Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 23 Тамыз 2018 11:43

Джакарта жерінде көк жалау желбіреуде

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   Азиада-2018 ойындары басталды. Джакартада Қазақстанның да туы көкке көтерілді. Осы жылғы Азия ойындарындағы Қазақстан спортшыларының жарыс кестесінде су добы мен гандболдан Қазақстан қыздар командасы мен баскетболшы ерлер арасында топтық кезең матчтары бірінші тұрды.

    Гандболшы қыздар Қытай командасымен, баскет­болдан ерлер командасы Филиппинмен сынға түсті. Су добынан да қыздар командасы Қытай құрамасымен бақ сынасты.

    Қазақстан спортшылары екінші жарыс күні 2 бірдей медальды қанжығаға байлады. Жұлдыз Ешімова Оң­түстік Корея, Таиланд және Моңғолия балуандарын тізе бүктіріп, күміс жүлдені жеңіп алды. Ал, 20 тамыз күні Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржыны екінші медальмен толықты. Ұлттық Олимпиада комитеті Азиададағы екінші жарыс күнін осылай қорытындылады.

    Күндізгі сессияда сынға түскен суда жүзуші Әділ Қасқабай 50 метрге шалқалай жүзуде іріктеуден аса алмай, 38 спортшының ішінде 13-орынға табан тіреді. Содан соң, таэквондошы Елдос Ысқақ өз салмағындағы үздік бестікке еніп, жанкүйерді бір серпілтіп тастады. Ал, оның командаласы Фариза Алдоңғарова елімізге Азия ойындарындағы бесінші жүлдені сыйға тартты. Семсерлесуден сынға түскен нояндар бұл күні жүлдесіз қалды.

   Күресшілер де жан алысып жан берісті. Еркін күрестен аса ауыр салмақта белдескен Олег Болтин 7-орында. Оны ширек финалда ирандық балуан тізе бүктірді. Тиісінше, 53 келіде белдескен Жұлдыз Еші­мова ел қоржынын күміс жүлдемен қомпайтты. Фи­налда Солтүстік Корея өкіліне есе жіберген Ж.Ешімова осылайша Қазақстанға алтыншы медальді алып берді.

   Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасы іріктеуден өтіп, финалдық кезеңге жолдама алды. Ірік­теуден соң қазақстандық топ Вьетнаммен 5-6 орын­дар­ды бөлісті. Сонымен бірге Милад Карими мен Нариман Курбанов жекелей сында жүлдеге таласатын болады. Азия ойындарында қыздар тобы жарап тұр. Су добынан Қазақстан қыздар командасы Индонезияны 16:9 есе­бі­мен жеңсе, волейболшы ерлер мен көгалдағы хоккей­ші­лер жеңіліске ұшырады. Волейболшылар 1:3 есебімен Мьянмадан ұтылса, хоккейшілер 2:16 есебімен Малай­зия командасынан ойсырай жеңіліс тапты. Іріктеу ай­налымында Азия ойындары рекордын орнатқан Мария Дмитриенко қорытынды есепте 4-орынды иеленді.

    Академиялық есуде қыздардан құралған төрттік өз тобында бірінші орын алды. Бұл күні теннисшілер төрт бәсекенің барлығында да жеңіске жетті. Жалпы ко­мандалық есепте екінші күні Қазақстан құрамасы 6 медаль­мен 11-орында болды. Алғашқы үш орында Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея спортшылары өзгелерден оқ бойы озық тұр.

   Индонезияның Джакартасы мен Палембангында болып жатқан 2018 жылғы Азия ойындарының үшінші жарыс күні де өз мәресіне жетті. 21 тамыз күні Қазақстан құрамасының қоржынына жеті медаль қосылды: үш күміс және төрт қола медаль. Күміс медальді таэквон­дошы Жансель Дениз, палуан Алмат Кебіспаев және су добынан Қазақстанның әйелдер құрамасы жеңіп алды. Қола жүлдеге маунтинбайкер Кирилл Казанцев, таэквондошы Руслан Жапаров, палуандар Эльмира Сыздықова мен Мейрамбек Айнағұлов ие болды.

   Үшінші күннің қорытындысы бойынша Қазақстан барлығы 13 медальді еншілеп отыр: бір алтын, бес күміс және жеті қола медальмен ұлттық құрама жалпыкоман­далық есепте 10-орында тұр. Екінші жарыс күнінен соң ел қоржынында алты медаль болған еді. Азия ойындары 2 қыркүйекке дейін жалғасады. Жарыстарға барлығы 440 Қазақстан спортшысы қатысып жатыр 

Айдар САЙЛАУОВ

Оқылды: 23 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C