Menu


ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛЫП КЕТТІ

  • | Автор:  
Скачать шаблоны для cms Joomla 3 бесплатно.
Зелёные шаблоны джумла.
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛЫП КЕТТІ

Биылғы оқу жылы жаңалық­та­рымен, өзгешелігімен, тың серпін­мен басталмақ. Бүгінгі күні мектеп табалдырығын аттағалы отырған оқушылардың дайындығы да баста­лып кетті. Тиісті мекемелер сайман­дарын сақадай сай етіп, мектептер де жаңа оқу жылына дайындықтарын жасауда. Себебі облыс бойынша алдағы жаңа 2019-2020 оқу жылында 293 мектепте 164500 оқушы білім ала­ды деп күтілуде. Оның ішінде, 1 сыныпқа 21600 оқушы бара­­ды деп жоспарлануда. Бұл өткен жыл­мен салыстырғанда 2200 оқушы­ға артық.

Жаңа оқу жылына дайындықты облыс әкімдігінің аппа­раттық мәжі­лі­сінде облыстық білім бас­қарма­сы­ның басшысы Майра Мелде­бекова егжей-тегжейлі баян­дап берді.

М.Мелдебекованың айтуынша, үстіміздегі жылдың 1 маусымнан бастап 1 сыныпқа қабылдау процесі автоматтандырылған жүйеге қосыл­ған. Қазіргі таңда 1 сыныпқа қабыл­данатын балалардың мөлтекаудан­дар бойынша мектептерге орналас­ты­ру картасы дайын екен. Жаңар­тыл­ған білім беру мазмұнына көше­тін 4, 9, 10 сыныптарда білім алатын 36920 оқушыны 684 мың дана оқулықпен қамту үшін қажетті қаражат бөлініпті. Бүгінгі күнге 15 баспамен келісім шарт жасалған. Оқулықтарды тасымалдау қызметі бойынша жеңімпаздар да анықта­ды. Оқулықтар 25 тамызға дейін мек­теп­ке жеткізіледі деп сендіріп отыр.

Қазіргі кезде Қызылорда қала­сын­да 600 орындық мектептің құрылысы жүргізілуде, оны қазан айында тапсыру жоспарланып отыр. Оның үстіне, 1450 орындық 3 жеке меншік мектептің құрылысы қыркүйек айында аяқталмақ. Сонымен қатар "Ауыл ел бесігі" бағдарламасы аясында Қармақшы ауданындағы №27, 30 және Жалағаш ауданындағы №201 мектеп­терге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, №288 мектепті ағымдағы жөндеуге қаражат бөлінген. Бүгінгі күнге жөндеу жұмыстарының 70% -ы орындалып, қалғаны 20 тамызға дейін толығымен аяқталады деп жоспарланған.

Білім саласындағы алға ілгерілеу мен жаңашылдықтар, жаңа мектептердің игілігін көру, оқулықтармен қамтамасыз ету - бәрі сырбойылық өрендердің игілігіне арналмақ. Ендігі кезекте жоспарлаған осынша істің сәтті орындалғанын күтеміз.

А.САЙЛАУОВ

Жоғарыға

Байланыс мәліметі:

Қызылорда қаласы, З.Шүкіров көшесі, 62

Телефон: 8(7242)20-16-19

Е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.