Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Спорт

Спорт (52)

Бейсенбі, 25 Қаңтар 2018 03:49

Бозкілемнің болашақ батырлары

| Автор: 

       Қазақстандықтар ұлттық дүниелерін көздің қа­ра­шы­ғын­дай қадірлеуде. Спорт жана­шыр­лары да жанын сала ұлт­тық ойындарды көтеріп, қаржы­ларын аяп жатқан жоқ. Соның нәти­жесінде қазақ күресі әлемдік деңгейге же­­тіп, аудиториясы да кеңейіп келеді. Жастар жан­ына серік еткен қазақ күресі Сыр өңірінде жақсы дамыған.

   Үлкен спортқа қарай бет бұрған жасөспірімдер осы бағытта жаттығулар жасап, түрлі спорт додаларына қа­тысып жүр. Байрақты бәсекелерде бой көрсетіп жүрген түйе палуандардың ізінен еріп келе жатқан жастардың да араларынан үздіктері анықталуда. Соның бір көрінісі - ел чемпионатына іріктеу жарысы. Жаңақорғанда қазақ күресінен. кіші жасөспірімдер арасында облыс біріншілігі өтті. 14-17 наурыз аралығында Павлодарда өтетін ҚР чем­пио­натына іріктеу жарысына қала және аудандардың 14 спорт мектептерінен 220 спортшы қатысқан. Үлкен кө­лемде өткен жарыс қорытындысы бойынша Диас Рүстемов, Бексұлтан Амангелдиев, Бекзат Алдаберген,  Ерсұл­тан Қошқаров, Беклан Бегалыұлы, Алтай Дінмұ­хаммед, Әлемжар Ыдырысов, Айдарбек  Дінмұхам­мед, Нұрасыл Дүйсенбаевтар жеңіске жетті. Олар енді рес­публикалық бәсекеде Сыр абыройын қорғауға солтүс­тікке аттанатын болады.

Бейсенбі, 25 Қаңтар 2018 03:42

Банк бастаған бастама

| Автор: 

   Биыл "Халық" банкі іргетасының қаланғанына 95 жыл толып, айтулы мерейтой үлкен көлемде аталып өт­кізілуде. Осыған орай, банк игі істер фестивалін ұйымдастырып, елді жақсы іске жұмылдыра білді. Елі­міздің 20 өңірін қамтыған конькимен тегін сырғанау нау­қаны Қызылорда қаласында екі күнге созылды. "Мұз айдыны" сырғанау алаңында өткізілген шара 20-21 қаңтар күндері жоспарланған. Демалыс күндерін сала­уатты өмірге бұрған, қала тұрғындары сырғанауға көп­теп келіп, бір жағынан қаржыларын да үнемдеді. Ең бас­тысы, бұқаралық спорттың кең етек жаюына үлес қосқан банк өкілдеріне көпшілік риза болып жатты.

   Екі күннің ішінде келген адам саны әдеттегіден өте көп болған. Жаттығу алаңдары қол жетімді болған сайын спортпен айналысушылардың көбейе түсетінін осы бастама айқын көрсетіп берді. Халық осы сынды шаралардың жиі өткізіліп тұрғанын қалайды.

Жұма, 19 Қаңтар 2018 11:30

ДҮБІРЛІ ДОП ДОДАСЫ

| Автор: 

     Білім саласында ұзақ жылдар бойы қызмет жасаған, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері және «Ерен еңбегі» медалінің иегері, Қазақ ССР-нің кәсіптік білім беру ісінің үздігі Мәжит Жәмитұлынының есімін еске алу мақсатында "Евразия" спорт кешенінде шағын футболдан облыстық ашық турнир өтті. 2018 жылы екін­ші рет ұйымдастырылып отыр­­ған турнирге Байқоңыр, Қызылорда қалаларынан және аудандардан 16 команда, жалпы саны 220 аяқдопшы қатысып, бабы мен бағын сынға салды.

   Бұқаралық спортты дамытуға өз үлесін қосқан ау­қым­ды спорт додасы өте тартысты өтті. М.Жәмитұлы­ның өмірі әлемдегі бейбіт әрі игілікті сала - спортпен байланысты болғандықтан, спорт саласының мамандары белгілі азаматтың есімін ескерусіз қалуын құп көрмеген. Ол футбол ойнап, салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлесін қосқан азамат. Сондықтан айтулы шара білім саласының үздігі есімімен аталып отыр.

    Қалаға келген қонақтар тарапынан суырылып шық­қан топ болмады. Жеңіс қызылордалық "Азамат" коман­да­сының еншісінде қалды. Олар финалда "Орион" командасын қапы қалдырды. Ойынның негізгі уақыты тең аяқталғандықтан жеңімпаз тек айып добын орындау барысында анықталып, есеп 4:2 нәтижесімен түйінделді. 3 орынды қызылордалық "Престол" командасы ен­шілесе, 4 орын "Капстрой" командасына бұ­йырды. 

    Ойынның қызықты өрбуіне себепші болған үздіктер де назардан тыс қалмады. Олар арнайы номинациялар арқылы анықталып, марапат төрінен көрінді. Атап айтар болсақ, "Үздік қақпашы" - Жалғас Қадырберген (Прес­тол), "Үздік қорғаушы" - Бекзат Құрманалиев (Орион), "Үз­дік шабуылшы" - Бағдат Исмайлов (Капстрой), "Үздік ойыншы" - Ержан Қазыбеков (Азамат) сынды футбол­шы­ларға бұйырды.

Айдар САЙЛАУОВ

 

         Қызылордада қыздар арасында волейболдан өткен ҚР чемпионаты 10 қаңтар күні өз мәресіне жетті. 5 қаңтарда "Мұз айдыны" спорт кешенінде өткен жарыс 2004-2005 жылдары туған жасөспірім қыздар ара­сында болды. Бұл айтулы дода - Қазақстан Республи­касының қысқы чемпионаты. Сондықтан аталмыш сайыс спортшылар үшін өте маңызды болып саналады.

  Спортшылардың дені Астана, Алматы қалаларынан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Қызылорда облыстарынан жиналды. 250-дей спортшы қыз 16 команда болып, бес күн бойы жеңіс үшін сынға түсті. Кіл мықтының ішінен кім мықты екені соңғы жарыс күні анықталды.

   Республикалық чемпионат облыс бойынша екінші мәр­те өткізілсе, республикада үшінші рет ұйымдас­ты­ры­луда екен. Былтырғы жылы Сыр елінде республи­ка­лық көктемгі чем­пионат өткізілген еді. Ал, осы жолғы жарыс қор­ытындысы бойынша қызылжарлық қыздар көш бастады. Олар чемпионаттың шеберлері екенін дәлелдеп, І орын­ды еншіледі. ІІ орын қостанайлық қыз­дарға бұйы­рып, ІІІ орын Елордадан келген арулардың қоржынында кетті.

Сейсенбі, 26 Желтоқсан 2017 09:27

БІЛЕКТІЛЕР МЕН ЖҮРЕКТІЛЕР ОЙЫНЫ

| Автор: 

       Бала күндеріңіз есіңізде болар. Замандас жолдасыңызды арқалап алып, дәл сондай келесі бір жұппен күш сына­сатыныңыз. Әбден қалжырап, шаршағаннан соң әлі басым жақ қарсыласын алып ұратын. Ең қызығы, жолдасын ар­қа­лап, алысып жүрген бала тұлпар рө­лінде болып, аударыспақ дейтін ойын ой­нап жүрміз деп есептейтін-ді. Ауыз- екі тілде мұны жаяу аударыспақ деп атайды.

   Бұдан бөлек аталмыш спорт түрі басқаша болып ойнала береді. Мысал­ға айтар болсақ, бөрене үстінде ішіне ты­­ғыздалып мақта салынған қаппен оқу­­шылар бір-бірін жерге ұрып түсіру керек. Бұл ойынды топпен де, жеке де ой­науға болады. Мектепте жарыс тү­рінде өткізуге болатын қазақтың ұлттық ойын түрлері қазақша күрес, тоғызқұ­малақ, дойбы, асық ойыны, арқан тарту, бестас, тағы да сол сияқты көптеген ойын түрлерін атауға болады. Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие жұмыстарына пайдалану педагогикалық жүйенің жалпы заңдылықтарына бағынады. Ұлттық ойындарды мектептегі оқу-тәрбие жұмысында пайдалану - мұғалімнен шебер­лікті, сабырлылықты, білімділік нәти­же­­сін күтеді. Жоғарыда айтылып өт­кен екі ойнау тәсілі - балалар мен ұстаздардың өз икемдеріне қарай жасап ал­ған аударыспақтың кішігірім үлгісі.

   Шындығына келгенде, бұл ойынның ережесі тіптен бөлек. Аударыспақ ойы­ны - спортшыдан үлкен шапшаңдықты, шымырлықты, шыдамдылық пен ба­­тылдықты талап ететін қазақтың ұлт­тық спортының бір түрі. Бұл ойында екі салт атты бір-бірін аттан аударып алуға тырысады. Тұлпар үстінен жерге құ­лап түскен ойыншы жеңілген есеп. Аталмыш спорт түріне тәртіп бойынша ат үс­тіндегі айқасты жақсы меңгерген, тиянақты дайындығы бар спортшылар ғана қатынаса алады. Ал, дайындығы жет­кі­лік­сіз, тәжірибесі аз спортшылар үшін бұл өте қиын. Қасқалдақтың қа­нын­дай қа­дірлі ойынның ХХІ ғасырда аясы кеңіп, үлкен-үлкен додалар ұйым­дас­­ты­ры­луда. Бұл да руханиятқа жана­шыр­­лықтың өлмегенін дәлелдей түс­пек.

Сейсенбі, 28 Қараша 2017 10:45

Ақсүйекті ақсүйектер ойнаған ба?

| Автор: 

Қызыл бешпент үстінде,

Қынама бел, шашбаулым.

Алтыбақан тебуге

Сұранайын мақтаулым, шашбаулым.

Ай толықсып, аспанда,

Туған кезде, шашбаулым.

Ойнаймын деп ақсүйек,

Қуана бер мақтаулым,шашбаулым.

     Алтынбек Қоразбаевтың өлеңіне арқау болған бұл ойын махаббат көрінісін көзге елестететін ұлттық дәстүр секілді. Сақтың салтын, ғұнның ғұрпын сақ­таған көне көшпелі елдің ең керемет ойыны тарих тізімінен сызылып қалмай, ХХІ ғасырға да жетті. Алайда, ойын атауы мен ережесі содан соң көп кітаптардағы жазбалар ғана ақсүйек­тің құпияларынан сыр шертеді. Шынтуайтына келгенде, қолына сүйек алып, түн ішінде оны із­­деп жүруді ерсі көретін жастар бұл ойыннан түбегейлі бас тартқалы қашан?! Тек дәстүрлі мерекелерімізде ғана бір еске түсіретіні болмаса.

    Ақсүйек ойыны төңірегінде толып жатқан жауапсыз сұрақтар бар. Ойын қалай пайда болған? Қандай түліктің сүйегі көп қолданылады? Ғашықтардың ғана ермегі болған ба? "Ақсүйек" деп аталуының мәнісі неде? Осы секілді толастамайтын сұ­рақтар ішіне "Ақсүйек" ойынын "Ақсүйек тұлғалар" ғана ойнайтын ойын ба?" деген сауал да өз жауабын іздейді. Қоғамды қы­зық­тырған осындай маңызды сұрақтардың жауабын ойынға зерттеу жасау арқылы жауап тауып көргенді жөн санадық. Аңыздар мен ел арасындағы ауыз­бен тараған көп әңгімеге құ­лақ аспай зерттеулер мен тарих парақтарын ақтардық. Ке­зік­тірген қызықты деректер жетерлік.

Сәрсенбі, 22 Қараша 2017 06:06

АЙГӨЛЕК КІМГЕ КЕРЕК?

| Автор: 

       Балалық шаққа саяхат жасап отырсаңыз, ойыңызға оралатын ең бірінші ойын, ол - Айгөлек. Ұлттық спорттың бұл түрі жасөспірімдердің есінде жақсы сақталған. Ересектер ескіден сыр шерткенде сөз еткені болмаса, ойын баласының ең сүйікті спорты атанған "Айгөлекті" көпшілік ескере бермейді. Сіз онда ақын да, батыр да, батыл да болып, ширақтық пен шеберлікті шыңдайтын додалы аламанның жауынгерін­дей күй кешесіз. Бірақ, осы күндері бұл ойынды ұмытып бара жатқанымыз жасырын емес. "Білмесеңіз біліп жүріңіз" деп, ойын туралы ақпар беріп өткенді жөн көрдік. Кезінде дүркіреп аты шыққан ойынның айдыны таязданғаны көп көңілге алаң. Оған себеп ұлттық ойынды түгелдей біріктіріп, насихаттайтын жүйенің жоқтығында. Осы тұста "Тамырын білмегеннің жапырағы солғын болады" деген шығыс даналығының дұрыс айтылғанына шүбәсіз сенесің.

    Есіңізде болса, ауыл топырағына табаны күйіп жүріп ойнайтын ойынға есі кірген барлық балалар жиналатын. Тізесі жараланса, үстіне құм сеуіп жүре беретін ауыл баласы айгөлектің қызығына тоймай, кеш қарайғанын да аңғармай қалатын-ды. Ойынның да сол кезде шырайы кіреді. Оған қоса бір-біріне деген бауырмалдыққа, бірлік пен татулыққа, жанашырлыққа үйретер ойынның тәлі­мін кейінгі буын енді ғана түсінгендей. "Шір­кін, ұлттық ойындарымыз құндылықтарға толы екен ғой" деп аңсайды үлкендер. Онысы рас. Ұлан-ғайыр атырапта, далалы өлкеде ойналған кез-келген ойын ересекке рух, жас жеткіншектерге жігер беретіні сөзсіз.

   Айгөлек - ең танымал ұлттық ойындардың бірі. Бұл ойынды ойнаушылар екі топқа бөлі­неді. Олардың сандары да, жас шамалары да бірдей болулары қатаң ескеріледі. Екі топтың екеуінің де бастаушысы болады. Аралары 10-15 адымдай жерде қол ұстасып қатарласа тұрған осы екі топ біріне-бірі сөз тас­тап, күш көрсетіп, өнер жарыстыра жөнеледі. Екі жақтың ойын бастаушылары орталарынан бір қыз бен бір жі­гітті шығарып, олардың қолына бір ақ тас, бір қара тас береді. Немесе жасыруға ыңғайлы бір бұйым. Олар екі тасты ешкімге көрсетпей, уысына қысып тұрады да, екі ойын басынан "Сен қай қолдағы тасты қалайсың?"-деп сұрайды. Бастаушылардың біреуі мен: "Оң қолдағы тасты қалаймын",- дейді, екін­шісі сол жақ қолдағы тасты алады. Қайсысында ақ тас болса, сол ойынды бастайды. Бұл жеребе арқылы ойынды кім бастайтынын анықтау өзге де ұлттық ойындарда жиі қолданылатын әдіс.

          ХХІ ғасырдың компьютер құмар баласы асқан шеберлікпен аяқтың еп­ті­лігін қажет ететін, "ләңгі" деп атала­тын ойын бар екенін білер ме екен? За­мандастарымыз электронды әлемнің әдемі ойындарына әуес. Жас жеткін­шек­тер бір орында отырып алып, көз бен саусақтан басқа мү­шені қимылдат­пай­тын атыс-ша­быстың жетегінде кетуде. Құмар ойынға құнығып алған ойын ба­лалары өзге ақпаратты миларына қа­былдамайтын дәрежеге жеткен. Қи­мылсыз отырып әуестенетін ойын­ның зардабын жоятын қазақтың ұлттық спорты алтынға бергісіз құндылық емес пе? Неге десеңіз, тұла бойдың бәрін дерлік қозғайтын, ақылдылыққа да үйрететін, көпті үйіріп әкететін спорттар жетіп арты­лады. Сондай ұлттық ойын­дардың бірі - ләңгі тебу.

   Аталуы қызық әрі не мағына бе­ре­тіні де беймәлім. Дегенмен де бұл ойын­ды көпшілік жақсы біледі. Ал, сөз ма­ғы­насына келгенде, "Тү­сіндірме сөз­дік­тер" де, өңірдегі тіл мамандары да тіс жа­ра алмады. Сүй­кеме болжамдарға, шын­дыққа жа­наспайтын нұсқаларға назар ау­дар­мадық. Дегенмен де бұл "ләңгі" сөзі қазақ тіліне қай елден ен­генін, нен­дей мағына беретінін анықтау ға­лымдардың еншісіне қалсын. Бізге ойынның ой­налуы мен тәрбиелік тәлімі маңызды.

    Дала заңы - ешбір баспада басыл­маған, көп мінберде айтылмайтын ұлы қағидалар. Сол бір даналықтың ұш­қыны осы бір ойыннан орын алатын іспетті. Ләңгінің шығу та­ри­хына үңілсек, Ор­талық Азия елде­рін­дегі көшпенді тай­палар арасында пай­да болған көрінеді. Үнемі ат үстінде жүретін жауынгерлер мұны денешы­нық­тыру ретінде ойнаса керек. Тақым мен аяқтың мықты­лығын шынықты­руда таптырмайтын тәсіл де осы бол­ған. Жауынгерлердің бұл жатты­ғуы кейіннен ережесі бар ойынға айнал­ған. Кезең-кезеңімен даму үрдістерінен өтіп, қалың қазақтың қалыпты ойын­дары қатарына енген.

Сейсенбі, 07 Қараша 2017 12:18

Есірткі ессіздікке душар етеді

| Автор: 

    Қолға қалам алып осы тақырып аясында жаза бастағанымда маған егемен елде өмір сүру бақыты бұйырған, бақытты ұрпақ екеніме қуандым. Себебі, біз осындай көк туы желбіреген, әнұраны аспанында қалықтаған, дара тілі мен өзіне тән салт-дәстүрі бар, ақылшы қариялары мен білімді жастары бар, ең бастысы кемеңгер Елбасы бар кең байтақ елде өмір сүреміз. Осы құндылықтарымыз бізге оңай келді ме?! Әрине, жоқ. Арыға бармай-ақ, осы егемендікті алу жолында қаншама қазақ жастары, біздің аға-апаларымыз өз өмірлерін құрбан еткені баршаңызға мәлім. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Нағыз патриот - өз елін мақтайтын емес, нағыз патриот кемшіліктерді байқап, оларды түзетуге ықпалдасатындар» - деп айтқандай, егемен еліміздің болашағы үшін біз де өз үлесімізді қосуымыз керек деп ойлаймын.

    Алайда, біз өмір сүріп отырған қоғамның ащы шындығы, басты дерті бар, ол-нашақорлық. Нашақорлық тек біздің елде ғана белең алған көрініс емес, бұл дерт ұлтқа да, жасқа да, жынысқа да шектеу жоқ әлемдік індет. Осындай есірткі дертіне шалдығып, өзінің жас өмірін ластап жатқан жандар қаншама. Қазіргі таңда оның зияны қоғамға кері әсер етіп, салдарынан түрлі жан түршігерлік оқиғалар орын алуда.

   Қазақ халқының менталитетіне тән емес «нашақорлық» деген ұғым қайдан шықты? Неге адамдар оған әуес болып келеді екен деген сауалдар әрбір саналы адамның ойына келетін алғашқы сауалдар. Есірткі сөзі құлаққа қалай жағымсыз естілсе, аты айтып тұрғандай нашақорлық, яғни наркомания - (грек тілінен аударғанда ессіздік) есірткі заттарды тұтынып, оған дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру. Ғалымдардың айтуы бойынша, есірткіні алғаш рет Жерорта теңізін мекендеген халықтар пайдаланған, алайда қазіргі таңда дүниежүзінің кез келген жерінде өсіріледі. Ал, біздің елге сән, яғни еліктеу арқылы келген сияқты. Сонымен қатар, жастардың жаман әдеттерге қызығуы, өзін-өзі көрсету үшін дәлелдеуі, тастанды балалар, нашар отбасы немесе бақуатты отбасында өсіп масаттануы, өзіне деген сенімсіздік және жалғыздық сынды нәрселер адамды есірткіге итермелейтін негізгі себеп болуы мүмкін. Есірткі біздің ғана емес, жалпы адамзаттың қас жауы. Есірткіге әуестеніп, оны пайдаланған адамның жұмыс істеу қабілеті төмендеп, жүйке жүйесінің қызметі нашарлап, ойлау қабілеті төмендеп, тіпті өз іс-әрекетіне жауап бере алмайтын жағдайға жетіп, қылмысқа баруы да мүмкін. Қылмысқа барып қана қоймай, денсаулығын да құртады.

Сейсенбі, 07 Қараша 2017 12:14

Нашақорлық қоғамды аздырады

| Автор: 

Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ сайысына

   Қазақтың ел алдындағы абыройы, беделі, қадір-қасиетінің жақсылығы дәулетімен ғана емес, ұрпақтарының өнегелі өмірімен өлшенген. Осы кезге дейін ата-бабаларымыз ұрпақтары үшін, азаттықтың ақ таңын аңсап, егемендіктің дәмін тату үшін тағдырдан талай теперіш көрді. Азаттық - Ұлы даланы мекен еткен аталарымыздың асыл арманы еді. Тәуелсіздік жолында қынадай қырылып, алтын таққа отырған асқақ дәуірлерді де, өзгенің боданында болған кер заманды да бастан кешкен болатын. Бірақ тағдырдан талай тақсірет көрсе де, халқымыздың рухы жасымаған еді. Дана халық өз бойынан елдікті де, ерлікті де тапты. Еңсесі түскен ел есін жиды, жапа шегіп зар жылаған халық көзінің жасын тыйды, тәуелсіздікке қол жеткізіп, азат елге айналдық. Бабаларымыздың асыл арманы орындалып, егемендігімізді алып, туымызды желбіретіп, енді бас көтерейік дегенде бүкіл әлемді жаулаған, ғасыр індетіне айналған есірткі бізге де келіп жетті. Бұрын халық тәуелсіздік үшін ақ жолда жандарын пида етсе, бүгін ұлымыз бен қызымыз осы індет жолында қыршынынан қиылуда. Есірткі зардабынан қаншама ұйыған отбасы шарасыз күйде қалса, талай қазақ баласы көздері мөлдіреп панасыз күйде қалуда.

   Дүние жүзінде есірткіні қолданатын адамдар өте көп, олардың көбісі жастар. Жастардың арасында есірткіге әуестік көп ретте білместіктен, қызығушылықтан, еліктеуден басталады. Өйткені, оны неғұрлым кең таратуға мүдделі адамдар бар. Сондықтан да олардың тұзағына алдымен балалар ілінеді. Олар бұл қызықтың немен аяқталатынына жете мән беріп жатпайды. Ересек адамдар өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, нашақорлықтың өз денсаулығына қауіпті екенін, қайыршылыққа ұрындыратынын жақсы біледі. Олардың отбасы мүшелері және қоғам алдындағы жауапкершілік сезімі оянған. Ал, жасөспірімдерде ол сезім өте төмен деңгейде. Олар есірткі әлеміндегі алғашқы қадамының қайда бастайтынына жете мән беріп жатпайды. Ал, балаларға есірткіні тегін ұсынатын адамдар олардың білместігі мен түсінбестігін шебер пайдаланады. Көбінесе ата-ананың баласын тәрбиелеуге уақытының болмауынан, отбасы мүшелерінің бірі арақ-шарап ішуі немесе есірткі қолдануынан, әлеуметтік жағдайларының төмендігінен, қиын-қыстау кезеңдерінде наша ұстанған адамдарға «жоқ», «болмайды» деген сөздерді айта алмайтын халге түскендер нашақор болады екен.

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C