіс тұғырынан көріне алмады. Қос ко­манда туралы күні бүгінгі дейін түрлі сын әзілдер желінің бетін бермеуде.

 

   

Сәрсенбі, 27 Маусым 2018 11:38

АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ БАССЕЙН

| Автор: 

   

    Сұлу Сырдың бойында өмір сүрcе де суға малтуды, сүңгу мен жүзуді білмейтін жастар бар. Жағада жүріп шомылғанға мәз болатын жастар суға жүзу спортының пайдасы мол екенін жақсы біледі. Тек қауіпсіз, жүзуді үйрететін орын мен бассейндердің аздығынан өздерін дамыта алмайды. Төтеншеліктердің де дабылы осы судан келетін тажалдың алдын алуға бағытталды. Олардың айтуы бойынша, соңғы 3 жылда 33 адамның ажалы судан келген. Жүзуге ебі бар болса мұндай қайғылы оқиғалар орын алмас еді. Сондықтан суда шомылуды үйреніп, бұқаралық спортқа, салауатты өмір салтын қалып­тастыруға басымдық берілген. Сол себепті де жастарды осы спортқа баулыған жөн.

   "Қызылордадан шыққан жүзу спортының майтал­маны кім?" дегенде ауыз толтырып айтатын ешкім жоқ. Содан ба екен, қазіргі кезде әкімдіктегілер мектепке дейін бассейн салып беріп, оқушылар да осы спорт түріне қызығып келеді. Тағы бір жақсы жаңалық бар. Сырбойылық жастарға қолайлы ашық аспан астындағы бассейн ашылды.

    Дені сау ұрпақ - ел болашағының кепілі. Елбасының Жолдауларында бастаманы қуаттайды. Осы ретте, "Мұз айдыны" спорт кешені ғимаратының жанынан ашық бассейн салынып, қызылордалықтарға пайдалануға берілді.

       Қазіргі қоғамда қазақша ойлау да, қазақша ойнау да ерлік болып барады. Сіз бен біз білмейтін көптеген қазақтың ұлттық ойындары жазық, далалық табиғатқа арналған. Көшпендінің ойыны көпшіліктің таңданысын тудырғанымен жарнамасы мен насихаты ақсап тұр. "Қазақ барысы" десе қаны қызып, "Көкпар" десе көзі шарасына сыймай кететін елдің ұлықтауға, ұмытпауға тұрарлық ойындары жетерлік. "Асық ойнаған азар" деп баланың бетін қайтарып тастаудың түк керегі жоқ. Себебі өткеннен қалған тамшыдай құндылықтарымыз сусап, құлдырап қалмасы үшін ұлттық ойындарға жанашырлық керек-ақ. Қазақтың әрбір ойыны өзінше ойлылыққа, тереңдікке жетелейді. Соның ішінде тоғызқұмалақ ойынының қыр-сырына "Ұлттық ойындар" айдарында толығырақ тоқталып өтетін боламыз.

     Тоғызқұмалақ - қазақтың бас ақы­­ны Абай Құнанбаевтың ең сү­йікті ойыны, бүгінде жаңа үл­гіде за­ман талабына сай икем­делген. Әуелгіде шопан­дар жер қазып, қой­дың құма­лағын пай­далану ар­қылы ой­налған ойынға қызығу­шы­лар да көп, зерттеу­ші­лер де же­тіп ар­тылады. Соңғы де­ректерге қа­­­рағанда, бұл ойынның шығу та­рихы 4 мың жылдық кезеңді қам­тиды екен. Ал, кейбір ма­ман­дар­дың айтуынша, оның пайда бол­ған кезі бұдан да көп уақыт болуы әб­ден мүмкін. То­ғыз­құмалақ өт­кен ғасырларда қазақ даласын­да­ғы ең кең та­раған ойын­дардың бірі болған­дықтан елмен бірге емін-еркін жасасып келеді.

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

ҰБТ кезіндегі сынақ кітапшалары қаншалықты білімді таразылай алады?

Алдын ала межені байқау үшін - 27.9%
Ұлттық тестілеуге дайындықты пысықтау жолы - 37.2%
Ақша табудың амалы - 11.6%
Оқушының пәндік сабақтардағы бейінін байқатады - 23.3%

Total votes: 43
The voting for this poll has ended on: 07 Мам 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Тамыз 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C