Министрліктің атын пайдаланған орталықт...

2017-01-20 09:25:49

    Бүгіндері білім саласын биз­нес көзіне теңейтіндер көп. Әсте олай болмауы керек. Себебі білім әу...

100-ДЕН АСА МАМАНДЫҚ ҚЫСҚАРДЫ кәсіптік с...

2018-08-23 12:45:07

       "Жастарды техникалық біліммен қамту төмен деңгейде. Жұмысшы мамандығына баратын жастард...

13 мың шетелдік білім алып жүр...

2018-01-11 03:46:07

   Қазақ жастары құрлық асып, шетел көріп жатса, отандық білімге бет бұрған шетелдік студенттер де а...

123
Қар 14, 2018 601

Банктер бәсекесінде кім бірінші?

Банк бергенше, біз алғанша асықпыз. Бұл банк пен халықты бір арнаға тоғыстарған тәмсіл.…
Қар 14, 2018 443

КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған "Қазақстандықтардың…
Қар 14, 2018 471

КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған "Қазақстандықтардың…
Қар 14, 2018 381

ҮЛГІСІ ОРТАҚ ҮЛГІЛІ ОТБАСЫ

Қара халық қазыналы деп бағалаған Қазалы жерінде бір әулетте 22 адам ұстаздық қызметтің…

Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 17 Қазан 2018 12:30

Киелі мекеннің мерейтойы

| Автор: 

   

    Ала жаздай төккен тер, еселі еңбек пен моншақтап төгілген маңдай тердің арқасында молшылыққа кенелудеміз. Тынымсыз еңбектің жемісі күздің осы бір кезінде көзге көрініп, ел мерейін асқақ ететіні ақи­қат. Даланы сары кілеммен көмкерген күз мезгілі диқаншылар мен егіншілер үшін үлкен мереке. Себебі қоңыр күз алқабын баптап, жылдық азығын еселеп еңсеріп алатын уақыт. Егінін жинап, төл басын көбейтіп, атадан қалған кәсіпті ел игілігі үшін нәсіп етіп отырған ең­бек ерлерінің осы бір қызметі құр­метке лайықты. Осы орайда Шиелі ауданының 90 жылдық мерейтойымен орайластырып, "Алтын күз - 2018" мерекесі тойланды. Киелі мекеннің төрінде өткен думан екі күн­ге созылды. Шиелінің шырайлы хал­қына мереке сыйлаған алтын күз жәрмеңкеден бастау алып, мәдени-танымдық іс-шаралармен жалғасын тапты.

   Молшылықтың символы болған "Алтын күз" мерекесі облысымыздың әр қиырында өзінше тойланды. Табиғаттың сарқылмас сыйынан сапалы өнім шығарып, кетпенін күнге сүйдіріп еңбектенетін шаруалар үшін күз мезгілінің берері мол. Маңдай терді қажет ететін еңбектің жемісін жәрмеңке арқылы көруге болады. Жыл сайын дәстүрге айнал­ған Алтын күз мерекесі Шиеліде ерекше аталып өтті. Қос мереке қарсаңында аудан орталығында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге жиылған халық, өзіне керек өнім­ді алып, сауда сәнін келтірді. "Сапаржай" орталық автобекетте бір саппен тізіліп, жағалай орналасқан жиырма екі ауылдық округінің еңбеккерлері өздері шығарған өнімді аудан жұртшылығына ұсынды. Жергілікті ауыл шаруашылығының тауарлары 20 пайызға арзандатылған бағамен саудаға қойылғанын айта кетейік. Сондықтан да ауа-райы­ның салқындығына қарамастан аудан тойына келген халықтың қарасы қалың. Сапалы әрі табиғи өнімге қашанда сұраныс көп. Базар бағамынан бір­шама арзан сатылған азық-түлік тауарларына әрбір тұрғын таңдау жасап, қолға алған ақ қалтасын молшылыққа толтыруда. Әрине, бұл ауыл халқының еңбекті бағалап, сапасын саралап тіршілік ететіндігінің белгісі. "Алтын күз - 2018" мерекесі аясында ұйымдастырылған ауыл шаруашылық өнімде­рінің жәрмеңкесіне аудан әкімі Әшім Оразбекұлы арнайы келіп, табан ақы тер төгіп, аянбай еңбек етіп келе жат­қан ауыл тұрғындарын мерекемен құт­тықтап, мол табыс тіледі. Келген қо­нақтар мен кент тұрғындары ел несібесін молайтқан ауылшаруашылық саласының азаматтарына өз алғыстарын білдірді. "Қыстың қамын жазда ойла" дегенді әдетке айнал­дыр­ған қазақ халқы жәрмеңкенің жәрдемімен өз үлесіне қол жеткізді. Отыздан астам өнім түрлері қойылып, 331,1 тонна өнімді саудаға шығарды. Осы ретте аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметіне сүйенсек, жәрмеңкеде 2,4 тонна ет, 266 тонна көкөніс, 40 тонна бақша өнімдері, 7 тонна сүт өнімдері және 5 тонна балық сатыл­ған. Жалпы, биылғы жылы жәрмеңкеде 30 млн. 675 мың теңгенің өнімі саудаға шығарылған. Мерекелі күздің берекелі жәрмеңкесі қызу қарқынмен өткеніне куә болдық. Алтын күздің қуа­ныш сыйлай біл­генін әрбір тұрғынның жылы жүзі­нен  аңғаруға болады.

   

    Қаншама тарихи жолдан сүрінбей өтіп, еліміздің еңбек шамшырақтарын дая­рлауда биіктерден көрініп жүрген Шиелі индустриалды-аграрлық коллед­жіне биыл - 60 жыл.

    Өткенге көз жіберсек, қаншама өшпес іздер, үлкен ағалардың жарқын істері, тарихи жолдары сайрап жатыр. Замана тол­қынымен өткен, ғасырлар қойнауына еніп кеткен ғажап тарихымызды білу, одан кейінгі кешегі жүріп өткен сан тарау­лы жолымызды зерделеу, бүгінгі жарқын өмірімізді сараптай отырып, алдымыздағы кемел келешегімізді бағамдау ғибраттылық болмақ. Бұл қазіргі және өскелең ұрпағымыз үшін де парыз.

    Бүгінде қанаты қатайып, орнын қа­лыптастырған білім ордасының өткеніне көз жүгіртсек, колледж 1958 жылы қараша айында Бәйгеқұм қыстағында №97 ауыл­шаруашылығын механизацияландыру училищесі (УМСХ) болып құрылған. Бүгінгі таңға дейін қаншама рет атауы да өзгертілді.

Сәрсенбі, 17 Қазан 2018 12:12

"Coca-cola" топ басына шықты

| Автор: 

   

     Халық өз таңдауына сүйенеді. Соған сәйкес тауар өндірушілер де сұранысқа сай өнім са­пасын арттырады. "Ха­лық таңдауы" айдарын­да ең көп пікір қал­дыр­ған сусындар сапасы бұл аптаның қорыты­н­дысын шығарды.

     Тәтті сусындар сұра­ныстан еш түспейді. Се­бебі де түсінікті шығар. Шөл қандыратын, ха­лық жиі тұтынатын газ­далған сусындардың таң­даулы 5 түрін тара­зы­ладық. "Coca-cola", "Fanta", "Sprite", "Pepsi", "Holiday" сусындарына халық бір сәтте дауыс берді. Пікірлер де сан қырлы. Сөзсіз, "Coca-cola" сусынын ішетін­дер­дің қатары қалың бол­ды. Бір уақытқа дейін тізім басынан кө­рінген "Coca-cola" сусы­нымен бір қатарда тұр­ған "Fanta" сусын іше­тін­дер де аз болмай шық­ты. Газдалған су­сын­ның зиянын сөз ет­кенімен, таңдау өнім­дер­дің қаншалықты сұ­раныста екенін байқат­ты. 5 өнімнің ішінде "Sprite" пен "Pepsi" қатар түсті. Неге екені белгісіз, газдалған сусынның бес­тігін аяқтаған "Holiday" сусынына пікір қал­дырып, дауыс бергендер жоқ болды. Жалпы, осы аптадағы сауалға 100-ге жуық респондент  дауыс бе­ріп, тең жартысына жуы­ғы өз ойларымен бө­лісті. Демек, ең таң­даулы де­ген сусындар бір-біріне есе жібермеді.

 

   Сусындардың сапасын тексеру мақсат емес. Халық көңіліне ұнаған, сұраныста үнемі болатын "Coca-cola", "Fanta" өнімін аз ғана ұпаймен алға шығып кетті. Демек, халық таңдауы "Coca-cola" деуге толықтай болады. Бір байқағанымыз, "Халық таңдауына" белсенділік танытатындардың қатары қалыңдап барады. Бұл арқылы біз ел ішіндегі тауарлардың сұранысын бағамдау арқылы халық пікірін білуге мүмкіндік аламыз. Ен­деше, келесі аптада ұсынылатын өнімдерге пікір қалдырып, дауыс беріңіз.   

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

    EgovKzBot телеграмм-боты арқылы ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің тізімі тағы екі қызметке толықты. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ іске қосқан бот арқылы бұған дейін 13 мемлекеттік қызмет пен сервис, соның ішінде 7 кең таралған анықтама, әлеуметтік мәртебені тексеру мен базалық зейнетақы төлемінің көлемі туралы ақпарат алу, емханаға тіркелу, дәрігерге жазылу және дәрігерді үйге шақырту, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚО) кезекті брондау қызметтері қолжетімді болған.

   Енді бот арқылы өзіңізге жақын жерде орналас­қан ХҚО туралы біліп, сондай-ақ бала тууға байланысты проактивті қызметтерді алу мүмкіндігі туды. Басқаша айтқанда,  туу туралы куәлікке тапсырыс беру, бала туу бойынша жәрдемақыларды рәсімдеу және сәбиді балабақшаға кезекке қою тіпті жеңілдей түсті.

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C