Министрліктің атын пайдаланған орталықт...

2017-01-20 09:25:49

    Бүгіндері білім саласын биз­нес көзіне теңейтіндер көп. Әсте олай болмауы керек. Себебі білім әу...

4603 жас жұмысшы мамандығын меңгереді...

2017-09-20 05:50:54

        Оқу оқуға қыруар қаражат керек екені белгілі. Бү­гінгідей нарықтық уақытта оқу орындарының б...

Trilingual education

2017-05-18 06:36:11

      Readings of Abai took place at school №172. It was held the competition among the students in ...

123
Қаз 19, 2017 190

Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы талқыланды

Өткен жұмада Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында қазақ…
Қаз 19, 2017 244

МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚТЫҢ МЕРЕЙІ Сауле Альденова – жылдың үздік педагогы

Білімнің түбіне жету мүмкін емес. Әсілінде, өмірін білімге арнап, ағарту жолында жүрген…
Қаз 12, 2017 202

ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ШЫҢҒА ШЫҒАРДЫ Индира Шамшатова – жылдың үздік педагогы

Сыр ұстаздарының биік белесі аймақтың білім саласының дамуын даралайды. Төл мерекеде…
Қаз 12, 2017 1149

ҮЗДІК ҰСТАЗДАР МИНИСТРДІҢ ҚОЛЫНАН МАРАПАТ АЛДЫ

Әрбір мехнатты еңбектің қашанда қайтымы болады. Әсі­ресе, білім көзіне сәуле беретін…

Газеттің ПДФ нұсқасы

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1680 теңге(қала үшін)

6 айға - 1800 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1560 теңге

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

       Сыр ұстаздарының биік белесі аймақтың білім саласының дамуын даралайды. Төл мерекеде марапат төрінен көрінген ұс­таздарды оқырманға кеңірек таныстыру мақсатында арнайы тоқталуды жөн көрдік. Бұл жолы М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледж мұғалімі Индира Жақсылыққызымен әңгіме өрбіттік. Газеттің келесі санында марапатталған мұғалімдерге же­ке-жеке тоқталатын боламыз.

    Ұстаздар әулетінде дүниеге кел­ген Индира Жақсылыққызының ұстаздық жолда жүргеніне биыл 25 жыл. Ата-ана ықпалымен ұстаздық ұлы жолды мұрат ет­кен ол мұғалім болатынын ер­те сезінген. "Ұрпақ тәрбиесі ұла­ғат­ты ұстаз арқылы қалыптасады" деген тәмсілді ертеден бой­ға сіңірген Индира Шамшатовамен кездескенде ұстазға тән салмақтылық пен ұстанымды байқа­дық. Ол бізген әңгімесінде тә­лім-тәрбие көрген отбасындағы тәлімін сөз етіп, үйдегі әр­бір баланың сурет салуға бейімі болғанын ашып айтты. Сол себептен де, оны бейнелеу өнеріне деген құ­­марлық, шығармашылыққа жақындық ерте кезден жақын тартқан.

  Талай додаларда бақ сынап, жүлдегер атанған, халықаралық жарыстарға шәкірт баптап, додаға қосқан. Байқаулардағы белестер туралы кейінірек тоқталамыз. Алдымен, ұстаздың өмір жо­лынан сыр шертсек. Қара­­пайым­дылық қағидатымен жү­ретін ол Ақтөбе қаласында дү­ние­ге келіп, сонда білім алған. 1990 жы­лы Ақтөбе педагогикалық  институтының "Бейнелеу өне­рі және сызу" мамандығына түсіп, сәтті аяқтайды. Қызу ең­бекке ерте араласқан жас мұғалім еңбек жолындағы алғашқы қадамын Ақтөбедегі №32 қазақ гим­назия­сынан бастайды. Мұнда 5 жыл қызмет атқарып, жұмыс бабына байланысты Қызылордаға ат басын бұрады. Сыр еліндегі ір­­гелі оқу орны Мәншүк Мәметова атын­дағы Қызылорда гуманитарлық қызметіне шақыру алып, ұстаздық қызметіне кі­рі­седі. Колледж қабырғасында жү­ріп өзін шығармашылық тұрғыда көрсетіп, шәкірт тәрбиелеп, ор­­таға сіңісіп кеткен Индира Шамшатова колледж директоры қызметінде болған Әлима Жа­қып­қызының қамқорлығын ерек­­ше сезінгенін айтып, ағынан жарылды. 

Бөлім:  Білім

           Әрбір мехнатты еңбектің қашанда қайтымы болады. Әсі­ресе, білім көзіне сәуле беретін ұстаздар еңбегі қай кезде де лайықты бағалануы керек. Ұстаздық жолдың жауапкершілігін сезініп, абыройын асқақтатып жүрген мұғалімдердің еңбегі ескерусіз қалмайды. Бұл жолы да солай болды. Төл мереке, ұстаздар мерекесінен кейін, Сыр елінің ұстаздары жағымды жаңалықтың куәсі болды. Жыл сайын ҚР Білім және ғылым министрлігі ұйымдастыратын "Үздік педагог" байқауында үш бірдей қызылордалық ұстаз марапат төрінен көрініп, «Жылдың үздік ұстазы» атағын жеңіп алды. Білім саласының биігіне шығып, ұрпақ болашағына бағыт беретін мұғалімдердің еңбегі ескерілген байқауда республика мектептері мен колледж ұстаздары арасынан Қызылорда облысы бойынша М.Мәметова атындағы Қы­зылорда гуманитарлық коллед­жінің сәндік-қолданбалы өнер, сурет, бейнелеу өнері оқыту әдіс­темесі пәндерінің оқытушысы Индира Шамшатова, Қ.Мұха­меджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сауле Әлденова және С.Әлжіков атындағы №144 орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Сағатбек Қарапаев үздіктердің үздігі атанды. Астана төрінде өткен марапаттау салтанатында үздік деп та­ныл­ған  Сыр ұстаздары Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің қолынан арнайы төс­белгі мен 2 миллион теңгенің сертификатын иемденді.

Бөлім:  Білім

        Қала мен ауыл арасында әлі де алшақ­тық­тың бары рас. "Тіршілігі қыз-қыз қайнаған ауыл өмірін бүгінгі ұрпақ жете түсіне білмейді" деген сын да қала балаларына жиі айтылады. Мұн­дайда алашордашылардың "қала дегенің, да­лаға шашырай қонған қазақты бір жерге әкеп, үйіп қою. Олай етсең, дала қаңырап қалмай ма?" деген алаңдаушылығы ойға оралады. Әйтсе де, тіршілік көзі жанданып тұрған қала өміріне аяқ басу - уақыт талабы. Қалай болғанда да, ауыл еңбек адамын шыңдайды, қала дүрмектен қалмаудың жолын үйретеді. Білімнен бас алмайтын бүгінгі оқушыларды қысқа мерзімде ауыл өміріне аттандыру Назарбаев Зияткерлік мектептерінде бар үрдіс. "Екі апта ауылда" деп аталатын әлеуметтік жоба зияткерлік мектеп­тегі 7-11 сынып оқушыларын жазғы демалы­сын тиімді өткізуге себеп. Оқушыларды топ бо­лып біріктіріп, жақын маңдағы ауылдарға апа­рып, қазақы тіршіліктің қайнарымен таныс­тыруды мақсат еткен жоба оқушылардың да, ата-аналардың да оң бағасын алып үлгерді.

   Зияткерлік мектеп мұғалімдері "Екі апта ауылда" әлеуметтік тәжірибесі білім алушы­лар­дың ауыл өмірінің ауырлығы мен қиындығын түсінуге, еңбек етуге, бой сергітіп, ауыл тір­шілігімен танысуға мүмкіндік береді дейді.

 

Бөлім:  Білім
Бейсенбі, 12 Қазан 2017 10:16

Бензин бағасы неге тұрақсыз?

    Жанар-жағар май құны жолда жүргендердің жағасын ұстатқалы қашан?! Жанар-жағармай бағасының өсуі себепті қоғамдық көлікте жүру құны көтеріліп кетті, салмақ халықтың қалтасына түсті. Сатылап бағасы өсіп жатқан жанар-жағармай құнына бақылау, тексеру жүргізілген. Әт­те­генайы сол, әлі нәтиже жоқ.

   Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын корғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Аи-92/93 маркалы бензинді бөлшек сау­дада өткізуші нарық субъектілеріне, яғни "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС, "Гелиос" ЖШС, "Sinooil" ЖШС-терімен бірге "TS Оңтүстік жанар май" ЖШС-теріне қатысты ҚР Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуына байланысты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілген.

Бөлім:  Әлеумет
Бейсенбі, 12 Қазан 2017 09:49

БІЛІМ БИІГІН БАҒЫНДЫРМАҚ

        Білім шаңырағының табалдырығын аттап, жоғары оқу орнына студент болу көптің басына қона бермейтін бақ. Білім теңізіндегі кемемен келелі істерге ба­ғыт алатын шәкірттер өз болашақтарынан зор үміт күтеді. Білім алушылар мамандықтың қыр-сырына қа­нық болып, өмірі үшін керек тәлімді іргелі оқу ор­ны­нан алып қалуға тырысып бағады. Биылғы студент атағын еншілеген оқушылардың қуаныштарында шек жоқ.

   Мерекелік көңіл күй барлық оқу орындарында үлкен деңгейде аталып өтеді. Жақында "Болашақ" университетінің колледжінде естен ұмытылмайтын салтанатты іс-шара өткізілді. "Қызмет көрсету, құқық және өнер мамандықтары" цикл­дік комиссиясының ұйымдастыруымен өткен "Студенттер қатарына қабылдау" іс-шарасы көптеген шә­кірттерге жаңа серпін бергендей. Себебі жаңа қабылданған бірінші курс студенттері осы оқу орны ар­қы­лы жетістікке жетіп, білім шыңынан көрінетініне се­німді.

   "Студенттер қатарына қабылдау" мерекелік іс-ша­расына "Болашақ" университетінің ректоры Өмірбек Үмбетов, "Жастарды қолдау орталығының" ди­ректоры Ж.Алдабергенов  қатысты. "Болашақ" колледжінің директоры Қ.Қыпшақбаев сөз сөйлеп, білім алушылардың  алғашқы қадамдарына ақ жол тіледі.

Айдар ӘДІЛЖАНҰЛЫ

Бөлім:  Білім
Бейсенбі, 12 Қазан 2017 09:42

ӨЛЕҢ – МЕНІҢ ӨМІРІМ...

Серігім менің өмірлік

Тағдырдың көрдім небірін,

"Қоласын" да, "темірін".

Өксігімді басатын,

Өлең  - менің өмірім...

 

Өлең - менің бар мұңым,

Өлең - менің тағдырым.

Құс қиялмен қосылып,

Білдірмейтін барлығын.

 

Жаныма өлең жұбаныш,

Әкелер демде қуаныш.

Қайғыны кейде сезінем,

Кеткендей ұзап тым алыс.

 

Құс та тастап кетпейді,

Сапарлас болған серігін.

Өлеңге өзге жетпейді,

Өмірлік өлең серігім...

 

Алғашқы сезім

Алғашқы сезім - ақ сезім,

Балауса нағыз нәзік гүл.

Санадан өшпес пәк сезім,

Қағылған мәңгі қазық бұл.

 

Бөлім:  Шабыт

        "Отан үшін күресім, елге ти­гізген үлесім" деп білетін белдесудің хас шеберлері Қазақстанда жыл сайын анықталады. Жауырыны жерге тимеген, күрзідей салмақты сайып­қырандарға нағыз саңлақ атау­лар беріліп, абыройларын ас­қақтатады. Не дегенмен де ел на­мысын қорғайтын ер халық үшін қаһарман болып қала беретіні хақ.

    Сом денелі, иықты, жауырынды жампоздардың жандарына серік қылған қазақ күресінде бірнеше теңеулік атаулар бар. Шеберліктеріне қарай "Сыр сұңқары", "Түйе балуан", "Қазақстан барысы" деп абырой еншілеген, атақтары жер жа­ратын балуандар да жетер­лік. Бұл жаңа қоғамда жаңа леп алып келе жатқан ұлттық ойынның жүйеленген көрінісі. Бірізділікке түскен ойын шарт­тары мен қыруар бәс тігілетін ойынға шетел балуандары да көз тігіп отыр. Құлан қай жерде қансыраса, қарға да сол тө­беден бой көрсететіні секілді, бас бәйгесі қомақты болғалы бері ұлттық спортты ауыздарынан тастамайтындар көбейді. "Ұлт болашағы - ұлттық спорт" деп теңгесін аямайтын мемлекетке мұндай құрбандық керек те шығар. Бірақ, бір күні де­меу­шілік тоқтаған кезде ұлт­тық ойынның маңайына топтас­қандар онан ат тондарын ала қашпаса игі.

    Бүгінді жете білу үшін өт­кенге көз жүгіртіп тұрған да жөн. Қазақ халқының өмір сүру салты көшпенді тұрмысқа бе­йім­делгендіктен, күнделікті іс-қимылдарының бәрі дерлік күреске толы. Тарихқа көз жү­гіртсек, көшпенді тайпалардың түп атасы сақ, ғұн, түркілер дә­­уірінде садақ атудан, ат үс­тінде найзаласудан тағы басқа дәстүрлі сайыстар өтетіні жайлы нақты деректер бар. Мысалы, Қытайдың осы заманғы ар­хе­ологтары біздің жыл санауымыздан бұрын Хан патшалығы дәуірінде тұрғызылған, Шинан қаласы маңындағы ежелгі түр­кі­лердің қонысын қазып, обаны ашқанда зираттың ішінен екі мыс табақша табылыпты. Та­бақ­шалардың бетінде екі адам бір-бірімен қойын-қолтық ұстасып, күресіп жатқан сипаты ашық бейнеленген екен. Қытай ғалымдары бұл балуандарды түріктердің арғы тегі саналатын ғұндар деп ұйғарған. Демек, бұл заттар - күрес шежіресінің тым тереңде екенінің айғағы.

Бөлім:  Спорт

   Бұл Еуропа! Еркіндіктің лебі ескен, мәдениет пен стильдің өзіндік аурасы сабақтасқан кәрі құрлық елдері көпке осындай атрибуттарымен белгілі. Өркениетке ертерек мойын созған дәл осы Еуропаның қақпасы Бельгиядан бастау алады. Себебі ел аузында Бельгия Еуропаның алтын қақпасы аталып кеткен. Бір кездері дамыған елдің көшін бастап, дүйім жұртқа өзіндік мәдениетімен танылған шағын елдің шартарапта алатын орны ерек. "Алуан түрлі әлем" айдары Еуропа елдеріне із басады. Алғашқы аялдама - Бельгия.

   Бельгия Корольдігі - Батыс Еуропада орын тепкен, оңтүстігінде Франция, шығысында Алмания және Люксембург, солтүстігінде Нидерланд, батыста Солтүстік теңізбен шектесетін кішігірім ел. Еуропа елдерінің маңызды мәселелерін шешетін, түйін шығаратын ЕуроОдақ пен НАТО-ның мүшесі.

   Бельгия жерінде екі ұлттың валлондар мен фламандардың мәде­ние­ті қабысқан. Сол себептен де бұл елде көптілді, алуан түрлі көзқарастарды айқын аңғаруға болады. Тарихы да өз алдына бір тақырып. Сонда да, қысқа қайыра кетейік, Бельгияда ерте кезден белг тайпалары өмір сүрген деседі. Кейіннен сол тайпаларды Рим империясы басып алып, жаңадан провинция құрады. Бельгия жеріне көз тіккен герман тайпалары көшіп келіп, орнығады. Осылайша, Бельгия бірнеше уақытқа дейін Франк мемлекетінің құрамында болып, тек 16 ғасырда ғана Еуропаның бірқатар мемлекеттерімен бірігіп Солтүстік Францияның бір бөлігі саналып, Нидерланд атауына ие болады. Бертін келе, Бельгия испандардың қол астына өтіп, испан билігінің ықпалымен жүреді. Әйтсе де, бұл көпке ұзамайды. Елде өнеркәсіптің тамырына қан жүгіріп, елдің біраз бөлігі Нидерланд корольдігіне бірігеді. Ел ішіндегі соғыстардан кейін 1831 жылы Бельгия басыбайлы отарлық санадан айырылып, тәуелсіздігін алады.

Бөлім:  Дидар
Бейсенбі, 12 Қазан 2017 09:11

Бүлдіршін жанын түсінген

  Аралдағы ір­гелі оқу орында­ры­ның бірі - №64 орта мек­тепте оқу­шыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде ізденіс танытып жүрген мұ­ғалімдер жетерлік. Со­ның бірі -бас­тауыш сы­ныптың І санатты мұға­лімі Бақтыгүл Қошабаева.

    Бақтыгүлдің тәжі­рибелі ұстаздығы ту­ралы қолымызға қа­лам алған сәтте кө­зімізге мектеп ди­ректоры А.Бө­лек­баевтың берген мінездемесі түсті. Онда "Бастауыш сыныптар мұғалімі Қошабаева Бақтыгүл 1987 жылдан бері қызмет етіп келеді. Жалпы еңбек өтілі отыз жыл. Осы жылда талай жетістікке жетіп, мектепішілік, аудандық сайыстарға қатысып, мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз. Сонымен қатар, Бақтыгүл өз іс-тәжірибесін облыс және республика көлемінде таратып жүрген мұғалім.

   Оқушылары да мектепішілік, аудандық, республикалық ғылыми жобалар, пәндік олимпиадалар мен интеллектуалдық марафон­дарда жүлделі орындардан көрініп жүр" делінген ресми мінездеме жолдарын оқығанда ұлағатты ұстаз туралы жақсы пікір түйіп үлгердік.

  Бақтыгүлдің өзімен де тілдестік. Ибалы мұғалім жетістіктерін алдымызға жайып сал­ма­ға­нымен де, мұғалім портфолиясына көз жүгірт­кенімізде шәкірттерінің жетістіктері жайылып сала берді. Бәрін бірдей мақалада тізіп бере алмаспыз, дегенмен бір-жарын атап өтсек. 2015 жылы "Ғылым жолы" атты ғылыми олимпиа­дасында шәкірті Аян Махмудов ІІІ орын алса, бастауыш сынып оқушылары арасында өткізілген аудандық олимпиадада математика пәні бойынша Мөлдір Медеубайқызы ІІ орын иеленіпті. Ал 2016 жылғы жетістіктері тіпті қомақты. 11 зерде конкурсының аудандық кезеңінде шәкірті І орын. Облыстық кезеңде де жеңімпаз атанса, респуб­ли­калық конкурсында грамотамен мара­патталыпты. Республикалық "Нұрлы болашақ" атты қашықтан олимпиадалар өткізу орталығы ұйымдастырған бәсекеде А.Мах­мудов І орын алыпты. Облыстық мектеп оқу­шылары арасында экологиялық тақырыпта өткізілген "Қоршаған орта балалар көзімен" атты суретшілер байқауында М.Жол­дыбаев ІІ орын, "Пони" халықаралық байқауында Жаңалық Нұрымжан байқау жүлдегері атанып дипломмен марапатталыпты. Шәкірттер жетістігі ұстаз еңбегінің өтеуі.

Бөлім:  Білім

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қазан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Серіктестер