Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 25 Қаңтар 2018 03:56

Мектепте дене тәрбиесі пәні қалай беріліп жүр?

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

     Көп мектептердің дене шы­нықтыру пәніне нем­құрайлы қарайтыны бар. Ол айтпаса да түсінікті. Оқушыларға бұл пән мектеп бітірер тұста тіптен керек болмай қалады. "Далада шаң-шаң бо­лып доп қуалап жүргеннен, ҰБТ-ға дайындалсын" дейтіндердің қарасы қалың. Иә, бірыңғай тестілеу кезін-де бірнеше пәндер ысырылып қалып, таңдау пәндерге басымдық берілетіні көпке аян. Ал, денсаулық сақтау ма­мандарының пікірінше, ҰБТ-ға қатысатын бала үшін қимыл-қозғалыс ауадай қа­жет. Түк қимылсыз, том-том тест кітапшаларынан бас алмайтындардың түрлі депрессияға ұшырауы қозғалыстың аздығынан екенін ашық айтып, дабыл қағуда. Тек бұл ғана емес, дене шынықтыру сабағы басталған сәттің өзінде көз үйреніп кеткен кемшін тұстар көп. 

   Сіз ойлап отырған дене шынықтыру пәнінің көрі­ніс­терін атап өтейін. Бір доп­пен бір жыл бойы ер балалар футбол ойнап, қыздар көрермен есебінде тамашалап қана отырады, одан қал­ды киім әкелуді талап еткенмен соған сай жұмыс жасалынбайды. Мұғалімнің салғырттығынан түрлі дене жарақаты орын алып жатады. Сабақта қолданылатын көр­некіліктер қолбайлау болады. Міне, осы сынды жайт­­тар көз көрмей, құлақ естімей жүрген жағдайлар емес. Бұл олқылықтан қалай арыламыз? Қайткенде өз ісіне жауапты маман мен заманға сай дене шынықтыру залына қол жеткіземіз? Адам­дардың санасына сіңіп қалған таптаурын ойлардан арылту үшін облыстың бел­ді деген спорт мамандары, дене шынықтыру пәні мұға­лім­дері бас қосты. Тулақтай түйдектелген спорт сабақтарының жайын жібек матадай жайлы етеміз деп жаңа идея­ла­рын да ала келіпті. "Қалай бо­лады, не тал­қы­лайды екен?" деп облыстық дең­гейдегі шараға қатысып көрдік.

   ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Мәңгілік ел" ұлттық идеясын және "Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында "Мектепішілік дене тәрбиесі ұжы­мы кеңесінің жұмыстарын жетілдіру және дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің кәсіби құзырет­тілігін арттыру" атты облыстық әдістемелік семинар Қы­зылорда қаласындағы №235 орта мектебінде өткізілді. Әуе­лі мектеп жетістіктері таныс­ты­рылып, спорт жолында шың­ға шыға білген оқушылар­ға құрмет көрсетілді. Содан соң баяндамалар оқылды. Қорқыт ата атындағы п.ғ.д, профессоры Ш.Майгельдиева өз баяндамасында "спорт адам­ның көңіл-күйіне әсер етеді, сол себепті оқушы дене жаттығуларынан қол үзбеу керек" деген ой тү­йіндеді. Дене тәрбиесі әдістемелік орталығының оқу-әдіс­темелік бөлімі­нің басшысы Н.Джуманова ұжымдық жұмыстардағы тәжі­рибесін ортаға салды. №235 орта мектеп дене шынықтыру пәні бірлес­ті­гінің жетекшісі Р.Наукеев шашыраңқы дүниелерді бір арнаға тоғыстырып, әріптестерін жү­йелі жұмыс жасауға шақырса, №112 орта мектептің дене шынықтыру пәні бір­лестігінің жетекшісі С.Асанов  дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің кәсі­би құзыреттілігін арттыру жө­нін­де құнды пікірлерін айта келе мұғалімдердің жан-жақты бол­уы керектігін, сабақ уақы­тын тиімді пайдалана білуді, оқу жоспарының мезгілдерге байланысты дұрыс қойылуын қатаң түрде ескертті. Себебі қыс­та шаңғы теппейтін, ат спортынан мүлде бейхабар жас­тарға барлық ойынның алғышартын үйретуді көздей­ті­нін атап өтті. Шиелі ауданынан келген №45 "Ақ Орда" мектеп-гимназиясының дене тәрбиесі пәні мұғалімі Б.Пазылбеков ұлттық ойындардың мәртебесін көтеру мен бұқаралық спортты дамытуға күш салып жатқанын баяндады. 

  Әдістемелік семинарда кемшіліктер жасырылмай айтылып, жетістіктер де жіп­ке тізілді. Қордаланып жат­қан түйткілдер мен мәселе­лер­ді шешу үшін, шымыр, мы­ғым оқушы тәрбиелеу мақ­сатында мұғалімдер аянбай еңбек ете береміз деп сөз берді. 

  Айта кетейік, семинардың негізгі мақсаты - дене тәр­бие­сі ұжымы кеңесінің жұмысын жетілдіру және дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің кә­сіби құзыреттілігін арттыру жолдарын қарастыру. Бұл оты­рыста апыл-ғұпыл спорттық киім ауыстыруға уақыттары жетпейтін оқушылардың уәждері шешілердей бол­­ды. Бұрынғыдай спорт сабағында жүгіріп келіп, келесі сабақта тершең күйде кітап оқудың сарсаңы да бір жолға қойылмақшы. Тек, сәл уақыт керек. 

  Қалаға келген қонақтар мектептегі сыныптан тыс үйірмелерге қатысып жүрген жеңімпаз оқушылардың медальдарын көргенде, бұл мектептің спорт мектебінен кем түспегендігін айтып жә­не спорттық үйірмелерге қатысатын оқушылардың, жетістікке жеткен чемпиондардың көп болуын тілеп, ризашылықтарын білдірді. Мұндай жетістік әр мектептің басына бұйырған бақ болса, спорт саласында шаң қауып қалмас едік. Әр мұға­лім өзі тәрбиелеп отыр­ған оқушылар арасынан бір чемпион шығарса, Сыр елі өзге өңір­лерден оқ бойы озық тұра­тыны сөзсіз.

   Семинарға жиналған ұстаздардың ұстанымы да осы.

Айдар САЙЛАУОВ

Оқылды: 723 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C