Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сейсенбі, 20 Наурыз 2018 05:02

ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕДЕ ДӘСТҮРЛІ ОЙЫНДАР ДӘРІПТЕЛДІ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

        Қызылорда қаласында Ұлыстың ұлы күнін дәріптейтін ша­ралар басталып кетті. 22 наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық спорт түрлері де на­сихатталып жатыр. Сондай игі шаралар­дың бірі қалалық "Жастар ресурстық ор­талығы" меке­месінің ұйымдастыруымен 16 наурыз күні "Сыр сүлейлері" аллея­сында өткізілді. Жоғары және орта арнау­лы оқу орын­дарының студенттері ара­сында ұлттық спорт түрлерінен өткен жа­рыс бірнеше бөлімдерден тұрды.

   Ұлттық ойынның дамуына үлес қосып жүрген өңірге белгілі азаматтар қазылық жасап, ойынның өту ережелерін бақылап отырды. Негізінен сайысқа онға жуық оқу орындарының студенттері қатысып, бақ сынасты. Олардың жалпы саны жүзге де­йін жуықтады. Асық ату, арқан тарту, қол күрес, ләңгі тебу сынды ойындардан са­йысқа түскен ұлттық ойынның қадірін білетін жастардың шашасына шаң жұқ­пады десек те болады. Тартысты әрі қы­зықты өткізілген ойында ұлттық құнды­лықтарымыз насихатталып, мәртебесі асқақтай түсті.

   Қорытынды кезеңге жолдама алған ойыншылар ойын көркін қыздыра түсті. Өзінің білекті жігіт екенін дәлелдеген Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің сту­денті Шерхан Әлібай қол күресте ізіне қара ерітпей, бас бәйгені қанжығалады. Осы спорт түрінен ІІ орын Ақтілек Әбіл­ға­зыға, ІІІ орын Дәулет Түлкібайға бұ­йырды.

    Аяқтарын айқастыра, серкедей се­кіріп леңгі тепкен жастардың да қарасы қалың. Тек суырылып алға шыққандары аз болса да өзінің үздік екенін Қызылорда медициналық жоғары колледжі студенті Қайсар Шоханбайұлы дәлелдеп берді. Ол І орынды еншілеп, көрермендерге кере­мет көңіл-күй сыйлай білді. Қайсар еш­қандай өзге әдіссіз ләңгіні 83 рет аяғымен қағып, қарсыластарын шаң қаптырды. Осы ойында жүлделі ІІ орынды Нұржан Илиясов алса, ІІІ орынды Салауат Көп­тілеу місе тұтты.

    Кезек асық ату ойынына келгенде ойын­шылар қатары да арта түсті. Бір ғана асық ойыны үшін келген студенттердің саны 30-ға дейін жетті. Бастысы, бә­секелестік жоғары. Бас төрешілікті асық ату ойынының өңірдегі жанашыры Райхан Наукеев өз төрелігіне алды. Ойын бары­сында жастарға асық атудың қыр-сырын түсіндіріп, ойыншыларды ұлттық ойынды дәріптеуге шақырды. Ойын ережесін жете түсіндіре білді. Мықтылар әп дегеннен көзге ілініп, асықтары алшысынан түсіп жатты. Ләңгі ойынында үздік үштікке іліккен Салауат Көптілеу бұл жолы көш бастады. Мерген­дігіне ешкім ілесе алмаған соң Салауат салауаттылыққа бастайтын спортта өзгеден көш ілгері бола білді. Сақасы сай болып келген Әсет Жақыпов ІІ орынды қанағат етсе, Жанболат Әли ІІІ орынға қол жеткізді.

   Ал, арқан тарту ойынында оқу орындардың намысы мен абыройы жарыс жолына түсті десек артық айтқандық емес. Топтық ойында студенттер өз оқу орындары бойынша бірігіп, арқан тарту алаңына шықты. Табандары таймай, қарсылас шақ келтірмеген топ Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагоги­калық жоғары колледжінің студенттері болды. Олар осы ұлттық спорт түрінен бас бәйгені өз оқу орындарына сыйлай­тын­дарын айтты. ІІ орынды Болашақ меди­ци­налық колледжі алса, ІІІ орынды Қызыл­орда инженерлік-техникалық колледжінің жастарына бұйырды.

    Ұлттық ойын Сыр сүлейлері ұлықтал­ған алаңда ойнатылды. Кешегі мен бүгіннің ізгі сабақтастығы осы болса керек. Желігі басылмаған жастардың ойын құмарлығына кіргенде құлшыныстары артып, көрер­мендердің де арқасы қозып отырды. Өткен ғасырдың құндылығы жаңа дәуірдің жастарына рухани азық бола білді. Ойынға қатысып орын алған спортшыларға марапаттау қағаздары мен бағалы сый­лықтар табыс етілді. Бастысы, ұлттық ойындардың мәртебесі тағы да бір биікке көтеріліп, қаланың қақ төрінде ұлықталды.

   Ал, 18 наурыз күні ұлттық ойын қаланың қақ ортасында ойналды. Жек­сенбіде бауыры жерге тимейтін балуандар мен мергендігімен танылған асық ойын­шылары бас қосты. Олар көпшіліктің қызығушылығын ояту мақсатында түрлі ойындар ойнап, асық спортының әдіс-тәсілдерін ортаға салды. Сақа мен манай­дың айырмашылығына қызыққан қала тұрғындары өздері де ойнап көруге тырысып жатты. Бұл ұлттық құндылыққа сусап қалған елдің өнерге деген жана­шырлығын көрсетті.

   Орталақ алаңда өткен шарада ұлттық спорт насихатталып, олардың қыр-сырлары көпшілікке таныстырылды. Аталмыш шараның ұйымдастырылуына ұйытқы болған - Қызылорда қаласының денешынықтыру және спорт бөлімі. Сыр елінде асық ату ойынының беделін көтеріп, көпшіліктің қызығушылығын оятып жүрген жандар баршылық. Сол азаматтардың бірі Р.Наукеев қала ау­мағында өткізіліп жатқан шаралар жөнінде өз пікірін білдірді.

   - "Сыр сүлейлері" аллеясында өткен асық ату ойынында мен төреші болдым. Басқа ұлттық ойындардың өтілуіне да қолымнан келгенше көмектестім. Бас­тысы, асық ату ойынының ойнау әдістерімен жастар жақсы таныс. Алайда қолына сақа ұстаған жастар ширатып ата алмай жатты. Бұл асықты көптен ойнап жүрмегендерін көрсетеді. Қолының ебі бар ойыншылар көзмерген атанып, кіші асықтарға дөп тигізді. Қалада мұндай шаралар жиі ұйымдастырылып тұрғанын жөн деп есептеймін. Рухани жаңғыру дегеніміз - осы. Өскелең ұрпақ ұлттық руханиятқа қанық болса, болашағы жарқын болады,- дейді ұлттық спорттың жанашыры.

   Ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстар мұнымен тоқтап қалмайды. Әз-наурыз күні орталық алаңда ұлттық ойындардың барлық түрінен жарыстар өткізу қолға алынбақ. Жалпыхалықтық шарада кез келген қала тұрғыны өзінің бағын сынап көре алады.

    Қазақы бояуы қанық, халықтың жа­нына жақын құндылықтарымыз Қызыл­ордада осылайша ұлықталып өткізілді. Көкпар десе қаны қызатын, күрес десе делебесі қозатын, асық десе ойынға асы­ғып тұратын қазақ халқының ойындары жаңғыртыла бермек. Ендеше ұлттық ойынның өмір додасында "асығы алшы­сынан түссін" деп тілейміз.

Айдар САЙЛАУОВ

Оқылды: 110 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C