Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сейсенбі, 20 Наурыз 2018 04:59

АСЫҒЫҢЫЗ АЛШЫСЫНАН ТҮССІҢ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   Асық - қазақ балала­ры­ның ежелден келе жат­қан ұлттық ойындарының бірі. Ауылдан шыққан қай-қайсымыздың да ба­ла күнімізде құмартып, асық ойнамағанымыз кем­­де-кем. Өкінішке орай, бұл күнде асық ой­найтын бала азайып, қа­лалы жердегі балалар мұн­дай ұлттық ойын бар еке­нін де ұмытып барады.

   Әлі есімде, асық атып, тай мініп, құс қуалап, ба­лалық шақтың қызығын қыздырып жүрген кезім еді. "Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар, бәрінен де қой бағып құйрық же­ген озар" деген мақалды кү­ніне жүз естісек те, жамбасымыз жер иіске­мей ойынға құмартып-ақ тұратын едік. Шеңбердің ішіндегі талға қонған торғайлардай тізіліп тұрған асықтарға арқардың са­қасын шиырып кеп жібе­ріп, тас-талқанын шыға­ру-ауылдағы біз қатарлы балалардың қызығы еді.

   "Ойын - бала үшін өмірлік тәжірибе" деген екен Алаш ағартушысы Мағжан Жұмабаев. Қазақ қадіріне жете білетін бол­са, ұлттық ойындарға өте бай халық. Мен бүгін со­ның ішінде - асық ойыны туралы айтуды жөн көрдім.

   Асық ойыны - атадан балаға жеткен асыл мұра­мыз деп есептесек, бабала­рымыз айтып кеткен "асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар" деген мақалды да өз­гертетін сәт келген сияқты. Бүгінгі таңда жас жеткін­шектерге асық ойна деп ойната алмайсыз. Олар төрт қабырғаға қамалып, таң атқаннан күн батқанға де­йін компьютерге телміріп, қимылсыз отырады. Ата-анасы баласының одан қан­шалықты деңгейде ден­сау­лығынан айырылып, ішкі рухани жағынан өзге­ріп бара жатқанын білсе де, еш дәрмен көрсете алмай­тын жағдайға жетті. Мұның соңы Мұхтар Шаханов айтқандай, "Компьютер бас­ты жарты адамдарға" апар­масына кім кепіл?

   Асық ойынының 3 түрі: "Асықты тігіп ойнау", "Ал­шы ойыны", "Ханталапай" бар. Соның ішінде көпшілік ба­лалар ойнайтыны - "Асықты тігіп ойнау".

   Асықты тігіп ойнау. Бір топ бала, жастар жиылып келіп, тегіс жерді таңдап ала­­ды да оны тазартып, ор­тадан төрт бұрышты сызық сызады. Сол төрт бұрышты ортасынан тең етіп екіге бөледі. Әр жағының қа­шықтығы балалардың жас мөлшеріне қарай белгі­ле­неді. Сонда 1-1,20 см не­ме­се 1,5 метрге дейін бо­ла­ды. Мұны "көн" деп атай­­ды. Сонда ойнаушы­лар­дың өзара келісімі бойынша көннен 4-5 метр не одан да көп мөлшерде асық ататын орын белгі­ле­неді. Оны сызықпен бел­гі­лейді. Ойыншылар осы жерден тұрып көндегі асықты ататын болады. Ойынды кім бірінші болып бастайтынын сақа иіру арқылы анықтайды. Са­қасы алшы түскен ойын­шы бірінші болып ату кезегін алады.

   Ойыншы асыққа дәл тигізіп, оны көнбе сызы­ғы­нан шығарса, оны ала­ды да, сақасы түскен жер­ден қайта атады. Сөйтіп көннен шығарғандарын ала береді. Егер оның са­қа­­сы көндегі асыққа ти­мей кетсе, асықты келесі ойын­шы атады. Ал, тігілген асықтарды бұзып, бірақ көннен шығара алмаса, қал­ған ойыншылар асық­тарды сол жатқан қалы­бында атып, көннен шыға­рып алуға тиіс. Ойын көн­дегі асықтар бойынша біт­кенше ойнала береді. Көн­­дегі асық біткен соң, ойынға қатынасушылар бір-бірден көнге қайта асық тігіп, ойын қайта бас­­талып, жалғаса береді.

   Жоғарыда мен асық ойынының ең көп та­рал­ған үш түрін ғана мысалға алып, солардың ішіндегі асықты тігіп ойнау ере­жесін ғана айттым. Әл­бет­те, бұл ойын кең өріс алып, дамып жатса, оның ережелері де жетілдіріле беретіні анық. Өйткені, далада ойнауға қолайлы бұл ойындарды спорттық залдарға бейімдеу кезінде артық-кем тұстары түзе­л­уі тиіс. Көп болып кі­рісіп, жан-жақты қолдау көр­сете алсақ, уақыт өте келе телекамералардың мүм­кін­дігін пайдаланып, рес­публикалық деңгейге де көтеруге болар еді. Себебі бұл ойынының көрермені көп болаты­нына сенім мол.

Аман АҒЫБАЕВ,

М.Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейінің

 дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Оқылды: 113 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C