Министрліктің атын пайдаланған орталықт...

2017-01-20 09:25:49

    Бүгіндері білім саласын биз­нес көзіне теңейтіндер көп. Әсте олай болмауы керек. Себебі білім әу...

100-ДЕН АСА МАМАНДЫҚ ҚЫСҚАРДЫ кәсіптік с...

2018-08-23 12:45:07

       "Жастарды техникалық біліммен қамту төмен деңгейде. Жұмысшы мамандығына баратын жастард...

13 мың шетелдік білім алып жүр...

2018-01-11 03:46:07

   Қазақ жастары құрлық асып, шетел көріп жатса, отандық білімге бет бұрған шетелдік студенттер де а...

123
Қар 14, 2018 602

Банктер бәсекесінде кім бірінші?

Банк бергенше, біз алғанша асықпыз. Бұл банк пен халықты бір арнаға тоғыстарған тәмсіл.…
Қар 14, 2018 444

КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған "Қазақстандықтардың…
Қар 14, 2018 472

КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған "Қазақстандықтардың…
Қар 14, 2018 383

ҮЛГІСІ ОРТАҚ ҮЛГІЛІ ОТБАСЫ

Қара халық қазыналы деп бағалаған Қазалы жерінде бір әулетте 22 адам ұстаздық қызметтің…

Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:

   

   Латын графикасына көшу, әліппенің нұсқасын әзірлеуге қа­тысты қоғам наразылығы саябыр­сыған сыңайлы. Қоғам белсенділері мен тіл мамандарының ортақ тақы­рыбына айналған латын әліпбиіне көшуде бірқатар кемшіліктер бары аз айтылған жоқ. Талай хабар, мін­берде оқылған баяндама, газетке басылған мақалалар жаңа әліпбиге қатысты ойларды сан-саққа жүгірт­ті. Әйткенмен, Елбасы бекіткен соң­ғы нұсқа көптің ықыласына бі­рінші кездегідей әсер ете қоймады. Прези­дент пәрмен берді дегесін бе, ми­нистр­лер де алашапқын болып, ла­тын әліпбиіне көшуді мемлекеттік бағдарламаға енгізуге асықты. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жаңа әліпбидің практи­ка­сын балабақшада отырған балдыр­ған­дардан бастау керек деп ой тастап, білімнің бағдарламасын жа­сауға бел шешті. Өзге де министрлік өкілдері қарап қалған жоқ. Жыл ортасында тағы бір министрлік студенттерден алдын-ала дайындық болсын деген ойдың жетегінде дик­тант ала бастаған-ды. Алайда, тіл мамандары жаңа әліпбидің емле-ережесі бекітілмей жатып мемле­кеттік деңгейдегі науқаншылдық шараларды өткізу бекершілдік деп бір-ақ қайырды.

   Әлбетте, латын әліпбиіне көшуге тиіспіз. Мұның тиімділігін де уа­қы­тында тіл мамандары мен жауаптылар айтқан-ды. Уақыт оздырмаудың жолына кіріскен БАҚ құралдары да латынша ақпарат жазудың әліппесіне кірісті. Газеттер айқарма беттерге латынша айдарлар ашса, телеарналар арна атауын латынша жаза бастады. Мемлекеттік органдардың ресми атауы да латын тілінде ілінеді деген ақпарат та желдей есті. Бірақ барлық аймақ түгел көшті деуге әлі ерте. Жа­қында ғана елтаңбадағы жазу да латын әліпбиінде таңбаланып, жаңа нұсқасы жарыққа шықты. Демек, латын әліп­биіне сатылап көшу уақыт қажетті­лігімен үндесіп жатыр. Дегенмен қоғам талқысына түскен тақырып қайта көтерілгендей. Оған себеп 14 қараша күнгі жалпыхалықтық диктант алу бастамасы.

   

   Қуаныш Шонбай есімі бүгінде бизнес саласында "Екінші болма" ұғымымен жақсы таныс. Екі жарым жылда 10-ға жуық ресторан ашып, бизнестің биігіне шыққан Қуаныш Шонбайдың тәжірибесінен туған ойлары бүгінде көп жасты бизнеске тартуда. Осы себепті де біз кәсіпкердің жақында жарыққа шыққан "Екінші болма" атты кітабынан үзінді келтіріп, оқырманға ұсынуды дұрыс көрдік.

   1. Маған кәсібін енді бастап жатқан, не ісі бар кәсіпкерлер бизнес туралы, оның ішінде маркетинг туралы сұрақтарымен көп келеді. Әрине, бәрі барлық проблемаларын шешетін қарапайым сөздер мен фразаларды күтеді. Шындығында маркетинг - буклеттердегі сиқырлы лозунгтер емес немесе бизнестегі құпия трюк, компьютердегі жасырын программа емес. Бұл ең алдымен өз қолданушыларыңның қажеттілігін түсіну, сол қажеттілікті өтеу, олар­ға жақсы өнім беру жолындағы тынымсыз еңбек.

   2. Егер көп ақша тапқың келсе, көп ақша табатын адамдарға қарап, солар сияқты киін. Егер бизнесіңді дамытқың келсе, өзіңнен қымбат бизнестерге қара. Солар істегенді істе. Сырт келбетің олардан кем түспеуі керек. Өйткені, сырт келбет адамның эмоцияларын тудырады. Біз алдымен көзбен ұнатамыз. Тамақ алдымызға келгенге дейін-ақ бұл дәмхана екінші рет келетін-келмейтінің жайында шешім қабылдайсың.

   

   Кез келген кәсіпкер өз жұмысына білікті де тәжірибелі маманды тартқысы келеді. Ал, дипломды енді ғана қолына ұстаған жас маман талаптың бастауында тұрған тәжірибенің жоқтығынан жұмыссыз қалады. Себебі жас маман тәжірибе алаңында шыңдалған жоқ, нақтысы оған оқу орны жағдай жасаған жоқ. Бұл - гуманитарлық саладағы басты түйткілдің бірі. Алайда, жұмысшы мамандары үшін кәсіпорынға қызмет қылу, тәжірибе жинақтау әлдеқайда жеңілірек. Себебі кәсіптік салада білім алатын жастардың басым бөлігі оқуын бітірмей-ақ, маман болуға машықтанады. Білім орнында алған білімін практикамен ұштайды. Құрылысшы мамандығында оқитындар қолына қалақ ұстап, кірпіш қалайды. Ағаш ұсталары ағаштарды жаңқалап, әртүрлі жиһаз жасайды. Құбырларды бір-біріне дәнекерлеуді де осы колледж қабырғасынан үйренеді. Демек, техникалық колледждерде білім алатын бала кәсіпорындарға істің көзін танып барады.

   Қыз балалар да бизнес бастау­дың әліппесін үйреніп кетеді. Аспазшы мамандығында оқи жү­ріп, түрлі тамақ өнімдеріне маман­данады. Ірі сервистік нысандарға шақырту алуға мүмкіндік алады. Шаштараз өнеріне мойын бұрған­дар халыққа қызмет көрсетудің жолына қадам басады. Яғни, жұ­мысшы мамандығын меңгеруге асыққан жастарда бос қиял емес, айқын бағыт бар. Бірақ, мұның бәрі білім алуға ниеттенген жастың ізде­нісі мен талпынысына тіреледі. Де­генмен жұмысшы ма­ман­дығында оқитын студент­тердің бәріне бірдей жұмыс табыла бермей­ді. Ол үшін практикалық алаңның қажеттілігі айқын сезіледі. Осы үшін де жыл сайын аймақтарда кәсіптік сала қызметкерлері мен бизнес ие­леріне арнап еңбек форумы ұйымдас­ты­рылады.

  

   "Кәсіптік сала қыз балаға қол емес" деген біржақты пікір осы салада маман даярлап, жұмысшы мамандығының машақатына берілген жандарға қарата айтылмаған сынды. 30 жылын кәсіптік салаға, оның ішінде дәнекерлеуші мамандығына арнаған, маман даярлау ісінде өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан Ниякүл Нәбиқызының жұмысшы мамандығына қатысты өз айтары бар. Ұстаз бүгіннің престиж мамандығынан бас тартып, сұраныстан түспейтін кәсіптік сала иелеріне бағыт-бағдар беруде жүйенің дұрыстығы қажет деген қағиданы ұстайды.

   - Ниякүл Нәбиқызы, дәнекерлеуші мамандығы кез келген қыз­дың жүрегі дауаламайтын сала. Сіз бұл мамандыққа кімнің ықпалымен түстіңіз?

    - Мені ешкім жетелеп осы салаға апарған жоқ. Бала кезден қа­лыптасқан ер мінезділігімнен шы­ғар, осы дәнекерлеуші (сварщик) маманы болуды жаныма жақын деп таныдым. Бастапқыда әкем қарсылық танытқанын жасырмаймын. Менің бағытымның дұ­рыс екеніне көзі жеткесін келі­сі­мін берді. Мен кәсіптік салаға 1979 жылы келгенмін. Мектеп оқып жүргенде Бақытбек Садықұлы деген ағамыз мамандыққа кәсіби бағдар жасап, мені қызықтыра кетті. Сөйтіп оны 3 жыл оқы­ғаннан кейін жолдамамен Қарағанды индустриалды педагогикалық техникумын "Пісіру өндірі­сінің технологиясы" мамандығында білім алдым. Өндірістік оқыту шебері, техник-технолог біліктілігін алып, 1986 жылы Қызылордаға келіп, осы коллежде қызметке кірістім. Еңбек жолымды арнаулы пән оқытушысы ретінде бастап, бүгінде тәрбие бағытында тер төгіп, директордың орынбасары қызметін атқарып жүрмін. Әрине, мен тәртіпке жете мән беремін. Себебі нақты жұ­мысшы маманын даярлау тек құр теорияны айтып, кешке дейін уақыт өткізіп қайтуды көтермейді. Өзім білім алған кезде ұстаздарымыз теориядан гөрі практикаға жақын болуды талап етті. Көзбен көріп, қолмен ұстап, құрал-жабдықтарды көргеннен кейін баладан осыны талап етемін. Соның арқасында болар дәнекерлеуші-пісіруші мамандары "Ниякүл апайдың" шәкірттеріміз деп үнемі айтып жүретін көрінеді. Тіпті маған еліктеп, колледжге сварщик боламын деген қыздар да келген.

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C