Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 18 Сәуір 2018 12:01

Имамдар иық тірескен сайыс

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

         Спорт мамандық таңдамайтындықтан өзін салауатты ұстағысы келетін кез келген адам шұғылдана ала­ды. Тіпті бұл салада имамдар да өздерін өзгеше қырларымен танытқанды жөн көрді. Бес парызын қаза қылмайтын жамағат спорттық сайыстан да кенде емес екендігін эстафеталық сайыста дәлелдеп берді. Облыс бойынша спортқа икемді деген имамдар келген шарада адамдар көп жиналып, сайыстың көр­­кін қыздырды. Көп­ші­ліктің қошеметінен соң шабыт ал­ған шариғат жолындағы дін өкілдері же­ңім­паз болуға бар өнерлерін көрсетіп бақты.

   Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған спорттық дода "Бірлігі жа­расқан жамағат" деген атаумен өткізіл­ді. Облыстың жеті ауданынан келген имамдардың бәрі де мығым, көбі өнерлі. Себебі сайыс басталмас бұрын аудан имам­дары өздерін таныстырып, өнерле­рін де ортаға салды. Келесі кезеңде түрлі спорт тәсілдерінің үлгісін көрсеткен имам­­дар халықтың зор ықыласына бө­леніп, халықтың қошеметіне қа­рық болды. Ал, үй тапсырмасында имамдар мен жамағат алдын ала берілген ереже бойынша өнер көрсетті. Эстафеталық жарыстың жеті түрінен сынға түс­кен жеті аудан имамдары жетістікке же­ту­ге ұмтылып, өз аудандарының абыройы үшін өткізілген сайыста оңай шағыла қоймайтын жаңғақ екендіктерін көрсете білді.

    Ұжымдық бірліктері сынға түсетін шақта сындарлы ойын өрнегін көрсеткен Жалағаш ауданының жамағаты өз­гелерден оқ бойы озық шығып, қарсыластарын шаң қаптырды. Екінші орын болса қазыналы Қазалы жамағатының еншісіне бұйырды. Қармақшылық имам­дар үздік үштікке ілініп, қоланы қа­нағат қылды. Осылайша "Евразия" спорт кешенінде өткен дүбірлі дода өз мәресіне жетіп, қатысушыларға бағалы сы­­­йлықтар табыс етілді. Бұқаралық спорт­­­ты дамытуда тамшыдай болса да үлес­терін қоса білген имамдар қауымы да ұйымдастырушыларға өз алғыстарын жеткізді. Қалалық спорт бөлімінің ал­ғыс хатына ие болған өзге қатысушылар да имамдар арасындағы осы секілді жан сергітетін игі шаралардың жиі өткізіліп тұрғанын қалайды.

Айдар Әділжанұлы

Оқылды: 40 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C