Министрліктің атын пайдаланған орталықт...

2017-01-20 09:25:49

    Бүгіндері білім саласын биз­нес көзіне теңейтіндер көп. Әсте олай болмауы керек. Себебі білім әу...

100-ДЕН АСА МАМАНДЫҚ ҚЫСҚАРДЫ кәсіптік с...

2018-08-23 12:45:07

       "Жастарды техникалық біліммен қамту төмен деңгейде. Жұмысшы мамандығына баратын жастард...

13 мың шетелдік білім алып жүр...

2018-01-11 03:46:07

   Қазақ жастары құрлық асып, шетел көріп жатса, отандық білімге бет бұрған шетелдік студенттер де а...

123
Қар 14, 2018 602

Банктер бәсекесінде кім бірінші?

Банк бергенше, біз алғанша асықпыз. Бұл банк пен халықты бір арнаға тоғыстарған тәмсіл.…
Қар 14, 2018 444

КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған "Қазақстандықтардың…
Қар 14, 2018 472

КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған "Қазақстандықтардың…
Қар 14, 2018 383

ҮЛГІСІ ОРТАҚ ҮЛГІЛІ ОТБАСЫ

Қара халық қазыналы деп бағалаған Қазалы жерінде бір әулетте 22 адам ұстаздық қызметтің…

Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:

   

    Ұстаздар туралы қоғамда ой көп. Екіжақты пікір, қарама-қайшылық, өзара бітіспес даудың да тақырыбына айналып үлгергені қашан. Қайтып айналып келуге тырыспадық. Әйткенмен, ел халқына қарата айтылған Елбасы Жолдауында ұстаздар мәртебесі арнайылап айтылды. Мұғалім мәртебесі туралы заң қабылдау бұрындары тек талас-тартыстың шеңберінен шыға алмай жүрсе, Президент пәр­мені арнайы заң шығаруға итермеледі. Оны Елбасы былайша түсіндіріп берген.

  - Бұл заң мұғалімдерді және мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлерін ынталандыратын барлық тетіктерді қарастыруы керек. Жүктемені қысқартып, қызметтен тыс тексеріс­терден арылту керек. Тыңдаңыздар, мұғалімдерге бүгінгі таңда барлық жұмыс жүктеле береді. Сайлауды өткізетін - мұғалімдер, үгіт-насихатты жүргізетін - мұғалімдер, бір шаруаны атқару керек болса - мұғалімдер… Ол үшін ешкім де оларға ақша төлеп жатқан жоқ. Оларды бұл жүктемеден арылту керек. Олар сабаққа дайындалып, тиісті уақытында жұмыс істеуі керек. Тынымсыз тексерістер де біт­пейді. Міне, заң осыларды тоқ­тату үшін керек,-деді Нұрсұлтан Назарбаев.

    Демек, келер жылдан бас­тап "Педагог мәртебесі" туралы арнайы заң бекімек. Жалпы мұғалім мәртебесі туралы заң шығару қажет пе? Заңның іске асу тетіктері қалай болмақ? Ресми құжаттың орындалуына мұғалімдер мүдделі ме? Салмақты сұрақтарға жауап алу үшін осы саланың мамандарының оймақтай ойларын  білген едік.

 

Бөлім:  Білім
Сәрсенбі, 10 Қазан 2018 12:45

МЕРЕЙІ АСҚАН МЕКТЕП

   

   Тәжірибесі мен тәлімі қа­тар ұштасқан, ірі тұлғалар мен атпал азаматтардың қанат қаққан білім ордасы Қалтай Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясы 100 жылдық белесті аттады. Мерейтой құрметіне арналған салтанатты жиын білім ордасынан бастау алып, А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде жалғасты.

    Ғасырлық тарихы бар қара шаңырақта білім алып, тәжірибелі мұғалім­дердің алдын көрген шә­кірттер мерейтойға арнайы келіп, ұлағатты ұс­таздарын құттықтап, өт­кенді еске алды. 100 жылдық мерейтой құрметіне орай мектепте Қалтай Мұхамеджановтың музейі ашылды. Қалтай мұ­расына қатысты барлық деректер мен кітаптар, қолжазбаларға орын бе­ріл­ген музей жас ұрпаққа Қалтай Мұхамеджанов мұрасын насихаттайды. "Жұлдыздар жарқырайды", "Өткеннің өнегесі - бүгіннің баға жетпес байлығы", "Ғасыр түлектері", "Білім мен еңбек - өзгермейтін темірқазық", "Кешегі күн - бүгінгі тарих", "Алтын жұлдыздар", "Білім шыңында" атты залдары орналасқан. Сонымен бірге, музейде білім ұясын басқарған басшылардың өмірбаяны мен қызметтегі фотолары, ардагер ұстаздар туралы мәліметтер топтастырылған. Мұнан бөлек, музейде Қалтай Мұхамеджановтың драматургия бағытындағы кі­таптары қойылған. Іс-шараға арнайы келген өңірге белгілі зиялы қауым өкіл­дері ақиқаттың алдаспаны атанған Қ.Мұхамеджановтың мұрасы мен адам­гершілігін сөз етті.

Бөлім:  Білім

   М.Жұмабаевтың "Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты" деген сөзі әлі күнге дейін ел жадында. Мектеп арқылы қаншама жас түлеп ұшып, өмірдің баспалдағына байыппен қадам басатыны анық. Ал балаға бағыт беріп, жол сілтейтін басты жан, әрине ұстаз. Ұстаз - екінші анаң. Санаңды нұрландырып, сапалы біліммен шәкірт жүрегінен орын алар ұлы тұлға. Мәртебелі маман иесіне құрмет көрсету бәрімізге ортақ парыз. 5 қазан - мұғалімдер күніне орай "Ұстаз - ұлы тұлға" атты мерекелік шара өтті. Осы орайда Сыр елінің ұс­таздарын кәсіби мерекемен құттықтау үшін қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев арнайы келіп, ұлағатты ұстаздарды төл мерекесімен құттықтап, алғыс білдірді.

    "Ұстаздың ісін меңгеру кез келгеннің қолынан келе бермейтін, жауапкершілігі мен міндеті жоғары мамандық. Мемлекет деңгейінің бір өлшемі осы мұғалімдердің сіңірген еңбегімен бағаланады. Бүгінде қала ұстаздары білім саласындағы жаңашылдықтарды жүзеге асырып, жоғары табыстарға жетті. Педагогтардың қоғамдағы оң имиджін қалыптастыру бойынша тиісті шаралар тұрақты атқарылуда" - деп өз сөзін бас­таған қала әкімі ұстаздардың қоғамдағы рөліне, мәртебесіне тоқталды.

Бөлім:  Білім

   

    Бүлдіршін кейіпте мектеп табалдырығын аттаған шәкірттерге таудай талап сыйлайтын - ұстаздар қа­уымы. Мұғалім оқушыға білім беру арқылы ұлтты тәрбиелейтін, жөн сілтейтін бағдаршамы тәрізді. Ұстаз - ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына да­рытып, адамгершілік рухта бағыт-бағ­дар беруде ұстаздың еңбегі зор. Қызметтің құзар шыңына шыққандар да, шығармашылықтың тізгінін ұс­таған жандар да осы бір абзал жан­дар алдында бас иеді. Себебі ұс­таздың адам өмірінде алатын орны қашанда жоғары екені талассыз.

    Мұғалімнің еңбегін елеп, олардың тынымсыз тіршілігіне үңіліп қарайтын күн мұғалімдердің мерейлі мерекесі. Республиканың түкпір-түкпірінде тойланған дүбірлі кеш айдынды Арал қаласында да "Қалдырған ізің мәңгілік" деген атпен ерекше аталып өтілді. Мерекелік шара мектептер өмірінен сыр шертетін жастар қойылымымен бас­талды. Әуезді ән айтылып, би де биленді. Шәкірттер аяулы ұстаздарына гүл шоқтарын табыстап, үлкеннің алғыстарын алды.

Бөлім:  Білім
Сәрсенбі, 10 Қазан 2018 12:32

NIKE ПЕН ADIDAS БРЕНДТЕРІ БАСЫМ ТҮСТІ

   

   Әрбір тауар не өнім тұты­нушының талғамына сай нарықта өз орнын сақтап қалады. Десе де, халық көңіліне шығудың жолын жарнама арқылы тапқан бренд белгілер өз тауарын өткізудің түрлі әдістеріне барады. Сонысымен де нарықта тұтынушыларды жаулап алады. Әлбетте, талғам мен таңдау арасында өзара байланыс бола бермейді. Дегенмен, ел халқының басым бөлігі лайық деп таныған тауар белгісі үздіктердің қатарынан көрінеді. Себебі халық таңдауы - өнім өндірушілердің басты сын­шысы. Осы орайда, бірнеше аптадан бері "Халық таңдауы" айдарын тұрақты жүргізіп келеміз. Осы кезге дейін азық-түлік өнімдерін халық на­зарына ұсындық. Пікірлер алуандылығы да көрініс тапты. Бұл жолы киім-кишек шығаратын бренд белгілерді нарық жарысына түсірдік. Әлемге танылып, отандық тауар нарығына жетіп үлгерген 5 ірі Gucci, Adidas, Giorgio Armani, Nike, Dolce Gabbana сынды тауар белгісін топтадық.

Бөлім:  Қоғам
Сәрсенбі, 10 Қазан 2018 12:25

ШЕБЕРХАНАДА ШИРЫҚҚАН ШЫДАМ

           Ерінбей еңбек ету үшін төзімді болу жұмыр басты пендеге тән қасиет. Ақадал еңбек арқылы нәпақасын тауып, үйінің береке-бірлігін сақтап отырған қаншама жан бар. Қызметінің ауырлығына қарамастан содан ләззат алып, қызығы мен қиындығына қатар төзіп келе жатқан маман иелерінің еңбегі ерен. Десек те, қоғам санасы абыройы асқақ мамандықты үлгі тұтады. Балам "бастық" болсын деп барын беріп жатады. Маңдай тер, табан ақы еңбекпен қара жұмыстың өзін құлшынысымен жасаған кісіні көрсе, мұрынын шүйіріп, басын шайқап кететіндерді де қоғам жасырмайды. Алайда, нар тұлғалы азаматтар оңай жолмен олжа тапқанды хош көрмейтіні ақиқат. Қызылорда қаласында техника тілін жетік меңгерген Нұрлан Иманғалиев еңбектің шыңына шыққан маман иесі. Қызметі қиын болғанымен, еңбегін ел ескере бермейтін шебермен тілдесіп, бір күн бойы жасайтын жұмыс барысымен танысып қайттық.

    Қазір заман дамыған сайын түрлі техниканың түрленіп, көз тартарлықтай күйге еніп шығуы заңдылық. Бір түймені бассақ болды, бәрі дайын болып шыға келетін дүниені алуға құмар­татын халық көп. Жасыратыны жоқ, қол жеткен құнды затты әрі-бері айналшықтап, техникамен таныспай қолданысқа енгізуге асығамыз. Тұрмыстық техни­каның тілін білмегендіктен не болмаса сапасыз тауардың төзімі таусылғандықтан істен шығып жататын кездері жиі кездеседі. Тығырықтан шығатын жол біреу ғана. Ыңғайлы бағаға сапалы қызмет ұсынатын шебердің ке­рек екендігін сіз де біліп отырған боларсыз. Бүгінгі "Еленбейтін еңбек иелері" айдарының кейіп­кері Нұрлан Иманғалиев бір­неше жылдан бері кез-келген отандық және шетелдік ірі тұрмыстық техника мен элект­рониканы жөндейді. Шебердің айтуынша, электрониканы жөндеу шебер­ха­насының негізгі қызметі плаз­малы панель мен теледи­дарды, аудиотехника мен бейнеаппа­ратураны, сондай-ақ магнитола мен магнитофон, мик­рофон, бейнемагнитофон істен шықса қалпына келтіруге барын салады. Жанына жақын іс болған соң бар күш-жігерін жұмсап, көз майын тауысқанша тірлікті тап-тұйнақ­тай етіп бітіретін көрінеді. Асыра мақтап отырған түгім жоқ. Шеберхана ғимаратының ішінде жұмысын бақылағаннан кейін, еңбегінің қаншалықты ауыр екендігіне көзім жетті. Күніне ең аз дегенде 3-4 адам келіп, өзінің жарамсыз болып қалған тұрмыс­тық техни­каларды алып кел­генде қызығу­шылық танытып, қай бөлшегінің істен шыққан­дығын тапқанша асығады. Шар­шау дегенді біл­мейтін шебердің еңбекке құл­шынысы орасан. Мен ең әуелі Нұрлан Иманға­лиевты сөзге тартып кәсібіне деген махаб­ба­тының басталуына не түрткі болғандығын сұрағанды жөн санадым.

Бөлім:  Қоғам

    EgovKzBot телеграмм-боты арқылы ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің тізімі тағы екі қызметке толықты. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ іске қосқан бот арқылы бұған дейін 13 мемлекеттік қызмет пен сервис, соның ішінде 7 кең таралған анықтама, әлеуметтік мәртебені тексеру мен базалық зейнетақы төлемінің көлемі туралы ақпарат алу, емханаға тіркелу, дәрігерге жазылу және дәрігерді үйге шақырту, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚО) кезекті брондау қызметтері қолжетімді болған.

   Енді бот арқылы өзіңізге жақын жерде орналас­қан ХҚО туралы біліп, сондай-ақ бала тууға байланысты проактивті қызметтерді алу мүмкіндігі туды. Басқаша айтқанда,  туу туралы куәлікке тапсырыс беру, бала туу бойынша жәрдемақыларды рәсімдеу және сәбиді балабақшаға кезекке қою тіпті жеңілдей түсті.

Бөлім:  Қоғам

    "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекетттік корпорациясының Қызыл­орда облысы бойынша филиалында 1-қазан халықаралық қарттар күніне арналған "Қарттарым - асыл қазынам!" атты салтанатты жиын өтті. Мерекеге орай филиал жанынан ашылған "Ардагерлер кабинетінде" өткен құрмет кешінде ақ тілектер мен алғыс ағылып, әлеуметтік, жер қатынастары және халыққа қызмет көрсету салаларында ұзақ жыл еңбек етіп, аймақтың дамуына атсалысқан ұжым ардагерлер құттықтау хаттар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.

Бөлім:  Қоғам

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қазан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C