Menu


ҚҰРБАН АЙТТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

  • | Автор:  
Скачать шаблоны для cms Joomla 3 бесплатно.
Зелёные шаблоны джумла.
ҚҰРБАН АЙТТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Мұсылман күнтіз­бе­сінде жалпы қабылдан­ған Григориан күнтізбесі си­яқ­ты 356 күн емес, 354 күн бар. Себебі шығыс хро­но­ло­гиясы күн циклы­на емес, айға негізделіп жаса­лады. Осы айырма­шы­лық­қа байланысты мұсылман мереке күндері ағым­дағы күн­тізбеге қа­тыс­­­ты жылда ауысып тұра­ды.

Биыл Құрбан айт 11-13 тамызда атап өтіледі. Ай күнтізбесі бойынша, бұл күн Зүл-Хиджа айының 10-шы күні, ал 2019 жыл ай хижраның 1440 жылына сәйкес келеді. Ислам дінінің бес парызы­ның бірі - қажылықтың аяқталуы да дәл сол уақытқа түседі.

Неліктен бұл мереке құр­бандық шалу күні деп ата­лады? Бұл Құрбан­дық­тың негізі болатын аңызға байланысты туған. Құранда өзінің ізгілігімен танымал болған Ибраһим пайғам­бар­ға, періштелердің бірі Жәбі­рейіл келеді. Сонда Жәбі­рейіл періште Ибра­һим­ пайғамбарға Аллаға деген сүйіспеншілігін дә­лел­деу үшін Исмайыл есім­ді ұлын құрбандық шалу­ды бұйы­рады. Ал, Ибра­һим пай­ғам­бар Құ­дай­­дың қалау­ына мойын­сұнбауға ба­тыл­дық білдір­местен, құр­бандыққа да­йын­дала бас­тайды. Ис­майыл да өзін күтіп тұрған тағдыр туралы білетін, бірақ қашуды ойлаған жоқ, тек осы күнді күтіп, дұға етеді. Сол сәтте Ибраһим пайғамбар қо­лын­дағы пышағын сермеп қалған кезде, Алла сынақты тоқта­тып, Исмайылдың орнына қойды құрбан­дыққа шалу­ды бұйырған. Сол уақыттан бері Зүл-Хид­жа айының оныншы кү­нінде барлық адал адамдар қуанышқа бөлеген Аллаға алғыстарын білдіріп, құр­бан­­­дық шала­ды. Сондық­тан болар, айт ме­рекесі мұсылмандар үшін өз құндылығын әсте жоғалт­­қан емес.

Дайындаған

А.СЫРЛЫБАЙ

 

Жоғарыға

Байланыс мәліметі:

Қызылорда қаласы, З.Шүкіров көшесі, 62

Телефон: 8(7242)20-16-19

Е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.