Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Спорт

Спорт (50)

Сәрсенбі, 25 Сәуір 2018 10:47

ФУТБОЛ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

| Автор: 

        Қаладағы аяқдопшылардың футбол десе ішер асын жерге қоятыны рас. Үй алдындағы аулаларда доп қуалап жүрген жастардың нағыз мықтыларын іріктей­тін дода басталды. Доп додасының ал­ғаш­қы маусымы күн жылып, жергі­лікті тұрғындарға спортпен айналысуына қо­лайлы болуы үшін көктем мен жаз айлары таңдалынып алынған. Бұл жарыс күз мезгіліне дейін созылып, бұқаралық спортты дамыту үшін өз септігін тигізетін болады. Себебі аталмыш маусымға қаладағы барлық аула ойыншылары мен топтары қатыстырылмақ.

  Ал, сенбі мен жексенбі күндері өткі­зілген шағын футболдан жарысқа 20 ко­манда қатысып, нағыз мықтыны анықтауға күш салды. "Тарлан" бокс орталығының футбол алаңқайында жастар өзара ең үздікті анықтап, келесі ойындарға жолдама алу үшін сынға түсті.

          Бел кеткенше белдесетін балуандар өнері қа­зақ үшін қашанда қа­дір­лі. Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіп­қой балуан, тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өр­шіл халқын бі­рінші болып өзге жұрт­қа паш еткен, өзінен бұ­рынғы қандастары бас­паған топырақты ба­сып, көрмеген елді кө­ріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш іл­ген Қажымұқан Мұ­ңайт­пасұлын ес­ке алған сырбойылық спортшылар бабасына қарап бой тү­зейді. Орасан күштің ие­сі, кү­рес­тің бірнеше түрі­нен әлем чемпионы атан­ған тұңғыш қазақ алыбы еке­ні мұқым елге мәлім. Тең­дессіз өнерімен жер шарын аралаған, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған батыр бабаны еске алуға арналған республикалық турнир Қызылордада өтіп, балуан әруағына құрмет көрсе­тілді.

    Айтулы дода сәуір айының 10-12 жұлдызы аралығында Қы­зылорда қа­ласының дене шынықтыру және спорт бөлімі коммуналдық мем­ле­кеттік мекемесінің ұйым­­­­дастыруымен қазақ күресінен 1998-1999 жы­лы туылған жастар арасында №1 ООРМБЖМ-ның кү­рес залында өткі­зілді. Қы­зыл­орда қаласының 200 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шарада боз­­кілемнің болашақ мықтылары күш сынасып, өзара үздікті анықтады.

Сәрсенбі, 18 Сәуір 2018 12:01

Имамдар иық тірескен сайыс

| Автор: 

         Спорт мамандық таңдамайтындықтан өзін салауатты ұстағысы келетін кез келген адам шұғылдана ала­ды. Тіпті бұл салада имамдар да өздерін өзгеше қырларымен танытқанды жөн көрді. Бес парызын қаза қылмайтын жамағат спорттық сайыстан да кенде емес екендігін эстафеталық сайыста дәлелдеп берді. Облыс бойынша спортқа икемді деген имамдар келген шарада адамдар көп жиналып, сайыстың көр­­кін қыздырды. Көп­ші­ліктің қошеметінен соң шабыт ал­ған шариғат жолындағы дін өкілдері же­ңім­паз болуға бар өнерлерін көрсетіп бақты.

        Қызылорда қаласында Ұлыстың ұлы күнін дәріптейтін ша­ралар басталып кетті. 22 наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық спорт түрлері де на­сихатталып жатыр. Сондай игі шаралар­дың бірі қалалық "Жастар ресурстық ор­талығы" меке­месінің ұйымдастыруымен 16 наурыз күні "Сыр сүлейлері" аллея­сында өткізілді. Жоғары және орта арнау­лы оқу орын­дарының студенттері ара­сында ұлттық спорт түрлерінен өткен жа­рыс бірнеше бөлімдерден тұрды.

   Ұлттық ойынның дамуына үлес қосып жүрген өңірге белгілі азаматтар қазылық жасап, ойынның өту ережелерін бақылап отырды. Негізінен сайысқа онға жуық оқу орындарының студенттері қатысып, бақ сынасты. Олардың жалпы саны жүзге де­йін жуықтады. Асық ату, арқан тарту, қол күрес, ләңгі тебу сынды ойындардан са­йысқа түскен ұлттық ойынның қадірін білетін жастардың шашасына шаң жұқ­пады десек те болады. Тартысты әрі қы­зықты өткізілген ойында ұлттық құнды­лықтарымыз насихатталып, мәртебесі асқақтай түсті.

   Қорытынды кезеңге жолдама алған ойыншылар ойын көркін қыздыра түсті. Өзінің білекті жігіт екенін дәлелдеген Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің сту­денті Шерхан Әлібай қол күресте ізіне қара ерітпей, бас бәйгені қанжығалады. Осы спорт түрінен ІІ орын Ақтілек Әбіл­ға­зыға, ІІІ орын Дәулет Түлкібайға бұ­йырды.

Сейсенбі, 20 Наурыз 2018 04:59

АСЫҒЫҢЫЗ АЛШЫСЫНАН ТҮССІҢ

| Автор: 

   Асық - қазақ балала­ры­ның ежелден келе жат­қан ұлттық ойындарының бірі. Ауылдан шыққан қай-қайсымыздың да ба­ла күнімізде құмартып, асық ойнамағанымыз кем­­де-кем. Өкінішке орай, бұл күнде асық ой­найтын бала азайып, қа­лалы жердегі балалар мұн­дай ұлттық ойын бар еке­нін де ұмытып барады.

   Әлі есімде, асық атып, тай мініп, құс қуалап, ба­лалық шақтың қызығын қыздырып жүрген кезім еді. "Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар, бәрінен де қой бағып құйрық же­ген озар" деген мақалды кү­ніне жүз естісек те, жамбасымыз жер иіске­мей ойынға құмартып-ақ тұратын едік. Шеңбердің ішіндегі талға қонған торғайлардай тізіліп тұрған асықтарға арқардың са­қасын шиырып кеп жібе­ріп, тас-талқанын шыға­ру-ауылдағы біз қатарлы балалардың қызығы еді.

   "Ойын - бала үшін өмірлік тәжірибе" деген екен Алаш ағартушысы Мағжан Жұмабаев. Қазақ қадіріне жете білетін бол­са, ұлттық ойындарға өте бай халық. Мен бүгін со­ның ішінде - асық ойыны туралы айтуды жөн көрдім.

Сейсенбі, 20 Наурыз 2018 04:00

САЛАУАТТЫ СПОРТТЫҢ САРДАРЛАРЫ

| Автор: 

             Өткен жексенбіде Қызылорда қаласы үшін ерекше болды. Бұл күннің «Наурыз салауаты деп» күні аталуының себебі де бар. Қызылорда қаласының орталық алаңында жоғары деңгейде спорттық дода болып өтті. Заманауи спорт түрлерінен ұйымдастырылған жарыста қала жастары белсенді түрде өнер көрсетіп, бақ сынасты. Әуелі Тәуелсіздік даңғылы бойымен "Евразия" спорт кешеніне дейін жүгіруден сайысқа түскен марафоншылар арасынан желаяқтар анықталды. Жас аралығында шектеу болмайтын жүгіру спортына қатысушылар да көп болды. Марафонға мұғалімдер де, студенттер мен оқушылар да қатысып, мәреге жеткенше жанекпінмен жүгіріп келді. Кіл мықтының ішінен жүзден жүйрік шыққан Мұрат Оспанов болды. Марафон бойынша ІІ орын Руслан Ли, ІІІ орын Владислав Сергеевтерге бұйырды. Ал, қыздар арасындағы жарыста Оксана Вексорина мәре сызығын бірінші болып кесіп өтті. ІІ орынға Ксения Власинко тұрақтаса, жүлделі ІІІ орынға Гүлзат Бекназарова жайғасты.

    Осы кезде орталық алаңның жанында спорттық нысандарда заманауи спорт түрлерінен сайыс­тар өтіп жатты. Воркаут, стритбол, скейтбол сынды спорт түрлерінен сайысқа түскен апайтөс, шымыр жігіттер қоссырық пен белтемір арқылы мықтыны анықтады. Бұл күні қызылордалық жастар белсенділік танытты. "Наурыз салауаты" күнінде салауатты өмірді жандарына серік еткен білекті жастар марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.

Айдар САЙЛАУОВ

 

Бейсенбі, 01 Ақпан 2018 03:21

Ақ пен қара айқасы

| Автор: 

   Шахмат ақ пен қараның тақта үстіндегі жай ойын шай­­қасы ғана емес, өмір кө­рінісі іспетті. Сан түрлі жос­пар­лар мен ойын тәсілінен құралуы да соның дәлелі. Бұл ойын ми жаттығуының тап­тырмас құнды құралы десе де болады.

   Сыр өңірінің мақтаныш­тары - Әсел Серікбай, Назерке Нұрғали және Кәусар Али Алматы қаласында шахматтан өткен ҚР чемпио­натының жеңімпаздары атанды. Бұл аталмыш ойынның біздің өңірде дамып келе жатқанының көрінісі.

   Жақында Қызылорда қаласында «Достық» үйінде Корей жастары қозғалысының ұйымдастыруымен және Қазақстан халқы ассамблеясы облыстық филиалының қолдауы­мен шахматтан турнир өтті. Оған  Қазақстан хал­қы ассамблеясы облыстық филиалы жанындағы "Жастар қанатының" 20 белсенді мүшесі қатысты. Қазылар алқасының құ­ра­мында "Қазақстан корейлер қауымдастығы" Қызыл­орда облыстық филиалының 3 өкілі болды. Турнир олим­пиадалық жүйе бойынша жүргізілді. Шахмат тур­нирінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анық­талып, І орынды Орынбек Асқарбай, ІІ орынды Уәли­хан Файзул­лаев, ІІІ орынды Әліби Қуантқанов қан­жығасына байлады.

Айдар САЙЛАУОВ

Бейсенбі, 01 Ақпан 2018 03:12

Ақ пен қара айқасы

| Автор: 

   Шахмат ақ пен қараның тақта үстіндегі жай ойын шай­­қасы ғана емес, өмір кө­рінісі іспетті. Сан түрлі жос­пар­лар мен ойын тәсілінен құралуы да соның дәлелі. Бұл ойын ми жаттығуының тап­тырмас құнды құралы десе де болады.

   Сыр өңірінің мақтаныш­тары - Әсел Серікбай, Назерке Нұрғали және Кәусар Али Алматы қаласында шахматтан өткен ҚР чемпио­натының жеңімпаздары атанды. Бұл аталмыш ойынның біздің өңірде дамып келе жатқанының көрінісі.

   Жақында Қызылорда қаласында «Достық» үйінде Корей жастары қозғалысының ұйымдастыруымен және Қазақстан халқы ассамблеясы облыстық филиалының қолдауы­мен шахматтан турнир өтті. Оған  Қазақстан хал­қы ассамблеясы облыстық филиалы жанындағы "Жастар қанатының" 20 белсенді мүшесі қатысты. Қазылар алқасының құ­ра­мында "Қазақстан корейлер қауымдастығы" Қызыл­орда облыстық филиалының 3 өкілі болды. Турнир олим­пиадалық жүйе бойынша жүргізілді. Шахмат тур­нирінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анық­талып, І орынды Орынбек Асқарбай, ІІ орынды Уәли­хан Файзул­лаев, ІІІ орынды Әліби Қуантқанов қан­жығасына байлады.

Айдар САЙЛАУОВ

Бейсенбі, 01 Ақпан 2018 03:08

Атлеттің асқан асуы

| Автор: 

   Өскемен қаласындағы жеңіл атлетикадан өткен ҚР чем­пио­натында жерлесіміз Рақымжан Келманов күміс жүлдені иеленді. Ол 2000 метр қашықтыққа ке­дер­гілер арқылы жүгіруден мә­реге екінші болып келді.

   Қармақшы ауданының ту­масы Рақымжан жеңіл атлети­ка­дан бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы және жүлдегері, Азия чемпионатының қатысушысы, Қазақстан бойынша ІV Жастар спорт ойындарының күміс жүл­де­гері, оқушылар арасында ҚР Спартакиадасының жеңімпазы, ҚР құрама команда мүшесі.

  Рақымжан 19-20 ақпанда Өскеменде 23 жасқа де­йінгі жастар арасында өтетін ҚР чемпионатына қаты­са­ды. Жаттықтырушылары Мұрат Кетебаев және Рашида Сарбасова жас атлеттің болашағынан зор үміт күтеді.

         Астаналық бапкер қызылордалық хоккейшілерге ше­берлік сабағын өткізді. "Мұз айдыны" спорт кеше­нінде шайбалы хоккейден ҚР спорт шебері, жастар ара­сын­да Әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері,  бапкер Вячеслав Борисовтың қатысуымен шеберлік сабағында ерекше әдістерді үйретті. Облыстық дене шы­нықтыру және спорт басқармасы ұйымдас­тыр­ған семи­нар үш күнге созылды. Биыл екінші мәрте өтіп жатқан ше­берлік сабағына 2008-2009 және 2005 жыл­да­ры туыл­ған жасөспірімдер және жаттықты­ру­шылар қатысты.

    Сыр өңірінде 2013 жылы ашылған хоккей бөлімшесі қазірде жұмысын жандандырып келеді. Жас ерекше­лік­теріне қарай 6 топта 70 спортшы шайбалы хоккеймен шұғылданады. Шайбалы хоккейден Қызылордада бө­лімше ашылғанына аз уақыт өтсе де, спортшылар еңбегі нәтижесіз емес. Былтырғы жылы шайбалы хоккейден облыстың жасөспірімдер командасы Шымкент қа­ла­сының ашық турниріне қатысып, қола жүлдені иеленген еді. 2015 жылы облыс командасы Өскемен қаласында өт­кен ҚР чемпионатының қола жүлдегері атанса, Шым­кент қаласында өткен халықаралық турнирдің күміс жүл­десін иеленді. Биыл 4-9 сәуір аралығында Қызыл­ор­да қаласында ҚР чемпионатының үшінші айналымы өтеді. Сыр хоккейшілерінің бағындырар биігі әлі алда. 

Page 1 of 4

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

ҰБТ кезіндегі сынақ кітапшалары қаншалықты білімді таразылай алады?

Алдын ала межені байқау үшін - 27.9%
Ұлттық тестілеуге дайындықты пысықтау жолы - 37.2%
Ақша табудың амалы - 11.6%
Оқушының пәндік сабақтардағы бейінін байқатады - 23.3%

Total votes: 43
The voting for this poll has ended on: 07 Мам 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Тамыз 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C