Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 25 Сәуір 2018 10:47

ФУТБОЛ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

        Қаладағы аяқдопшылардың футбол десе ішер асын жерге қоятыны рас. Үй алдындағы аулаларда доп қуалап жүрген жастардың нағыз мықтыларын іріктей­тін дода басталды. Доп додасының ал­ғаш­қы маусымы күн жылып, жергі­лікті тұрғындарға спортпен айналысуына қо­лайлы болуы үшін көктем мен жаз айлары таңдалынып алынған. Бұл жарыс күз мезгіліне дейін созылып, бұқаралық спортты дамыту үшін өз септігін тигізетін болады. Себебі аталмыш маусымға қаладағы барлық аула ойыншылары мен топтары қатыстырылмақ.

  Ал, сенбі мен жексенбі күндері өткі­зілген шағын футболдан жарысқа 20 ко­манда қатысып, нағыз мықтыны анықтауға күш салды. "Тарлан" бокс орталығының футбол алаңқайында жастар өзара ең үздікті анықтап, келесі ойындарға жолдама алу үшін сынға түсті.

   - Бүгінгі ойын өте тартысты өтпек. Себебі алыстан "Ақсуат" командасы, қала ішінен "М.Шоқай" мектеп командасы, "КВИ" ойыншылары екі күн бойы ойнайтын болады. Өзге топтар да осал емес. Қала әкімінің қолдауымен және қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырып отырған шараға 150-ге жуық команда қатысып, маусым соңында ең үздік топ анықталатын болады. Сол жеңімпаз атанған команданы қала футбол құрама командасына енгізіп, оларды формамен, доптармен қамтамасыз ететін боламыз,- деді қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Жаманқұлов.

   Жалпы саны екі мыңға жуық спортшы тартылатын футбол маусымы шынымен шымыр жастардың тізімін жасамақ. Іріктеліп, сүзгіден өтіп, мыңнан озық шыққан команда Сыр өңіріне спорт жетістігі бойынша өз үлестерін ти­гізбек. Бұндай ойындар қаладағы барлық футбол алаңдарында өткізіліп жатыр.

   Ал, "Тарлан" футбол алаңындағы екі күнге созылған ойында "Айтбай мешіті" І орынды ешкімге бермей, өздерінің ше­бер екендіктерін таныта білді. "Төлен Ата мешіті" ІІ орын, ІІІ орын "Ақмешіт мөлтек ауданы" командаларына бұйырды. Ұйымдастырушылар Қызылорда қаласының екі жүз жылдығына орай осы секілді салауаттылыққа тәрбие­лей­тін сайыстарды үздіксіз ұйымдастыра беретіндіктерін айтып отыр. Бұл Сыр спортының бағындырар белесі әлі алда екенін көрсетеді.

Айдар САЙЛАУОВ

Оқылды: 54 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C