Министрліктің атын пайдаланған орталықт...

2017-01-20 09:25:49

    Бүгіндері білім саласын биз­нес көзіне теңейтіндер көп. Әсте олай болмауы керек. Себебі білім әу...

13 мың шетелдік білім алып жүр...

2018-01-11 03:46:07

   Қазақ жастары құрлық асып, шетел көріп жатса, отандық білімге бет бұрған шетелдік студенттер де а...

2017 білімдегі реформалар жылы...

2018-01-09 09:44:19

           2018 жылға да аяқ бастық. Алдағы күндерге бажайлап, жаңа жылдан жақсылық күтетініміз ра...

123
Ақп 14, 2018 213

БАЛАНЫ БИЗНЕСКЕ БЕЙІМДЕУ ақшаны басқарудан басталады

Кез келген адам ақша таба алады. Алайда, ақшаны басқаруға келгенде табыстылардың өзі…
Ақп 14, 2018 81

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ЗАРДАП ШЕККЕН БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС МОДЕЛІ

"Бала ауру, зағип болса, баладан емес, тәрбиешіден, бала тар ойлы ақымақ болса, бала…
Ақп 14, 2018 119

ОРТА МЕКТЕП ЖАҢАШЫЛДЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫНА ҚАЛАЙ АЙНАЛАДЫ?

Тәрбие ісі меңгерушісіне не жүктеледі? "Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы"…
Ақп 14, 2018 7

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – АДАМГЕРШІЛІК БАСТАУЫ

Мектебімізде білім беру үдерісінде ұлттық құндылықтарымыз арқылы төл тарихын, өз ана…

Айтарым бар

Жасұлан СЕРІКОВ,   сарапшы:

   - Израиль Үкі­меті бизнесте та­быс­қа жеткен кә­сіп­кер­лерді мектепке шақырып, оқушыларды кәсіп­керлікке үйретеді. Бұл оқу курсын оқып келген  мұғалімнен әлде­қайда нәтижеге жақындайды. Өмірде белеске жеткен бизнесменнің өмір жолы, кәсіп ашудағы кедер­гілері мен қадамдарын оқушылар меңгереді. Ал, бізде білім саласында бюрократия басым. Табысты кәсіпкер мектепке, не жоғары оқу орнына сабақ беру үшін оның арнайы педагогикалық білімі болуы керек. Кейде тәжірибелі маманның дәрісі әлдеқайда тиімді. Меніңше, біздің елде кәсібін жол­ға қойған кә­сіпкерлерді шақырып, дәрісін алса, кез келген кәсіпкер оқушылармен кездесуден қашпайды. Мұны жергілікті білім басқармалары реттеу керек. Баланы бизнеске қызықтыру үшін ол өнер­кәсіп­тің ортасында, іскерлік алаңда сабақ ұйымдастырылу керек.

   Қазір «Үкімет өлтірмейді» деген қасаң қағидадан арылатын кезең келді. Жалдамалы жұмысшы боламын деген түсініктен арылып, өзімнің шағын кәсі­бімді ашып, жұмыс орнын ашамын деп мақсат ету керек. Бұл үшін баланың фундаменталды білімі болуы тиіс. Ол үшін қаржылық сауаттылық қажет.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:

Тәрбие ісі меңгерушісіне не жүктеледі?

   "Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы" деген екен ұлы ғұлама ғалым, екінші Аристотель атанған әл-Фараби. Тәрбие - біліммен қоса жүр­­гізілетін егіз жұмыс. Оның мектептегі жетекшісі - тәрбие іс меңгерушісі. Ол сынып жетекшілерімен тығыз ынтымақтастықта өз жоспарын белгілейді, анықталған тәрбие бағытында жұмыс істейді. Тәр­бие ісі меңгерушісінің басшылыққа алатын жоғарыдағылар белгілеген бағдарламасы болады. Ол жоспардың барлық мек­тептерде бірізділікке түсі­ріл­гендігінің маңызы зор.

    Оқушылармен араласа оты­­рып  тәрбие ісінің қызметі қиын да қызық. Бұл арада оның әр түрлі мінез­ді, әр түрлі көзқарастағы оқу­шылармен тіл табыса білу шеберлігі өте қажет. Қандай да қиын мәселелер туындап, тұ­йыққа тірелген кезде жол тауып, амал қолданып кету тәр­бие ісі меңгерушісіне керек қасиет.

    Жас ұрпақты ұлтын сүйе­тін, тарихын қадірлейтін, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын сыйлайтын, өз халқының патриот азамат ретінде қалыптастыруда бұл жұмыстағы маманның атқарар қызметі жан-жақты жә­не алуан түрлі. Осыдан-ақ оның жастарға жақын жүріп, жақсы тәрбие ұрығын себуінің маңыздылығы анықталады. Ертеңгі мемлекетіміздің еркін ойлы, қолынан іс келетін азаматтарын ұжымдағы бүкіл педагогикалық қызметкерлердің тынымсыз еңбегінің, қажырлы қайратының жемісі деп қа­рауымыз керек. Ал, тәрбие жұ­мысында кеткен кішкене олқылықтың кейіннен орны толмас өкініште қалдыруы әбден мүмкін, сондықтан тәрбие жұ­мысымен білімді де білікті маман шұғылдануы керек және оның өзінен биік адамгер­ші­ліктің, имандылықтың, пара­сат­тылықтың иісі аңқып, шә­кірт­теріне үлгі бола алатындай болғаны абзал.

   Сынып жетекшілері өткізе­тін тәрбие сағаттары да тәрбие ісі меңгерушісінің үнемі қапе­рін­де болады. Оның оқушылардың бойында еңбеккерлік, ізет­тілік, сыпайылық, кіші­пе­йіл­ділік, қайырымдылық, парасат­ты­лық, имандылық сияқты қа­сиеттерді қалыптастырудағы ең­бегі зор. Тек мұның жүрдім-бар­дым, немкеттілеу болмауы, белгілі бағыттағы мазмұнды тақырыптарға негізделген болуы керек. Осы жерде сынып жетекшісі мен тәрбие ісі меңгеру­шісінің бірлесе атқарар жұмыстары үлкен маңызға ие.

  Болашақ мектеп, оның мұғалімдері туралы ойларымызды жазу барысында "керек" деген сөзді көбірек қолданатынымызды байқап отырған боларсыздар. Ертеңгі күн жайында айта бастағанымызда дәл осы керекті іс­ке асыру, оның өзектілігі маңызын жоймайтындығын мойындағанымыз дұрыс.

     Мектептегі тәрбие саласындағы іс-шаралар әр түрлі танымдық кештер, интеллектуалдық ойындар, дөңгелек үстел басындағы басқосулар, пікір алмасулар, дебаттар, ой бөлісулер оқу­шы­ларды болашақ өмірдегі бәсекелестікке дайындайды. Осындай пікіралысуларға қатысқан, ойын жеткізе білетін шәкірттер қандай ортада болса да, өзін жақ­сы сезініп, тез бейімделе ала­ды және тәрбие саласындағы жа­салып жатқан жұмыстарды білімімен ұштастырады. Мұның мектеп бітіріп, басқа орталарға баратын, әр түрлі қоғамдық орындарда, институттарда, университеттерде студент атанатын жастарды өз ойын айта білуге, көзқарастарын ортаға салуға, шешендікке баулуда да маңыздылығы жоғары.

    Тәрбие жұмыстарының не­гізгі өзегі оқушыларды ұйымдаса жұмыс істей білуге, өзара сый­­ластыққа, әділ де шынайы бә­секелестікке, қарым-қатынас жасай білуге үйретеді. Бұл жерде де тәрбие ісі меңгеруші­сінің біліктілігі үлкен роль атқарады. Заманауи білім жүйесі мұ­ғалімнен АКТ жетістіктерін жете меңгеруді, өзі де, әріптестері де, оқушылары да мың құбылған әлемдегі жаңалықтардан қалып қоймауын талап етуде. Тәрбие ісі меңгерушісі де өз қызметінде осы ұстанымды ұстай білгені абзал. Бұл тәрбие саласындағы үз­дік жетістіктер, өз жұмыстарындағы басқаларға үлгі боларлық істерді насихаттап отыру, сонымен бірге басқа мектептердегі тәрбие жұмысымен байланыстылығының да мәні зор.

 

    Мектебімізде білім беру үдерісінде ұлттық құндылықтарымыз арқылы төл тарихын, өз ана тілін, мәдениетін жетік біліп қастерлейтін, шет тілдерін еркін меңгерген, озық көзқарасты тұлға қалыптастыруға ба­ғытталған ұстаздар мен оқу­шылардың бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыруды мақсат тұтқан қалалық семинар өтті. "Ұлттық құндылықтар - адам­гер­шілік бастауы" тақы­ры­бын­да ұйымдастырылған семинарда "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағытын іске асыру­да мектеп ұстаздары мен оқу­­шылар белсенділік танытты.

    Семинарды мектеп директоры Ж.Кулгазиев ашып, келген қонақтарға сәттілік тілеп, бағдарламамен таныстырды. Семинарды мектеп оқушылары Елбасымыз жайлы, еліміз­дің рәміздері туралы, Астана қа­ласының 20 жылдық мерекесі мен Қызылорданың 200 жылдық мерейтойы туралы үш тілде өлеңдер оқып, әндер орын­дады. Семинарға қатысушылар мектеп мұражайын ара­лап, көрмеге қойылған оқу­шыларымыз бен ұстаздарымыздың шығармашылық жұ­мыстары мен жетістіктерін көріп тамашалады.

    Қала мектептерінен келген мұғалімдер 11"А" сыныбында тарих пәнінен "Саяси қуғын-сүргін" тақырыбы бойынша (пән мұғалімі Г.Қыстаубай), 7 "А" сыныбында өзін-өзі тану пәнінен "Отбасы құндылықтары" тақырыбында (пән мұғалі­мі Ж.Сапаржанова) сабақтарына қатысты. Шахматтан үйір­ме жұмыстарын жүргі­зе отырып, нәтижелерін көр­сет­кен бастауыш сынып мұға­лі­мі Т.Маймақованың "Шахмат - ақыл-ойдың кені" атты са­йысы қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Мұнда мектебіміз­дің мақтаныштары болып, қа­лалық деңгейде жүлде­лі орын алып жүрген шәкірт­те­ріміз бен ұстаздарымыздың же­тістік­терінен көрме жасалды.

   Келесі сабақта жаңартыл­ған білім беру мазмұнына бағытталған 7 "А" сыныбында "Рекорды в цифрах" тақырыбында орыс тілінен пән мұғалімі М.Амантаева сабақ өткізсе, ағылшын тілінен 5-7 сыныптар арасында пән мұға­лімі А.Умирғалиева "Knoh­ledge is power" тақырыбында инттеллектуалды сайыс өткізді. Бастауыш сынып мұғалімі Р.Қалиева мектебіміздің "Жас қа­нат" ОҒҚ-ның жұмыстары мен жетістіктерін көрсете отырып, "Рухани жаңғыру" кабинетінде "Ғылыми жобалар шеруін" ұйымдастырды. Онда түрлі қа­лалық, облыстық ғылыми жә­не әлеуметтік жобаларға қа­тыс­қан жүлдегер оқушыларымыз өз жобаларын қорғады.

    Жетінші міндет: адами капитал - жаңғыру негізі. Елбасы Жол­дауының негізгі мазмұнында қазіргі жаһандық жағдайда әлем елдерінің көшінен қалмай, ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін ғылыми-техникалық, ақпараттық-технологиялық салаларды дамыту және адами капиталдың - жаңғыру негізі екен­дігі аталған.

     Бүгінде әлемнің дамыған ел­де­рінде адами капиталды мемлекеттің, қоғамның және экономиканың негізгі тұғыры деп қабылдайды.

    "Адами капитал" терминін алғаш рет өткен ғасырдың 70-жылдарында Нобель сыйлығының лауреаты, атақты экономист Тео­дор Шульц қолданысқа енгізген болатын. "Адам бойындағы барлық қабілет туа бітеді немесе өмір­лік дағдымен қалыптасады. Әрбір адамның тұқымдық ерекшеліктеріне байланысты туа біткен қабілеттері болады. Тиісті қаржы бөлу арқылы дамытылатын адам бойындағы өмірде жүре қалыптасқан құнды қабілеттерді біз "адами капитал" деп атаймыз",- дейді ол.

   Біз өмір сүріп отырған әлемде мемлекетіміздің экономикасын, әлеуметтік әлеуетін және сая­сатын, бір сөзбен айтқанда, қоғамымыздың болашақ дамуын интеллектуалды адами капитал айқындайтыны анық. Зерттеушілердің айтуынша, бүгінгі өскелең экономиканың ерекшелігі кәсіпорындардағы жоғары адами капиталға тәуелділігін­де болып отыр. Мәселен, қазіргі таңда компанияның құнын бағалайтын мамандар ең алдымен, кәсіпорын қызметкерлерінің адами капиталының әлеуетіне басымдық береді. Олардың зерт­теуінше, компанияның нарықтық құнының 75 па­йызы оның қызметкерлерінің білімі мен интеллектісіне тәуелді екен. Әлем­нің дамыған мемлекеттерінде ада­ми капиталға инвестиция са­лу болашақта мол табыс әкеле­тін дәстүрлі бизнес жоба ретінде қабылданады. Нобель сый­лы­ғы­ның лауреаты, эко­номист Гарри Беккердің есебінше, бі­лімге жұмсалған инвес­ти­ция бо­ла­шақта орта есеппен жы­­лына 12-14 пайыз табыс береді екен.

Сәрсенбі, 14 Ақпан 2018 09:57

СІЗ ҚАНДАЙ КІТАП ОҚИСЫЗ?

| Автор: 

          Бүгінде кітап беттерін тек нақты мәліметті іздегенде ғана қолға алып қараймыз. Бірақ бұл бүкіл адамзат ондай дегеніміз емес. Айналамызда кітап сүйер қауым да жетерлік. Таңдау да әрқалай. Бірі сезімге толы романдарды ұнатса, бірі өзін-өзі дамытуда әр түрлі оқулықтарға жүгінеді. Рас, кейде жаңа беттерді қарап жатамыз. Не оқимыз деп іздестірмейміз, барлығы қолымызда. Қай басылымға барсаңыз да, өзіңізге керекті дүниені таба аласыз. Мен де тілші ретінде облыстық Ә.Тәжібаев әмбебап ғылыми кітапханасына барып, жаңа шығарылымдармен танысып шықтым. Кітаптар үйінде өткен жылы 5115 жаңа кітап келіп түскен екен. Оның ішінде 3769-ы әр саланы қамтиды, 1346-сы мерзімді басылымдарды құрайды. Ал, тапсырыс бойынша келіп түскендер 815, сый ретінде берілгені 685 кітап.

   Мұқабасы ескірсе де, мазмұны өзгермейтін дү­ниелер бар. Олар жаңадан өңделіп оқырманға ұсынылады. Соның ішінде өт­кен жылы келіп қосылған Шерхан Мұртазаның жинағын, Ахмет Байтұрсыновтың энциклопедиясын, Махмұт Қашқаридың түрік сөздігі мен Абай Құнанбаевтың қара сөз­дерін көруге болады.

   Сонымен қатар Хамит Ерғалидің "Қиын өткен қызығым-ай", Есенғали Раушановтың "Амал деген айыңыз.." , Өтеген Нұрмағамбетовтің "Сағындым сені" өлеңдері көзге бірден тү­седі. Сонымен бірге, Өтеген Қырғызбаевтың "Сү­гір" романы, Есей Жеңісұлының "Шуақ" өлең-жыр­лары мен әңгімелері, Қайрат Сабырбаевтың "Дүлдүлдер дүбірі" жырларымен қоса, Сағи Жиенбаевтың он томдығының кезекті төртінші томын осы жерде кездестіресіз.

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Бүгінгі күні оқушылар мамандықты қалай таңдайды?

Күнтізбе

« Ақпан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C