Министрліктің атын пайдаланған орталықт...

2017-01-20 09:25:49

    Бүгіндері білім саласын биз­нес көзіне теңейтіндер көп. Әсте олай болмауы керек. Себебі білім әу...

13 мың шетелдік білім алып жүр...

2018-01-11 03:46:07

   Қазақ жастары құрлық асып, шетел көріп жатса, отандық білімге бет бұрған шетелдік студенттер де а...

18 МИИЛЛИОН – 18 МИЛЛИАРД...

2018-03-20 06:34:02

         Қазақтың саны 18 миллионнан 18 миллиардқа же­тетін күнді де көрерміз.  Әйткенмен, біз айтат...

123
Шіл 17, 2018 4

ӘРІПТЕСІМІЗ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

Республикалық қоғамдық-әлеуметтік, ғылыми-көпшілік «Ұстаз мәртебесі» газетінің жауапты…
Шіл 17, 2018 3

БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ БҮГІНГІ БЕТ-БЕЙНЕСІ

Қазіргі кезеңде білім мазмұнын жаңартудың түпкі мақсаты бағаны жақсарту емес, мұғалімдер…
Шіл 17, 2018 3

КЕЛЕШЕКТІҢ МАМАНДЫҚТАРЫ: ҚАЙ БАҒЫТҚА СҰРАНЫС КӨП?

2030 жылға қарай бүгін бар мамандықтардың бірқатары сұранысқа жауап бере алмайды.…
Шіл 17, 2018 4

ТҮЛЕКТЕРГЕ АҚ ЖОЛ ТІЛЕДІ

Өткен сейсенбіде Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің "Студенттер сарайында Қызылорда көпсалалы…

Айтарым бар

   

Жанболат Ошақбаев, жас кәсіпкер: 

    Кәсіп бастайтын адам үшін қаржылық сауаттылықтың маңызы зор. Қазіргі таңда екінің бірі кәсіпкер болып кетті ғой. Алайда, барлығының еңбегі жемісті болып жатқан жоқ. Кәсіпкерде әрқашан «Б» жоспары болуы керек. Есеп білмеген адам қарапайым сауданың да жөнін біле бермейді. Сондықтан, бизнес бастамас бұрын қаржылық сауаттылықты меңгеріп алу керек. Себебі, алғаш кәсіп бастаған адамның бухгалтерге, сатушыға, кассирге жеке-жеке жалақы төлеуге шамасы жетпейді. Осы қызметтің бәрін өзі атқарып, кәсіптің басы-қасында жүрген адам ғана жоғары жетістікке қол жеткізе алады.

baribar.kz


Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:

    

     Мемлекеттік тілдің шешілмеген мәселелері осыдан бірнеше жыл бұ­рын шаш етектен еді. Тіл­ге қатысты жобалардың сын­ға ұшыраған кездері де көп болды. Сөздік қоры әлемдегі ең үздік тіл­ге баланатын ұлттық құндылығымыз өз құнын сақтап қалу үшін арнайы бағдарлама жасалу керек болды. Жасалды да. Көп­тіл­ділік көпті шатастырмас үшін де бірізділік біз­ге ауадай керек екенін уақыт көрсеткен. Осы кез­де "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" жасалды. Халық күт­кен заң сол мезетте қа­был­данбағанымен, бұл бағдарлама ұлтжандыларға бағдар бола білген. Бағдарлама Қазақстан Республикасы Конституциясына, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Тіл саясатының тұжырымдамасына, Ұлт бірлігі доктринасына сәйкес әзір­ленген-ді.

     Балғын балалық дәу­ренім Қазалы ауданы, Коммунизм колхозында өтті. Сол елді мекенде тай-құлындай тебісіп өс­кен, бірге ойнап, бірге оқы­ған қазір марқұм болып кеткен Қуандық Салимов, Орналы Мыр­за­баев, Сүлеймен Ома­ров достарымды жиі еске алып отырамын.

         Жақында бала күнгі жан жолдасым Қуандық Салимовтың інілері мен жақындары ауылдағы ата-ана, аға-қарын­дас­та­рының рухына арнап Қа­залы ауданында ас берген болатын. Оған мен де қа­тыс­тым. Әрине Қызыл­ор­дадан қанша шақы­рым жүріп, арнайы бар­ған­нан кейін, астан ауыз тиіп қайту үшін емес, өт­кен-кеткен балалық шақ­ты айтып, еске түсірген дұрыс болар еді. Бірақ денсаулығыма байла­нысты мен олай ете алма­дым. Себебі осыдан 13 жыл бұрын басыма ота жа­сатқанмын. Соның сал­дарынан жеткізгім кел­ген ойымды айтып бастаймын да, содан соң сөзімді табан астында ұмытып қаламын. Еске түсіріп ары қарай жалғап алып кету жоқ. Отадан кейін дауысым жай шы­ғатын болды. Оның үсті­не ауыр жолды көтере ал­май, Қазалыға жеткенде даусым мүлдем естілмей, сөз сөйлей алмай қайт­тым. Бірақ сол күннен бері о дүниелік болып кет­кен осы үш азамат ойым­нан шықпай қой­ды. Мұнан соң олар тура­лы естелікті баспасөзге жариялағанды жөн сана­дым.

     Соғыс  - үлкен тауқымет. Оның азабын тартқан жерлес­те­ріміз елімізде жетіп артылады. Ұлы Отан соғысы ардагерлері ел мақтаныштары екені даусыз. Осы қатарға те­ңестірілген Чернобыль ардагерлерінің ерлігі көп айтылмай қал­ды. Бірі білсе бірі тани бермейтін тұлғалар Сыр топы­рағында өмір сүруде. Өмір бойына жан дертімен соғысып ке­ле жатқан Чернобыль сарбаздарының дені айықпас дерттен көз жұмған. Шындықтың айтылар кезі келгенде осы та­қы­рыпта сәті түскен сұхбат жасап халыққа ұсынғанды жөн көр­дік. Ерлік нағыз азаматтың ісі. Радиация улаған халық әлі күнге ащы дерттің дәмінен құтылмаған. Осы мәселе жө­нінде облыстық "Чернобыль Ардагерлер қоғамының" төрағасы Сансызбай Сәндібеков бізге бар шындықты еш бүкпесіз айтып берді.

   - Ширек ғасырға кері шегініп, Черно­быль апаты туралы және өзіңіз ол жаққа қа­лай, қашан барғаныңыз жайлы айтып берсеңіз?

   - Чернобыль - мұңды қала. Ол кезде шерлі шерменделерге шыңғырып шың­дық айтқандардың жан айқайы жете қойған жоқ. Айтпақ түгілі не болып жат­қанын түсіндіріп бере алатын жағдайда емес еді ешкім. Естеліктерден байқаға­ны­ңыздай адамдардың көшелерде құлау себебі кешегі күнгі дүмпуден болды деп ой­лауға да болмайтын заман. Жан бала­сы жанекпін күйде қалғандай тұнжырап, мығым адамдар әлсіреген күйде өз-өз­деріне аң-таң. Әскерилер бір күннің ішін­де көбейіп кеткен. Жұрт жұт келгендей не істерін білмей, шарасыз күйде тере­зелерін қымтай бастады. Не дегенмен улы ауа қала ішін шарпып барады деген сыбыс таралып кеткен. Қайсібірінде ра­диация деңгейін анықтап, өлшеп оты­ратын Гейгер механикалық есептегіш құ­ралы болды дейсіз. Ол заман өзі тех­ни­ка енді-енді қарқын алып дамып келе жат­қан кез. Шындығына келген­де де күдік, күмәннің барлығы да рас­талды...

Сейсенбі, 06 Маусым 2017 10:15

Соғылды соңғы қоңырау

| Автор: 

    25 мамыр - арманға аяқ басқан түлектердің салтанатты бітіру кеші. Білім жолында тер төккен түлектердің толқынысы, ата-аналардың тақым қысар уақыты бәрі де мектеп бітірушілердің жиынында көрініс тапты. Биыл Қызылорда қаласы бойынша 1739 түлек мектепті аяқтайды. Оның 106 түлегі "Алтын белгіге", 98 түлек "Үздік аттестатқа" үміткер. Білім жолына бағыт алған түлектердің бітіру кеші әр мектептің төрінде ерекше ілтипатпен аталды. Газет тілшілері Қызылорда қаласында бірнеше мектептерге аялдап, соңғы қоңырау кешінің салтанатына куә болды.

      Білім саласында қара үзіп келе жатқан, толымды тәжірибесі бар Ілияс Қабылов атындағы №12 орта мектебіндегі  түлектерді құт­тық­тауға  қала   әкімі  Нұрлыбек Нә­лібаев   арнайы келді. Жылы жүздесуге  қалалық  мәслихат  хатшысы   Роза Боханова, қалалық білім бөлімінің басшысы Асқарбек Есжанов та бітіруші түлектердің қуанышына ортақтасты.

     Шаһар басшысы Нұрлыбек Машбекұлы білім саласының бү­гін­гі аяқ алысын бағамдап, түлек­терге ақжолтай тілегін жеткізді.

    - Білім беру - ата-ана үшін ғана емес, тұтас қоғам үшін қастерлі па­рыз. Білім алу - еңселі ел болуды мақсат тұтқан әрбір жан үшін қасиетті борыш.

    Бүгінгі жас - ертеңгі болашақ. Сондықтан, әрдайым сын сағаттан сүрінбей өтіп, армандаған ма­мандықтарыңның иесі атануларыңызға тілектеспін. Сапалы білім, саналы тәрбие берген ұс­таз­дардың және аялап өсірген ата-аналарыңыздың үмітін ақтап, тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне сіздердің үлес қосатындарыңызға сенемін,-деді Н.Нәлі­баев.

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

ҰБТ кезіндегі сынақ кітапшалары қаншалықты білімді таразылай алады?

Алдын ала межені байқау үшін - 27.9%
Ұлттық тестілеуге дайындықты пысықтау жолы - 37.2%
Ақша табудың амалы - 11.6%
Оқушының пәндік сабақтардағы бейінін байқатады - 23.3%

Total votes: 43
The voting for this poll has ended on: 07 Мам 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C