Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Спорт

Спорт (52)

Бейсенбі, 22 Маусым 2017 06:27

Street Workout cпорт алаңы ашылды

| Автор: 

     Street Workout - ашық аспан астында өз дене салмағымен жаттығу жүргізуді қамтитын трендтік спорт бағыты. Негізгі жаттығулар турниктерде, қоссырық­тарда және басқа да спорттық құрылымдарда орын­далады. Бұл бағыттағы спорт алаңы Қызылорда қала­сында да ашылды.

       

      Спорт саңлақтары дүбірлі додалар­да мүдірмей, мүлтіксіз өнер көрсетуі үшін дайындықтарының мықты болуы шарт. Ел намысын қорғайтын дарабоз­дар­дың дараланып, шығар шыңы биік­терде бола бермек. Алайда, бұндай нә­ти­желер жаттығу жұмыстарының үз­дік­сіз орындалып тұруы арқылы көрі­неді. Дайындық өткізетін алаңдар әр спорт саласы бойынша түр-түрге бөлі­неді. Мысалы, мұз айдындарында сыр­ға­нау арқылы ойналатын ойындар мұз тө­сенішін қажет етеді. Ал, допты ай­нала жүгіріп, көк алаңның көркін қыз­дыратын аяқдопшыларға стадиондар ауадай қажет. Бұған қоса былғары қол­ғап шеберлерінің де жөні бөлек. Сол сияқты толып жатқан спорт нысанда­ры­ның Сыр өңіріндегі қауқарын байқап көрдік.

  Қыздардың жұдырықтасып жат­­­­қанын көрсең, көзің үйренісін­кіре­мей қызыға қарайсың. Бойжет­кен­дердің бозбалалардан қалыс қалмай спорттың бұл түрімен ай­на­лысуы мақтауға лайық. Қуана қа­райтыны­мыз да содан. Себебі әлем елдерімен салыстырып қарағанда, қазақстандық қыздардың бокспен айналысуы өте аз. Тек енді-енді қар­қын алып келе жатқаны көңілге медет. Баласын спортқа қия қой­май­тын ата-ана нәзікжандысын тө­белестіріп қойғы­сы келмейді әри­­не, бірақ бізге чем­пиондар ке­рек. Қиындықтың бәрі­нен қай­мық­пай, оңайлықпен қайыс­пас әрі мі­нез­ді батыр қыздар қазақта жоқ емес. Солардың жаңа легі біздің өңір­­де де бастау алып келеді. Жет­кен жетістіктері де жабырқау кө­ңі­лімізге жұбаныш.

   Шаршы алаңда шаршамай, шы­дам­­мен, былғары қолғапты қарсы­ла­сының қақ маңдайына сан мәрте рет соққылай беру ілуде бір кезде­сетін талант. Спортшы қыздар аз бол­­ған­дықтан бәсекелестік төмен екен деп ойлап қалмаңыз. Қызыл­ор­далық бой­жеткендер облыстық ғана емес, республикалық бәсеке­лер­де бақ сынасып бақтары жанып жүр.

   Соның бірі жақында ғана өткен Оңтүстік Қазақстан облысы, Шым­­кент қаласындағы Қазақстан Респуб­ли­касының ІV Жастар спорт ойын­дары. Бұл ойынға Астана, Алматы қала­лары мен еліміздің 12 облысы­нан 100-ге жуық спортшы қыздар қа­тысқан. Дені 1999-2000 жылы туыл­ған жас боксшы қыз­дар. Бұл бәсеке­ден қызылордалық қыздар да қалыс қалмапты. Спорт ойындарында об­лы­сымыздың қыз­дар құрамасы жал­пы­команда­лық есепте үшінші орын­ды қанжығала­рына байлады. Әзірге бұл көрсет­кіш жаман емес.

   Қыздардың жаттықтыру­шыла­ры Бақытбек Құлбаев, Шахноза Исаха­нова, Айдос Өмірбеков және Жәні­бек Аралбаев қыздардың жа­рыс­тағы көрсеткіштеріне дән риза.

   Спорт - түрлі жағынан арнайы мамандан­ды­рыл­ған сала. Сайыстарда жарысу арқылы өз мүм­кін­дік­терін жоғары дәрежеде көрсете білуге жан дүниесін дайындау және дене тәрбиесі ойындарында материалдық әрі рухани байлықтың басты көрінісі. Нақтырақ айтқанда, жарыс әрекетінің, спорт­шыларды жарыстарға қатысуға даярлаудың ерекше нысаны болып табылатын дене шынықтырудың айрықша түрі. Соның ішінде бүгінгі күні салауатты өмір сүрудің нақты көрсеткіші ретінде бұқаралық спорт өз ерекшелігімен көпшілікке жағымды әсер етуде. Бұқаралық спорт - тұрмыс пен еңбек қыз­метіне керек дене қозғалыс дағдыларын дамытып, жетілдіруге және бір қалыпта ұстауға көмектесетін, тұрғындардың әртүрлі әлеуметтік демографиялық тобының мұқтаждығын қанағаттандыратын спорт түрі. Сондықтан да еңбекке жарамды адам спорттың барлық түрі бойынша жаттыға алады. Бұқаралық дене шынықтыру мен спорт тұлғаның жан-жақты дамуына, денсаулықты нығайтуға ықпал ететін адам өмірінің ажырамас бөлігі екені ай­тылып та жүр. Сондықтан олар жалпыға бірдей қол жетімді дене жаттығуларымен тіпті бейімдел­меген жерлерде де шұғылдануға болады.

   Президент Жолдауында қазақстандықтардың кемінде 30 пайызын бұқаралық спортқа тартуды тапсырған болатын. Бұл көрсеткішке жету үшін бү­гінде Қызылорда қаласында нақты істер жүзеге асы­рылып жатыр. Мәселен, жер-жерлерде жаппай ­қ­а­ты­сушыларға арналған спорттық шараларды өт­кі­зуден қызылордалықтар да кенде қалып жатқан жоқ.

  Бұқаралық спортта ең көп ұйымдастырылатын футбол ойыны - қызылордалық аяқдопшылардың күн тәртібіндегі ойындардың бірі. №278 орта мектебінің футбол алаңында қалалық дене шы­нықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен бұқа­ралық спортты дамытып, жандандыру мақса­тын­да өтіп жатқан қала әкімдігі мен "Мұрагер" ко­ман­дасының жолдастық кездесуі сөзіміздің нақты дәлелі.

       "EXPO-2017" халықаралық  көр­месіне орай 7 мамыр "Отан қорғау­шы­лар күні" мен 9 мамыр "Жеңіс күні" мерекелеріне байланысты аула клубы командаларының арасында шағын футболдан қала тұрғындары арасында тартысты ойын өтті. Илья Ильин атын­дағы саябақта өткен ойын екі күнге созылды. Жарысқа негізінен қаладағы аула клу­бы­ның аяқдоп шеберлерінен құралған топтар қатысты. Әрбір ойын халық­ара­лық футбол ұйымының (ФИФА) қол­да­нысындағы ережеге сәйкес өткізілді. Ұзақтығы 10 минут­тан тұратын 2 кезең жарыстағы чем­пиондарды анықтады.

   - Жарыстың негізгі мақсаты - қала тұрғындарының, жастар мен жасөспі­рім­дердің бос уақыттарын тиімді өт­кізу, спорт арқылы достық қарым-қа­тынастарын нығайту және отансүй­гіш­тікке, патриоттық сезімге, ұлттық мә­дениетке тәрбиелеу. Сонымен қатар футбол ойынының деңгейін көтеріп, салауатты өмір салтын насихаттау, тұр­ғындарды бұқаралық спортпен ұдайы айналысуға жағдай жасау,- дейді ұйым­дастырушылар.

    Бұл дүбірлі доданы ұйымдастыру мен басшылық жасауда қалалық дене шы­­нықтыру және спорт бөлімі мен "Қайнар" спорт клубы бе­кіт­­кен төре­шілер  жауапты болды.

    Жарысқа қаланың әр жерінен келген 12 команда қатысты. "Тасбөгет жаста­ры", "КБИ", "Шұғыла", "М.Шоқай", "Қы­­ран", "Взлетка", "Реаль", "Универ­сам", "Арзан базар", "Талсуат", "Шан­хай", "Қызылжарма" сынды топтар бәсе­ке­нің басты орнына таласты. Аяқдоп ше­берлері әдемі ойын өрнегін көрсе­тіп, жанкүйерлер қолдауына ие бол­ды.

   Ойын қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атануы тиіс. Екі күнге созылған жарыс қоры­тын­дысы бойынша І орын "Тасбөгет жас­тарына" бұйырды. ІІ орынды "Қыран" командасы алса, ІІІ орынды "Реаль" командасы қоржынына салды.

  Тартысты ойын өрнегін көрсеткен футболшылардың қуаныштарында шек жоқ. Ойынның жеңімпаз топтарына қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің грамоталары және "Қайнар" спорт клубының кубоктары табыс етілді. Оған қоса қала әкімінің арнайы сыйлықтары беріліп, үздік ойыншы­ларды марапаттады.

Айдар Әділжанұлы

  Шахмат ойыны адамның ойлау қабілетін дамы­тып, ақылдылыққа үйретеді. Оқушылар арасында жетістікке жетіп үлгерген қызылордалық жасөс­пірім туралы мақтанышпен айта аламыз. Бұл сөзі­міз­дің нақты дәлелі Румынияда оқушылар арасын­да шахматтан өткен Әлем чемпионатында Қы­зылорда қаласынан қатысқан Әсел Серікбай Әлем чемпионы атанып, қала тұрғындарын бір қуантып тастады.

  Румынияның Яссыда қаласында оқушылар ара­сында шахматтан өткен Әлем чемпионатында қы­зылордалықтар жемісті өнер көрсетіп, ел мерейін үстем етті. 15 жасқа дейінгі қыздар арасында бақ сынаған Әсел Серікбай еліміздің мерейін үстем еткен болатын. Жас шахматшы швейцар жүйесі бойынша классикадан 9 турдан 8,5 ұпай жинады. Со­нымен қатар 13 жасқа дейін қыздар арасында сын­ға түскен Назерке Нұрғали 9 турдан 7,5 ұпай жинап, Әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді. Айта кетерлігі, дүбірлі додаға елімізден 33 спортшы қатысып, оның ішінде тек қызылор­далық қос шахматшы ғана жүлделі орындарды ие­леніп, өзге облыстарға қарағанда мықты екендерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Жалпы, Әлем чем­пио­на­тына 45 мемлекеттен 670 спортшы шебер­ліктерін сынға салған додада қос спортшымыз енді қыркүйек, қазан айларында Уругвай және Ита­лияда өтетін Әлем чемпионаттарына дайында­лады.

   Қызылордалық спортшы қыздар қала тұрғын­дарының да алдағы уақытта шахматқа қызығушы­лығын оятары сөзсіз. Шахматшы қыздар да ақ пен қараның айқасында өтетін ойында корольдерін құ­лат­­пау үшін жұмыс жасай бермек. Әлем­дік бә­се­ке­де әр елден келген мықтылардың ішінен қы­зыл­ор­да­­лықтардың тағы бір рет топ жарып шығуын күтетін боламыз.

Айдар Сайлауов

 

  Шахмат ойыны адамның ойлау қабілетін дамы­тып, ақылдылыққа үйретеді. Оқушылар арасында жетістікке жетіп үлгерген қызылордалық жасөс­пірім туралы мақтанышпен айта аламыз. Бұл сөзі­міз­дің нақты дәлелі Румынияда оқушылар арасын­да шахматтан өткен Әлем чемпионатында Қы­зылорда қаласынан қатысқан Әсел Серікбай Әлем чемпионы атанып, қала тұрғындарын бір қуантып тастады.

  Румынияның Яссыда қаласында оқушылар ара­сында шахматтан өткен Әлем чемпионатында қы­зылордалықтар жемісті өнер көрсетіп, ел мерейін үстем етті. 15 жасқа дейінгі қыздар арасында бақ сынаған Әсел Серікбай еліміздің мерейін үстем еткен болатын. Жас шахматшы швейцар жүйесі бойынша классикадан 9 турдан 8,5 ұпай жинады. Со­нымен қатар 13 жасқа дейін қыздар арасында сын­ға түскен Назерке Нұрғали 9 турдан 7,5 ұпай жинап, Әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді. Айта кетерлігі, дүбірлі додаға елімізден 33 спортшы қатысып, оның ішінде тек қызылор­далық қос шахматшы ғана жүлделі орындарды ие­леніп, өзге облыстарға қарағанда мықты екендерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Жалпы, Әлем чем­пио­на­тына 45 мемлекеттен 670 спортшы шебер­ліктерін сынға салған додада қос спортшымыз енді қыркүйек, қазан айларында Уругвай және Ита­лияда өтетін Әлем чемпионаттарына дайында­лады.

   Қызылордалық спортшы қыздар қала тұрғын­дарының да алдағы уақытта шахматқа қызығушы­лығын оятары сөзсіз. Шахматшы қыздар да ақ пен қараның айқасында өтетін ойында корольдерін құ­лат­­пау үшін жұмыс жасай бермек. Әлем­дік бә­се­ке­де әр елден келген мықтылардың ішінен қы­зыл­ор­да­­лықтардың тағы бір рет топ жарып шығуын күтетін боламыз.

Айдар Сайлауов

 

   
   30 сәуір күні Қызылорда облыстық "Евразия" спорт кешенінде қазақ күресінен "Алтын белбеу" облыстық сайысының соңғы кезеңі өз мәресіне жетті. Оған Қызылорда қаласы мен аудандардан 8 команда қа­тысты. Қазақ күресінен "Түйе балуан" атанған спортшы "Сыр барысы" атағын иеленіп, оған "Алтын белбеу" тағылады. Бұл сыннан іріктеліп шыққан спорт­шылар 2 шілдеде Астана қаласында өтетін "Қазақстан барысы" турнирінде ҚР Президенті жүлдесін сарапқа салатын болады. Жарыстың салтанатты ашылуынан кейін соңғы белдесулер мен "Түйе балуандар" сайысы болды.

   Қазақ күресінің алпауыты бола білетін ерлердің нағыз серігі спорт түрінің облыстық кезеңі қала тұрғында­рының көңілін бір серпілтіп тастады. Бар күш-жігерлерін сарп еткен сайыста күш атасының кім екені анықталды. «Қазақстан барысына» облыстық Алтын белбеу іріктеу жарысында Қызылорда қалалық құрамасынан 18 балуан соңғы кезеңге жолдама алды. Оның ішінде 13 балуан жеңімпаз атанып, қазақ күресінің жеңімпазы атағына ие болды. Қалған 5 спортшы күміс медальды місе тұтты. Сайыстың қола медальдарын 9 балуан өзара бөліске салды. Жалпы топтық есепте 1 орын Қызылорда қаласының құрамасына бұйырды.

   Қызылорда облысында "Алтын белбеу" сайысында қызылордалық Мақсат Исағабылов "Сыр Барысы" атанды.

  "ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандандырылған көрмесіне орай қазақ күресінен "Қазақстан Барысы" республикалық турнирі өтті. Спорттық жарыс жақында қалалық дене шы­нық­тыру және спорт бөлімінің ұйымдас­ты­руымен сәуір айының 22-23 күндері Қы­зылорда қаласындағы №1 ООРМБЖМ-ның спорт залында өткізілді. Ашылу салтанатында қа­ла­лық кезеңі бойынша өткен турнирдің ережесімен таныстырылды.

    Жарыстың басты мақсаты - қала тұрғындарын да, жастар мен жасөс­пірімдерді де достыққа, патриоттық сезімге, отансүйгіштікке, ұлттық мә­дениетке тәрбиелеу және жас спорт­шыларды ұлттық спортымыз қазақ күресімен айналысуға жағдай жасап, кеңінен насихаттау. Айта кетерлігі, облыстық "Қазақстан Барысы" жа­рысына қатысуға қала құрама коман­дасын іріктеу осы додада оза шапқ­ан­дардан алынады.

   Балуандар сайысы белдескен күрескерлерге оңайға соқпағаны рас. Кіл мықтыдан суырылып жеңіс тұғы­рынан көріну дайындық пен жаттығуда шыңдалған шымыр спортшыларға ғана бұйырары хақ. "Күш атасын танымас" дегендей, боз кілемдегі белдесу көптің көңілінен шықты. "Қазақстан Барысы" республикалық турнирінің қалалық кезеңі бойынша өткізілген жарыстың нәтижелері де көңіл қуантарлық. Атап айтар болсақ, 2002-2003 жылы туылған жасөспірімдер арасында 38 кг салмақ дәрежесі бойынша I орынды Ілияс Өмірбаев еншілесе, 42 кг салмақ дәрежесі бойынша I орын Т.Қуантаев­қа бұйырды. Дәл осы жас аралығында 46 кг салмақ дәрежесі бойынша I орын Р.Темірбаевқа, 50 кг салмақ дәрежесін­де I орын Е.Қахарманға, 55 кг салмақ дәрежесі бойынша I орынды М.Ибра­гим алса, 60 кг салмақ дәрежесінде I орынды Р.Шаймерденов еншіледі. Ал, 66 кг салмақ дәрежесі бойынша I орын Д. Мажитовке, 73 кг салмақ дәрежесін­де I орынды Б.Төребай, 73 кг салмақ бойынша I орынды Б.Ибрагим өз қанжығаларына байлады.

   Сергек жүріп, салауатты болу үшін және еркін тыныстап, қозғалысыңыз жеңіл болсын де­сеңіз, дене жаттығуларын ұмыт­паңыз. Балаңызды да спорт үйір­месіне апарып, көк туды биікке көтеретін азамат болғанын қа­ласаңыз, дүбірлі додаларда спорт­қа деген қабілетін сынауға мүмкіндік беріңіз. Көп қимыл ұзақ ғұмырдың алғышарты болса, одан бас тартуға ешқандай себеп жоқ та болар. Қызылордалық спортшылар жеңіс тұғырынан кө­рінер болса біз де қуанып, елдің абыройы асқақтағанына мар­қа­йып, төбеміз көкке жеткендей әсерде болатынымыз жасырын емес. Осындай биік нәтижелерге жету үшін шағын жарыстарда да бақ сынай беру керек.

   Спорт - денсаулық кепілі. Сондықтан болар салауатты өмір салты, спорт саласы Сыр өңі­рін­де де қарқынды түрде дамып келе жатыр. Дәлірек айтар болсақ, осы күнге дейін қалалық дене шынық­тыру және спорт бөлімі ұйымдас­тыр­ған бірқатар жарыстар сөзі­міз­ге дәлел бола алады. Соның бірі «ЭКСПО-2017» Халық­ара­лық көрмесіне орай өткізілген "Бәрің де жарысқа!" атты оқу­шы­лар арасындағы дәстүрлі, көңілді эс­та­феталық жарыс.  Аталмыш ұран­мен өткізілген додада Ыбы­рай Алтынсарин атындағы жүлде сарапқа салынған. Оқушылар арасында дәстүрге айналған бұл жарыс "Евразия" мәдени-спорт кешенінде өткізілді.

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C