Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сейсенбі, 20 Наурыз 2018 04:00

САЛАУАТТЫ СПОРТТЫҢ САРДАРЛАРЫ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

             Өткен жексенбіде Қызылорда қаласы үшін ерекше болды. Бұл күннің «Наурыз салауаты деп» күні аталуының себебі де бар. Қызылорда қаласының орталық алаңында жоғары деңгейде спорттық дода болып өтті. Заманауи спорт түрлерінен ұйымдастырылған жарыста қала жастары белсенді түрде өнер көрсетіп, бақ сынасты. Әуелі Тәуелсіздік даңғылы бойымен "Евразия" спорт кешеніне дейін жүгіруден сайысқа түскен марафоншылар арасынан желаяқтар анықталды. Жас аралығында шектеу болмайтын жүгіру спортына қатысушылар да көп болды. Марафонға мұғалімдер де, студенттер мен оқушылар да қатысып, мәреге жеткенше жанекпінмен жүгіріп келді. Кіл мықтының ішінен жүзден жүйрік шыққан Мұрат Оспанов болды. Марафон бойынша ІІ орын Руслан Ли, ІІІ орын Владислав Сергеевтерге бұйырды. Ал, қыздар арасындағы жарыста Оксана Вексорина мәре сызығын бірінші болып кесіп өтті. ІІ орынға Ксения Власинко тұрақтаса, жүлделі ІІІ орынға Гүлзат Бекназарова жайғасты.

    Осы кезде орталық алаңның жанында спорттық нысандарда заманауи спорт түрлерінен сайыс­тар өтіп жатты. Воркаут, стритбол, скейтбол сынды спорт түрлерінен сайысқа түскен апайтөс, шымыр жігіттер қоссырық пен белтемір арқылы мықтыны анықтады. Бұл күні қызылордалық жастар белсенділік танытты. "Наурыз салауаты" күнінде салауатты өмірді жандарына серік еткен білекті жастар марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.

Айдар САЙЛАУОВ

 

Оқылды: 81 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ақ пен қара айқасы АСЫҒЫҢЫЗ АЛШЫСЫНАН ТҮССІҢ »

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C