Министрліктің атын пайдаланған орталықт...

2017-01-20 09:25:49

    Бүгіндері білім саласын биз­нес көзіне теңейтіндер көп. Әсте олай болмауы керек. Себебі білім әу...

13 мың шетелдік білім алып жүр...

2018-01-11 03:46:07

   Қазақ жастары құрлық асып, шетел көріп жатса, отандық білімге бет бұрған шетелдік студенттер де а...

18 МИИЛЛИОН – 18 МИЛЛИАРД...

2018-03-20 06:34:02

         Қазақтың саны 18 миллионнан 18 миллиардқа же­тетін күнді де көрерміз.  Әйткенмен, біз айтат...

123
Шіл 17, 2018 4

ӘРІПТЕСІМІЗ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

Республикалық қоғамдық-әлеуметтік, ғылыми-көпшілік «Ұстаз мәртебесі» газетінің жауапты…
Шіл 17, 2018 3

БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ БҮГІНГІ БЕТ-БЕЙНЕСІ

Қазіргі кезеңде білім мазмұнын жаңартудың түпкі мақсаты бағаны жақсарту емес, мұғалімдер…
Шіл 17, 2018 3

КЕЛЕШЕКТІҢ МАМАНДЫҚТАРЫ: ҚАЙ БАҒЫТҚА СҰРАНЫС КӨП?

2030 жылға қарай бүгін бар мамандықтардың бірқатары сұранысқа жауап бере алмайды.…
Шіл 17, 2018 4

ТҮЛЕКТЕРГЕ АҚ ЖОЛ ТІЛЕДІ

Өткен сейсенбіде Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің "Студенттер сарайында Қызылорда көпсалалы…

Айтарым бар

   

Жанболат Ошақбаев, жас кәсіпкер: 

    Кәсіп бастайтын адам үшін қаржылық сауаттылықтың маңызы зор. Қазіргі таңда екінің бірі кәсіпкер болып кетті ғой. Алайда, барлығының еңбегі жемісті болып жатқан жоқ. Кәсіпкерде әрқашан «Б» жоспары болуы керек. Есеп білмеген адам қарапайым сауданың да жөнін біле бермейді. Сондықтан, бизнес бастамас бұрын қаржылық сауаттылықты меңгеріп алу керек. Себебі, алғаш кәсіп бастаған адамның бухгалтерге, сатушыға, кассирге жеке-жеке жалақы төлеуге шамасы жетпейді. Осы қызметтің бәрін өзі атқарып, кәсіптің басы-қасында жүрген адам ғана жоғары жетістікке қол жеткізе алады.

baribar.kz


Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 27 Маусым 2018 06:05

РЕСЕЙ АСҚАН ЖАСТАР ЕЛГЕ ОРАЛА МА?

| Автор: 

   

      Қазіргі кезде кадр мәселесінде бәсекелестік басты орынға шықты. Тамыр-таныс жағалап, ағаларды алдыға салатын уақыттың да ығысып бара жатқанын бүгінгі білім жолында жүрген дарынды жастар дәлелдеп жүр. Бірі қыр асып, бірі алпауыт компанияның белді қызметкері атанып, ел абыройына қызмет етуде. Кадр мәселесіне қатаң қарайтын әкімнің кезекті бір жиында: "Бүгінде бүкіл әлем цифрлық технологияны меңгере бастағанда, бәсекеге қабілетті кадрлар дайындау - бірінші кезектегі міндет. Бізге білім мен дағдының жаппай "апгрейді" керек. Өйткені, біздің елімізде технологиялық кейін қалу қаупі өте үлкен. Егер де біз ХХІ ғасырдың жаңа логикасын іске қоспасақ, үмітсіз күйде артта қаламыз. Сондықтан да білім беру саласының барлық деңгейінде, мектепке дейінгі тәрбиеден жоғарғы оқу орнына дейін жүйелі жұмысты енгізудеміз" дегені жастар арасындағы кадр мәселесінің келешек үшін аса маңызды, әрі бұл аймақ экономикасының тіреуші күшіне айналатынын аңғартып тұр.

   Шетел асқан жастарды шартты түрде екіге бөліп қарау керек. Алғаш­қысы - халықаралық "Болашақ" бағ­дар­ламасының түлегі атану. Екіншісі - өз қалтасына білім алып, тәжірибе жинап қайтатындар. Бірақ, Сыр түлек­тері үшін 5 жылдан бері жаңа білім алуға жол ашылды. Жергілікті әкімдік пен Ресейдің белді оқу орындары ара­сындағы байланыстың орнауына орай өңір жастары қыр асты. Білімдіге кез келген орта тұсау бола алмасы анық, бірақ талапты жастың қолдауы болмаса таланттардың төбе көрсетіп, биікті бағындыруы екіталай. Естеріңізде бо­лар, 2014 жылы облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың бастамасымен дарын­ды жастар Ресейдің маңдайалды оқу орындарына аттанып еді. Мәскеу және Санкт-Петербургтің оқу орындарына облыстың 452 мектеп бітірушілері оқуға түскен-ді. Биыл олардың алғашқы легі оқуын аяқтайды.

   Талабы қатал, білімге бас ұратын көрші мемлекеттің іліміне қызыққан қызылордалық жастар ендігі жерде елге келіп, қызмет қылмақ. Қуантар­лы­ғы, грантқа қолы жеткен студент­тердің басым бөлігі бүгінгі күнгі аса қажет техникалық мамандықтардың ма­маны атанып отыр. Нақты қай ма­мандық екеніне сәл кейін тоқталамыз. Алдымен, нақты ақпаратқа мойын бұрсақ. 2014 жылы Мәскеу және Санкт-Петербургтің оқу орындарына облыстың 452 мектеп бітірушілері білім жолына аттанған еді. Ресей Үкіметінің қаржысы есебінде жолдама алған осы 452 студенттің алғашқы 75-і диплом алып, ел игілігіне қызмет етеді. Ал, 13-і магистратураға тапсырып, қайта білім толықтыруға ниеттеніп отыр. Грант иемденген Сыр жастары Мәскеу "Болат және қорытпалар" институты, Санкт-Петербург "өсімдік полимерлері мемлекеттік технологиялық" универ­си­теті, К.А.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университеті мен И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ универ­си­тетінде білім алып, нарыққа қажетті маман атануды көздеді. Жат жерде білім алып, өзге ортада бой үйреткен жас­тың бірі Ақниет Тобжан "шетелдің "суығы" бізге біліне қоймады, себебі бір мақсатпен барған қазақ жастарының бірлігі бәрін жеңіп кетті" деп ой білдірген еді. Талапты жас Ақниет нанотехнологиялар бағытын­да бақ сынап көрмек. Бұл үшін Ресейдің үздік оқытушыларынан теориялық білім­мен қатар практиканы қатар меңгерген. Айтуынша, сыртта жүрген жас өз Отаны­на жанашырлықпен қарайды, әрі елге деген сағыныш, ұлттық рух өз ортаңда емес, өзге елде қатты сезіледі.

Сәрсенбі, 20 Маусым 2018 11:03

84 МЫҢ ЖАС ЖҰМЫССЫЗ ЖҮР

| Автор: 

           Келесі жылға дейін әлем­де 280 миллион жаңа жұмыс орны ашылуы керек. Олай болмаған жағдайда жұмыссыздар қатары тым кө­бейіп кетеді. Әсіресе, ең­бексіз қалатындардың дені - жастар. Бұл халықаралық еңбек ұйымы маманда­ры­ның дабылы. Ресми мәлім­де­ме жасаған ұйым жалпы әлем бойынша еңбекпен қор­ғалмағандар арасында 24 жасқа дейінгі жастар еке­нін ашық айтып отыр. Ал, екі қолға бір күрек тап­қандары тек 13 пайызды құ­райды. Яғни бұл 18-24 жас аралығындағы жастардың көрсеткіші. Мамандар мұн­дай болжамды былай деп тү­сіндіруге тырысыпты. Өт­кен жылы әлем бойынша жұ­мыссыздардың қарасы 190 мил­лионнан асып кеткен. Қай­талап айтайық, бұл жер әлемді мекен еткен барлық ел­дердің қоса есептегендегі жағ­дай. Демек, мұның ішін­де біздің елде бар деген сөз.

   Ұйым 2016 жылға қара­ған­да 2017 жылы жұмыссыз­дар қатары 2,6 миллион адам­ға артқан деген дерек кел­тіреді. Әсіресе, ішерге ас, киерге киім таппай, еңбексіз қал­ғандар, яғни қауіпті ай­мақта Африка құрлығында жағдай ушығып тұр. Бұлай қайталана берсе, әлемде жұ­мыссыздық дендеп енуі мүм­кін деген қорқыныштың ба­рын жасырмайды салаға бас қатырып жүрген мамандар.

   

     Жәрдемақыға қолы жеткен от­ба­сылардың көпшілігі мемлекет та­рапынан берілетін жәрдемақының төлеу тәртібіне қатысты жиі сұрақ жол­дайды. Әсіресе, мүгедектігіне бай­ланысты берілетін жәрдемақы кө­лемінің қалай арттырылатыны ту­расында түсінбеушіліктер көп. Оның үстіне осы жылдың 1 қаңтарынан бас­тап жәрдемақылар біріктіріліп, атау­лы әлеуметтік көмек болып өз­герген-ді. Осы мәселелерді негізге ала отырып Еңбек, әлеуметтік қор­ғау және көші-қон Комитетінің Қы­зылорда облысы бойынша депар­та­мен­тінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Фарида Едигеевадан мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды есеп­теудің жолдарын сұрастырдық.

  Әр жылдың басында күнкөріс мөл­шері өзгеріп отырады. Тиісінше, барлық әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардың төлемі артады. Осы коэффициенттердің ұлғаюына орай мүгедектігіне байланысты мем­лекеттік әлеуметтік жәрдемақы мен арнаулы мемлекеттік жәрдемақы бі­рік­тіріліп, мемлекеттік әлеуметтік жәр­демақы болып өзгерді. Мәсе­лен­, осы уақытқа дейін 1,2,3 топтағы мү­гедектер, 16 жасқа дейінгі мүге­дек балалар, 16 жастан 18 жасқа та­ға­йындалатын жәрдемақылар бірік­ті­ріліп, бір жәрдемақы ретінде қалды. Фарида Едигеева мұны мысалмен былайша түсіндірді.

Сәрсенбі, 20 Маусым 2018 10:54

САЯСАТ САХНАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК

| Автор: 

   

    Аузын айға білеген, атағы жер жарған әлем елдерімен терезе түйістіру сыртқы саясаттағы ең маңызды қадам. Қазақстан бұл ретте жаһанның жуан елдерімен байланыстың барысын бекемдеп, түрлі салаларда ынтамақтастық орнатып келеді. Әлемдік геосаяси тұрақсыздық пен дүниежүзілік дүрбелеңдерде салмақты саясат ұстану, ғаламдық мәселелерге үн қату, экономикалық шешімдерді қабылдауда дұрыс саясат ұстану Президенттің саясат сахнасындағы беделі мен тәжірибесіне аса байланысты. Бұл ретте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ширек ғасыр ішінде азуы алты қарыс мемлекеттермен иық теңестіріп, екеуара алыс-беріс, барыс-келісте орнықты ынтымақтастықтың жолын жалғауда. Ал, биылғы сырт елге жасалған мемлекеттік сапарлардың орны бөлек, салмағы ерен. Осы себепті жыл басынан басталған сапарлар мен Елбасының сыртқы саясаттағы табыстарын тізбелеп көрдік.

   Алдымен, мына мәселенің мә­нін ашып алайық. Сыртқы сая­сат­­тағы сапарлардың бірнеше түрлері бар. Мемлекеттік, ресми, жұ­мыс сапар, бейресми. Мемлекеттік сапар әдетте үлкен бағдарламаға негізделеді, оған тек Мемлекет басшысы қатысады. Ал, рес­­ми сапар арнайы мәселелерге не­гізделген екіжақты  сапар. Соң­ғысы бейресми сапар - еркін диа­лог­тық алаңға негізделген екі­жақ­ты тараптың сапарлары. Демек, мемлекеттік сапар ең ірі әрі ел үшін маңызды сапар саналады.

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

ҰБТ кезіндегі сынақ кітапшалары қаншалықты білімді таразылай алады?

Алдын ала межені байқау үшін - 27.9%
Ұлттық тестілеуге дайындықты пысықтау жолы - 37.2%
Ақша табудың амалы - 11.6%
Оқушының пәндік сабақтардағы бейінін байқатады - 23.3%

Total votes: 43
The voting for this poll has ended on: 07 Мам 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C