Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Спорт

Спорт (52)

Сейсенбі, 20 Желтоқсан 2016 03:18

Cпорттағы серпіліс

| Автор: 

   Күні бүгінге дейін Қазақстан спорттағы же­тістіктер арқылы әлемнің назарын өзіне аударды. Жаһанның мықтыларымен иық теңестірді. Түрлі олимпиадалар мен байрақты бәсекеде қазақ елінің туы көкте желбіреді. Әрине, мұның бәрі елдегі спорттың қарқынын көр­сетеді. Әсіресе, додалы жарыста топ жарып жүр­ген спортшылардың дені Сыр толағайлары десек қателеспейміз. Әрине, барлық спорт түрлерінен қа­ра үзіп жатқанымыз жоқ. Дегенмен қарқын байқалады. Бүгінгі таңда стритбол бұқаралық спорт түріне айналып отыр. Спорт­тың бұл түрі жастардың қызығушылығын арт­тырып келеді. Оған жер-жер­де өткізіліп жатқан стритбол жарыстары дә­лел бола алады. Соның бірі жақында Қызылорда қаласында болды. Жа­рыс­ты қалалық дене шынықтыру және спорт бө­лі­мі мен "Қайнар" спорт клу­бының бірлесіп ұйым­дас­тырды. Қаладағы №257 орта мектебінде өт­кен аула клубтары арасындағы стритбол жарысына бес бірдей команда қатысты. Жарыс өз деңгейінде болғанын қатысушылардың ойын өрнегінен байқауға болады. Тар­тысқа толы бәсекеде топ жарған "Қыран" спорт нұсқаушысы Меңлібек Байкетеев жүлделі І орынды иеленді.  Ал, "Тасбөгет жастары" спорт нұсқаушысы Нұрбек Убаев ІІ орынды місе тұтса, "Жаңа аудан" спорт нұсқаушысы  Елубай Альмухамедов үздік үштікті қорытындылады. Жеңімпаздар ұйымдастырушылар атынан сыйлықтарға ие болды.

   

       Риодағы жеңісті де жеңілісті сәттерден кейін халық арасында "спорт та саясатқа айналып барады" деген түсінік қылаң берді. Саңлақ спортшылардың ойын өрнегін әділ бағаламай, аяқтан шалған қазылардың тірлігін ел көрді, көкейге түйді. Бірақ еліміздің оғландары Бразилия төрінде көк туымызды желбіретіп, ел намысын қолдан бермеді, шама-шар­қынша күресіп бақты. Дүниені дүбірге бөлеген олимпиада жарысына қатысып қайтқан қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Асылжан Зұлфқарұлын әңгімеге тарттық. Сұхбат спорт саласындағы соңғы жетістіктерге бағытталды.

  - Асылжан Зұлфқарұлы, байрақты бәсеке Рио олимпиадасы қорытындыланды. Қазақ спортшылары жиырма екінші тұғырдан көрініп, 17 жүлдені қанжығасына байлап қайтты. Ел намысын ту еткен толағайларға қолдау білдіру мақсатында Бразилияға сапарлатқаныңызды білеміз. Көз алдыңызда өткен олимпиадаға қандай баға бересіз? Әсері­ңізбен бөліссеңіз.

    - Рахмет, ХХХІ жазғы олимпиада ойындары Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткізілді. Өздеріңіз білесіздер, қазақ спортшылары додалы жарысқа тыңғылықты дайындықпен барды. Байқап қарасаңыз, Рио олимпиадасы тартысты өт­кен секілді. Әлемнің кіл мықтылары жиналған додалы жа­рыс­қа спортшыларымыз бақтарын сынады. Қазақ елінің абы­ро­йын асқақтату үшін Сыр елінен ауыр атлетикадан Александр Зайчиков, таеквандодан Айнұр Есбергенова, еркін кү­рес­тен Ғалымжан Өсербаев жол­дама алды. Спортшыларымызды қолдауға облысымыздың дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мұстафаев Садық Шоңмұрынұлымен бірге өзім де ба­рып қайт­тым. Әрине, шет ел­дің ау­ра­сы бөлек, бірақ олимпиада өз деңгейінде ұйым­­дасты­рыл­ғанын айту маңызды. Мен айт­пай-ақ, қазақ елінің жан­кү­йе­­лері олимпиаданың қай түрі бол­масын, елдің атынан бар­ған толағайларға қолдау көр­сетіп, ойын­дарды назардан тыс қалдырмады. Қазақстан құрамасына 3 алтын, 5 күміс, 9 қола жүлде бұ­йырды. Жүлдегерлер қатарында қызылордалық ауыр атлет Александр Зайчиковты ерек­­ше атауға болады. Сыр на­мы­сын, ел намысын ту еткен спортшымыз қола жүлдесі алтынмен пара-пар. Жалпылай айт­қанда, спортшыларымыз ба­рын сал­ды, нәтижелі жұмыс жасады. Енді Токиода өтетін олимпиадада қазақстандық спорт­шыларымызды жеңіс тұғы­рынан көруге жазсын.

    - Өзіңіз басшылық жасайтын қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі биылғы жылдың өзінде талай спорттық жарыстарды ұйымдастырғанын көріп жүрміз. Бұқаралық спорт мәде­ние­тін дамыту бағытында жасалған жұмыстарды саралап өтсеңіз.

    - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Жаңа он жылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауында 2010-2020 жылдары елімізде бұқаралық спортпен шұғылданушыларды 30%-ға дейін тартылуының қажеттігі айтылған. Президент тапсырмасына орай қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі жоспарға сәйкес, түрлі спорттық жарыстарды өткізіп жатырмыз. Қазір жастардың спортқа қызығушылық деңгейі жоғары. Бұқаралық спорт қарқын алып келеді. Сөзі­міз дәлелді болу үшін айта кеткен дұрыс, өткен жылы спорт­пен шұғылданушылар саны 69444 адамға артып, қала хал­қы­ның 25,2 пайызы бұқаралық спортқа тартылды. Биыл көр­сеткішті 26 пайызға жеткізу жос­парланып отыр.

     Сандармен сөйлер болсақ, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бірінші жартыжылдығында жалпы 51  іс-шара қамтылды. Оның ішінде 006 бағдарламасы бойынша 35 спорттық іс-шаралар өтті. 007 бағдарламасы бойынша республикалық және облыстық жарыс­тарда жақсы нәтиже көрсету үшін 26 тыңғылықты оқу-жаттығу жиыны өткенін айту маңызды. Сондай-ақ, қала бюджетінен 2016 жылы 006 бағдарламасы бойынша қалалық жарыстарға, спорттық залдарды жалға алу үшін, спорттық киімдерді алуға, өзге де шығындарға 6403,0 мың теңге, 007 бағдарламасы бойынша облыстық жарыстарға қатысу және оларға тыңғылықты дайындалу үшін өт­кізетін оқу-жаттығуларға 21755,0 мың теңге, барлығы - 28158,0 мың теңге бөлініп отыр.

 

  Соңғы жылдары спорттық сайыстардың көптеп ұйымдастырылуы арқылы жастардың спортқа деген қызығушылығы, салауатты өмір салтын берік ұстануы анық байқалып келеді. Сондай-ақ, спорт саласының алға қадам басуы спорт клубтарының жұмысына тікелей байланысты. Қазір шағын футболды дамыту бағытында түрлі шаралар жасалуда. Себебі, ала допқа қызығушылық қашанда жоғары. Жас талғамайды.

      Жақында қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен "Қайнар" спорт клубы және "Орда" әскери-патриоттық спорт клубы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ақжарма ауылында футбол жарысы өткізілді. 

    Айта кетейік, ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап "Қайнар" спорт клубы қоғамдық бірлестігінің жылдық жоспары бойынша спорт нұсқаушыларының аптасына екі рет шағын футболдан жарыстар өтіп келеді. Әр жарысқа кемінде төрт спорт нұсқау­шысының аула клубы командалары қатысып өзара жеңімпаздары  анықталуда. Осы уақытқа дейін спорт нұсқаушылар аймақтарында өз жарыстарын  өткізуде. Міне, кезекті жарыс Ақжарма ауылында да аталып өтті.

    Қалалық спорт бөлімі мамандарының сөзіне сенсек, жарысқа көршілес ауылдардан Талдыарал елді мекені мен Ақсуат ауылдық округінің  аула клубы командалары бақ сынаған. Тартысы мол футбол бәсекесінен топ жарған ойыншылар жарыстың көркін қыздырды.

     

Дүйсенбі, 04 Шілде 2016 11:29

Қайсар қыздың қарымы

| Автор: 

          Әдетте спорт саласында жетістікке жету үшін бала кезден тынымсыз еңбек, терең дайындық керек-ақ. Жылдан-жылға қажыр-қайрат, жетістікке деген талпыныс жігері адамды шыңға жетелейді. "Маңдайы терлемегеннің қазаны қайнамайды" деген тәмсіл спортты серік еткен жандардың негізгі ұстанымына айналғаны қашан. Бүгін біз жастайынан бағытын бағамдап, болашағын бір арнаға тоғыстырған Гүлдана Талқанбаеваның толайым табыстарын таразылап, өмірлік мақсатын сөз етпекпіз.

      Сөз басында айтып кеткеніміздей, бала кезден спортқа жақын болған Гүлдана Талқанбаева 1971 жылды Тартоғай ауылында дүниеге келген. Ауылдық тәрбиені көрген адам өмірді ерте түсініп, шыдамдылыққа тәрбиеленетіні рас. Балалық шағында қашықтыққа жүгіріп, вагондарға қауын тасып, шымыр болып өседі. Сол табандылығы болар, бүгінге дейін спортта толайым табыстарға жетіп келеді.

    Сыр бойының абыройын асқақтатып жүрген Гүлдана Талқанбаева осы уақытқа дейін талай жарыстар мен олимпиадалардың жеңізмпазы атанып жүр. Аймақ спортының даму динамикасына үлес қосып жүрген ол жақында Ақтөбе қаласындағы дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің республикалық байқауына қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді.

 

Жұма, 10 Маусым 2016 06:55

ҒАЙНИ – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

| Автор: 

    Елбасы өзі­нің жолда­уын­да: "Әр­қайсымыз жаңа белестерді бағындыру, жақ­сыға ұм­тылу, бәсекеге қабілетті болу - спорттық алаңдарға тән адамдардың қасиет­терін өмірімізде пай­да­ланудың маңызды­лығын тағы бір мәрте ескерсек, сон­да біз болашақта бұдан да биік асуларды бағын­ды­ра береміз",- деген бола­тын.

     Елбасының се­ні­мін ақ­тап жүргендер қа­та­рында Ы.Алтынсарин атын­­дағы №10 мектеп-ли­цейінің 10 "ә" сынып оқу­шысы Ғайни Нұрмахан да бар. Ғайни - бала кезінен жыл­дам, шап­шаң, алғыр, спорт­қа әуес болды. Мек­теп қабырға­сын­да оқып жүріп-ақ, әр түрлі спорт­тық іс-шара­лар­ға қаты­сып, дене шынық­ты­рудан бе­ретін ұстаз­да­ры­ның на­зарына ілікті. Ұс­та­зы Әб­ді­қадір Құлым­бе­тов­тың ке­ңе­сіне құлақ тү­ріп, 6-сы­ныпта оқып жүр­ген­де қа­ла­мыздағы №2 ҚОМ­Б­ЖОРМ-ның дзюдо сек­ция­сына жазылды. Бо­йына табандылық пен шыдам­­ды­лықты серік ет­кен Ғай­ни көп уақыт өт­пей-ақ тре­не­рінің сенімі­нен шыға білді.

   Қазіргі таңда Ғайниға халықаралық спорт ше­бері Айгерім Серікқызы Жалғасова дәріс беруде. Үздіксіз дайындықтың ар­қасында қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған АДС Джиу-Джитсудың "НЕВАДЗА" ережесі бо­йынша ересектер ара­сын­дағы ашық бірін­ші­лік­те 52 келі салмақ дә­ре­жесінде жүлделі І орын, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйым­дас­тырған жасөспірімдер арасындағы облыстық бі­ріншілікте 53 келі сал­мақ­та І орынды жеңіп алды. Ақ­тау қаласында өткен ҚР чемпионатында Панк­риа­тион күресінен 50 келі салмақта ІІ орынға ие бо­лып, Грепплинг күресінен 53 келі салмақта жүлделі І орын иеленіп, Азияға жол­дама алды.

    Алматы қаласында өт­кен Панкратионнан Азия чемпионатында 56 келі салмақта жүлделі І орын ием­денген ол Азия чем­пио­ны атанып, тамыз айын­да АҚШ-тың Чика­го қа­ласында өтетін, қыр­күйек айында Гру­зияда өтетін әлемдік жа­рысқа жолдама ұтып алды.

    Осындай ер жігітке тән спорттың түрін бағын­дыр­ған Ғайни отбасында ел­ге­зек, анасының сенімді се­рігі. Сондай-ақ, Ғайни су­рет өнерінің де шебері. Қалалық, облыстық сурет өнері байқауларының же­ңімпазы.

    Оқу мен спортты қатар алып, сыныбымыздың, мек­тебіміздің мақта­ны­шына айналған Ғайниға болашақта тәуелсіз Қазақ­с­танның туын көкке жел­бі­ретер олимпиада чем­пионы болуына тілектеспіз!

Әлия КАЛЕНОВА,

Ы.Алтынсарин атындағы

№10 мектеп-лицейінің мұғалімі

Қызылорда қаласы

 

Дүйсенбі, 30 Мамыр 2016 06:11

САЛАУАТТЫЛЫҚ САНАНЫ СЕРГІТЕДІ

| Автор: 

    "Той, даңғазашылдық пен ештеме істемеушілік адам­ды аздырады, денсаулықтан айырады, қайта ақыл-ойдың бір нәрсеге талпынуы өмірбақи тұр­мысты нығайтуға бағытталған қайратқа мінгізеді",-деп Гиппократ айтқандай, қашанда денсаулықты баға жетпес қазынаға балайтынымыз рас. Алайда бү­гін­гі күні халықтың басым көпшілігі салауат­ты­лық­ты серік етіп жүр деп те айта алмаймыз. Күнделікті күй­бең тіршіліктен айырылып, жанға қуат сый­лай­тын спорттық шаралармен айналысу күнделікті  шар­уадан шынықтырады. Спортпен шұғылдану - режимді ретке келтірудің басты жолы. Бүгін осы са­лауатты өмір салтының қоғамға қажеттілігін қаперге алып, білген-түйгендерімізді бөліспек ниеттеміз.

     Салауатты өмір салты жеке адамның тіршілік жағ­дайын денсаулығына сәйкес таңдауы, яғни жеке әлеу­меттік топтар мен жалпы қоғамның жоғары гигиеналық мәдениеті.

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) сарап­шыларының сөзіне жүгінсек, халық денсау­лы­ғы­ның 49-53%-ы өмір салтына, яғни адамның өз ден­саулығына қалай қарайтынына, 17-20%-ы қор­ша­ған ортаға (аймақтың экологиялық және климаттық-географиялық ерекшеліктеріне), 18-22%-ы тұқым қуалау себептеріне, денсаулы­ғы­мыздың тек 8-10%-ы ғана денсаулық сақтау ұйымына тәуелді.

   Салауаттылықты сақтауды, спортпен шұғыл­да­ну­дың қажеттілігі қашанда өзектілігін жоғалтқан емес. Себебі халықтың өмірімен біте қайнасып жат­қан саланың салмағын саралау біз бен сіздің пары­зымыз.

Айдын ДЖАНДАБАЕВ,

№173 Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебінің

дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 

        "Өмір үшін азық қандай қажет болса, денсаулық үшін еңбек те соншалық керек, ал дырдумен күн кеші­ру түбінде адамға ауру болып жабысады. Еңбек өмірдің  шырағына май құяды, ал қиял оны тұтандырады".

       Иә, расында белгілі экономист Джон Беллерстің бұл тұжырымы еңбексіз денсаулық, денсаулықсыз еңбек жоқ екенін алға тартады. Денсаулықтың қадірін жұмыр бас­ты пенденің барлығы біледі. Осы себепті мемлекет сала­уатты өмір салтын қалыптастыру бағытында мем­ле­кет деңгейінде мән беріп, түрлі шаралар мен фести­валь­дер ұйымдастырып келеді. Соның бір айғағы, жыл са­йын ұйымдастырылатын дүниежүзілік денсаулық сақ­тау мерекесі аясында өткізілетін акция. Биылғы жы­лы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен облыс­тық салауатты өмір салтын қалыптастыру орта­лы­­ғының ұйытқы болуымен "Денсаулық - тәуелсіз ел­дің тірегі" атты апталығы өткізілді.

       Іс-шара аясында ересектер мен балалар арасында спорт­тық сайыстар, велошеру, ұлттық ойын асық ату, ләңгі тебу, қол күрес, гір тасын көтеру сынды сайыс түрлері бойынша жарыстар болды. Сондай-ақ, жиылған жұртшылыққа жағымды көңіл-күй сыйлаған көпшілік шаралар мен флешбом шараның көркін қыздырды.

    Апталық барысында облыстық білім басқармасы мен қалалық білім бөліміне қарасты облыс, қала, аудан көлеміндегі  мектептерде  оқушылар арасында "Денсау­лық" сабақтары, акциялар, дене жаттығулары және спорттық шаралар, балабақшалар мен мектептерде ден­сау­лыққа бағытталған кездесулер, тренингтер ұйым­дас­тырылды.

       Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орта­лығының мамандарының сөзіне сүйенсек, акция ая­сында 96 іс-шара өткізіліп, оған 9 785 адам қам­тылған.

      Негізінен Қ.Мырзахметов басқаратын орталық осы кезге дейін салауатты өмір салтын қалыптастыру бағы­тында түрлі спорттық шараларды атқарып келеді. Биыл асық ату, ләңгі тебу, стритбол, батпан көтеру, арқан тар­тыс спорт түрлері бойынша жастар сынға түсті.

        Қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімі, қала­лық білім бөлімінен оқушылар мен мұғалімдерді жұ­мыл­дырған сайыстың қорытындысында "Ләңгі тебу" бө­лі­мінен ІІІ орынды Ж.Садықов, ІІ орынды А.Саға­шов, І орынды Е.Әлиев иеленді. Ал, "Қол күрес" бөлі­мі­­нен ІІІ орынға А.Битасов, ІІ орынға М.Молдағали, І орынға А.Әмірбеков қол жеткізді. Ұлттық ойын "Асық ату" жарысынан ІІІ орын А.Жәміш, ІІ орын М.Сьез­бек, І орын Д.Қайырлыға бұйырды. Көпшіліктің көңі­лі­нен шыққан "Гір  тасын көтеру" бөлімінде ІІІ орын­ды Д.Түлкібай, ІІ орынды Б.Бозов, І орынды Н.Маха­медияр қанжығасына байлады.

Марис ЕГІЗБАЕВ,

№271 орта мектебі дене шынықтыру

 бірлестігінің жетекшісі

Жұма, 13 Мамыр 2016 11:21

МЕРГЕН ҚЫЗ - ДИНАРА

| Автор: 

     Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қар­саңында Қарағанды қала­сын­да Кеңес Одағының батыры Әлия Нұрмұхамедқызы Молда­ғұ­­­лованың ерлігін еске алу құр­ме­тіне арналып өткізілген рес­пуб­ликалық деңгейдегі пневма­ти­калық винтовкадан көздеп ату тур­ниріне қаламыздағы Ғ.Ақ­таев атындағы №6 орта мектеп жә­не Пригород орта мектебі оқушы­ларынан жасақталған облыс командасы қаты­сып, командалық есепте I орынды жеңіп алды. Жекелей есеп бойынша Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектептің 11-сынып оқушысы Динара Мусрали, бапкері - Ербол Құл­танұлы, жарыс жеңімпазы атанып, Әлия апамыз­дың нағыз жерлес сіңілісі екендігін тағы бір мәрте дә­лел­деді. Динара мектептегі үздік оқушылардың бірі жә­не 8-сыныптан бастап "Жас Мерген" үйірмесінің бел­сенді мүшесі. Қала, облыс көлеміндегі атыс сайыс­та­ры­­на аса қызығушылықпен қатысып, үнемі жүлделі орын­­дарға ие болып жүр. Атыс өнерінің алдағы таңдаған ма­ман­дығына да пайдасы тиетіндігіне сенімі мол.

    Ақтөбе облысының намысын қорғап, жеңімпаз атан­­ған осындай мерген қызымыз - Динара Мусрали мен оны әрдайым қолдап, үлкен жарыстарға бар ынта-жі­­герімен дайындап, жүрген бапкері АӘД пәні мұғалімі Түбір Ербол Құлтанұлын үлкен жеңістерімен құттық­тай отырып, алдағы уақытта да тек сәттілік тілейміз!

Айгерим ТУБИРОВА,

Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебінің

дене шынықтыру пәні мұғалімі

 

Спорт - кез келген теріс әдеттерден бойды аулақ салу­ға септігін тигізеді. Спорт - жастардың қалыпты фор­масын сақтауға, байыпты бастамаларды бастауға бет бұрғызады. Сол себепті де мемлекет бұқаралық спорт­ты дамытуға ден қойып, салаға серпін беретін бағ­дар­ламаларға инвестиция тартуда. Жастардың бел­сен­ді­лігін арттыру бағытындағы берері мол басқосулардың, түр­лі деңгейдегі спорттық шаралар мен турнирлердің алар орны бөлек. Осы орайда дәстүрден жаңылмай, ба­ғыт­тан таймай келе жатқан биыл 22-ші рет өткізіліп отыр­ған жалпы білім беретін мектептер арасында "Наша­қорлыққа - жоқ", "Бәріңде жарысқа" ұранымен тур­­нир өткізілді. Шараға Қызылорда облыстық білім бас­қармасы мен Қызылорда облысының дене шынық­ты­ру басқармасы ұйытқы болып отыр.

Сайыстың мақсаты айқын. Мектеп оқушыларын бұ­қа­ралық дене шынықтыру және спортқа тарту, сала­уат­ты өмір салтын насихаттау.

Негізінен жарыс ауылдық округ, аудан, облыс орта­лық­тарында өткізілді. Финалдық жарысқа жолдама ал­ған­дар түрлі деңгейдегі эстафеталық жарыстарда бағын сы­нады, оқушылар тартысқа толы ойын өрнегін көрсете білді. Сайыстың соңғы кезеңінде командалар арқан тар­ты­с сынында шыңдала білді. Облыстық деңгейде ұйым­дас­тырылған шарада жүлделі 4-5 орындарды Сырдария ау­данындағы №210 мектеп, Қызылорда қаласындағы №198 орта мектебі иеленді. Қазалыдан ат терлетіп кел­ген №249 орта мектеп құрама командалары ІІІ орынды, №235 орта мектебі ІІ орынды иеленді. Шаршы топтан суы­рылып алға шыққан, үздіктердің үздігі атанған №23 мек­теп-лицейі жүлделі І орынды иеленді.

Ердеш АЛМАТОВ,

№23 мектеп-лицейінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі

Қазіргі кезеңде білім беру орындарындағы дене тәр­­биесі бірлестіктері жүйелі түрде жастардың денсау­лық­тарын нығайту, тұлға бойындағы биологиялық-пси­хологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жеті­луі­не, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынас­тар­ды дамытуда бірқатар жұмыстарды атқарып келеді. Со­ның жарқын дәлелі ретінде жыл сайын ұйым­дас­ты­­рылатын сан-салалы спартакиадаларды айтуға бо­ла­ды. Осыған орай, қалалық білім бөлімі және кәсіп­одақ комитетінің негізгі жоспарына сәйкес, 2015 жыл­дың қорытындысы негізінде білім беру ұйымдарының қыз­меткерлері арасында спартакиада өткізілді. Жыл­ды сарапқа салған спартакиадада баскетбол, волейбол, үс­тел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, балық аулау, же­­ңіл атлетика сынды спорттың 7 түрі бойынша жа­рыс­тар өткізіліп, аталған сайыстарға 1350 білім беру қыз­меткерлері қамтылды.

Шарада барлық спорт түрлері бойынша жалпы ко­мандалық есепте жүлделі ІІІ орынды №264 мектеп-ли­­цейі, ІІ орынды №173 орта мектебі, І орынды №9 мек­теп-гимназиясы иеленді. Үздік үштіктердің қата­ры­нан көрінген жеңімпаздарға қалалық білім бөлімі және кәсіподақ комитетінің дипломдары, сыйақы жә­не ауыспалы кубогымен марапатталды.

Айта кету керек, сайыс соңында мұғалімдердің мәр­тебесін көтеру мақсатында қалалық білім бөлімі және кәсіподақ комитеті Астана қаласы күні мерей­то­йына туристік жолдаманы жарыстың үздік ойын­шы­­лары атанған №9 мектеп-гимназиясы мұғалімі Ша­­рипа Дүйсенбаева мен №101 мектеп мұғалімі Бекзат Омаровқа берілді.

Биыл да спартакиада өз жалғасын табуда. Қалалық бі­лім бөлімі және кәсіподақ комитетінің жоспарына сәй­­кес білім беру ұйымдарының қызметкерлері ара­сын­д­ағы спартакиада бұл жолы спорттың 9 түрі бо­йын­ша өтеді.  Са­ла­­уатты өмір салтын қалыптастыруды, бұ­қа­ралық спорт­ты одан әрі дамыту, дене шынықтыру жә­не спорт­пен жүйелі түрде айналысу мақсатында өткі­зіл­­­ген жа­рыс­қа кіші футбол және суда жүзу бағыттары қам­­тылды.

Серпін сыйлаған спартакиада жастарға алға қарай қа­­рышты қадам басуға мүмкіндік бермек.

Мұрат ДҮЙСЕМАНОВ,

№187 орта мектебінің дене шынықтыру пәні

бірлестігінің жетекшісі

Page 4 of 4

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C