Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 18 Сәуір 2018 12:08

Сыр балуандары күш атасын ұлықтады

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

          Бел кеткенше белдесетін балуандар өнері қа­зақ үшін қашанда қа­дір­лі. Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіп­қой балуан, тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өр­шіл халқын бі­рінші болып өзге жұрт­қа паш еткен, өзінен бұ­рынғы қандастары бас­паған топырақты ба­сып, көрмеген елді кө­ріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш іл­ген Қажымұқан Мұ­ңайт­пасұлын ес­ке алған сырбойылық спортшылар бабасына қарап бой тү­зейді. Орасан күштің ие­сі, кү­рес­тің бірнеше түрі­нен әлем чемпионы атан­ған тұңғыш қазақ алыбы еке­ні мұқым елге мәлім. Тең­дессіз өнерімен жер шарын аралаған, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған батыр бабаны еске алуға арналған республикалық турнир Қызылордада өтіп, балуан әруағына құрмет көрсе­тілді.

    Айтулы дода сәуір айының 10-12 жұлдызы аралығында Қы­зылорда қа­ласының дене шынықтыру және спорт бөлімі коммуналдық мем­ле­кеттік мекемесінің ұйым­­­­дастыруымен қазақ күресінен 1998-1999 жы­лы туылған жастар арасында №1 ООРМБЖМ-ның кү­рес залында өткі­зілді. Қы­зыл­орда қаласының 200 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шарада боз­­кілемнің болашақ мықтылары күш сынасып, өзара үздікті анықтады.

    Екі күнге созылып, тар­тысты өткен жарыста спортшылар арасында нағыз үздік жеңімпаздар өз­ге­лерден көш ілгері болды. Қаумалаған қа­лың қатысушылар арасынан сүз­гі­ле­ніп, финалда үздік атанғандар халықтың ыстық ықыласына бөленді. Өз сал­­мақтарында Ернұр Сү­леймен, Дамир Абдеков, Жасұлан Бекболат, Шалдыбек Рахметалиев, Дарын Ханапиев, Ерасыл Жанатаев, Жансерік Жұ­ма­бай, Айтбек Ағы­баев­тар бірінші орын ие­леніп, алтыннан медаль тақты.

   Жеңімпаз жастарға жігер берген турнир қы­зылордалық көрермендердің де көзайымына айналып, жанкүйерлер­дің оң бағасын алды.

Айдар САЙЛАУОВ

Оқылды: 50 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C